Өзендердің шаруашылықтағы пайдасы
Сабақ тақырыбы
Өзендер, көлдер және тоғандар.
Білімділік мақсаты
Өзендер, көлдер және тоғандар туралы, олардың айырмашылығы мен шаруашылықтағы пайдасы туралы түсінік қалыптастыру. Қазақстандағы негізгі өзендер мен көлдермен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, салыстыра білуге үйрету, өз ойын дәлелдеп айту дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты
Табиғатты тануға қызығушылықты арттыру, суды қадірлеуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу.
Сабақ типі
Аралас сабақ.
Сабақ әдістері
- Тест тапсырмалары
- Ауызша баяндау
- Сұрақ-жауап
- Картамен «саяхат»
- Венн диаграммасы
- Мақал-мәтел мағынасын ашу
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Үлестірмелі материалдар
- Қазақстанның физикалық картасы
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқу құралдарын дайындау.
- Бағалау парақшаларын тарату.
- Топ басшыларын сайлау.
Психологиялық сәт
Жақсылыққа, бақытқа талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос, бауыр — болмасын еш тосқауыл!
Топқа бөлу
- Зат есім
- Сан есім
- Сын есім
- Етістік
Тілек айту
Достығы жарасқан, бәріміз бір болсақ — сыйлы біз баламыз.
Бәрін де жеңеміз: келісіп бәрімен, күндей боп күлімдеп.
Татулық табамыз, таудай боп өсеміз.
II. Білу: үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: жауын-шашын, жер асты суы, құдық. Тексеру түрі — тест тапсырмалары.
-
Судың үш түрлі күйі:
Сұйық, қатты, бу.
-
Су өткізбейтін жер асты қабаты:
Саз.
-
Жауын-шашын түрі:
Бұршақ.
-
Жаңбыр бұлтына айналатын бұлт түрі:
Будақ бұлт.
-
Құдықтың тереңдігі:
Су қабатының орналасуына байланысты.
III. Түсіну және талдау: жаңа материал
Топтық жұмыс тақырыптары
1-топ
Өзен
2-топ
Көл
3-топ
Тоған
4-топ
Суды қорғау
Оқушылар білгендерін парақшаға жазады, кейін ортақ талқылау жүргізіледі.
Жұмбақтар
Келеді алыстан, ашулы арыстан.
Жауабы: Өзен
Ауыл сыртында сайда, жатыр үлкен айна.
Жауабы: Көл
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқушылар кезекпен оқиды. Мұғалім мазмұнын талдатып, негізгі ұғымдарды нақтылап, толық түсінік береді.
Негізгі мақсат
Өзен, көл, тоған ұғымдарын ажырату және олардың табиғат пен шаруашылықтағы рөлін түсіну.
Өзендер
- Өзеннің негізгі бөліктері: жылға, бастау, сала, саға.
- Жазықтағы өзендердің ерекшелігі.
- Таудағы өзендердің ерекшелігі.
- Өзендердің шаруашылықтағы маңызы.
Көлдер және тоғандар
- Көлдердің көлеміне қарай түрлері.
- Көл ұғымы және негізгі белгілері.
- Көлдердің тұщы және тұзды болуы, шаруашылықтағы пайдасы.
- Жасанды көлдер және тоғандар.
Картамен «саяхат»
- Картада өзендер мен көлдердің қандай түспен берілетінін еске түсіру.
- Теңіздер мен көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан.
- Балқаш көлінің ерекшелігін талқылау.
- Өзендер: Жайық, Сырдария, Есіл, Ертіс, Іле.
IV. Қолдану
1-топ: Өзен мен көлді салыстыру
Ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.
2-топ: «Су анасы — бұлақ»
Мәтелдің мағынасын ашып, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
3-топ: Суды қорғау жолдары
Суды үнемдеу және ластанудан сақтау бойынша нақты ұсыныстар айту.
4-топ: Мақал-мәтелдер жинақтау
Су, табиғат, еңбек тақырыбындағы мақал-мәтелдерді жинап, мағынасын қысқаша түсіндіру.
V. Жинақтау
Оқушылардың меңгерген білімін бекіту үшін сәйкестік тесті алынады.
VI. Сабақты қорытындылау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар сабақтың екі ұнаған тұсын және бір ұсынысын айтады. Топтар арасындағы белсенді оқушылар анықталады.
Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсерін смайликтердің астына жапсыру арқылы білдіреді.
VII. Бағалау
Топ басшылары өз тобындағы оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалайды.
VIII. Үй тапсырмасы
- «Өзендер, көлдер және тоғандар» тақырыбын қайталау.
- «Суды қорғау» тақырыбы бойынша әңгімелеуге дайындалу.