Шаханов - ақын
Сабақтың тақырыбы
«Достық өлкесінің заңы»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өлеңді өмірмен байланыстыра отырып, оның мазмұнын меңгерту. Өлеңдегі ізгі қасиеттерді танытып, оқушылардың сол қасиеттерді өз бойынан байқай білуіне бағыт беру. Достық туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық
Мәнерлеп оқу мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды адалдыққа және шыншылдыққа тәрбиелеу. Өзімшілдік, менмендік сияқты жағымсыз әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі мен типі
- Типі
- Жаңа сабақты меңгерту
- Түрі
- Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Интерактивті әдіс
- Алгоритмдік кесте
- Топтық жұмыс
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Плакаттар
Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі
- Дүниетану
- Бейнелеу өнері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Көктем мезгілін бейнетаспадан көрсетіп, бүгінгі күнге жылылық тілеп сабақты бастаймыз.
I топ
Біз өзімізге және барлық адамдарға бақыт пен денсаулық тілейміз.
II топ
Біз барлық елге тыныштық тілейміз.
III топ
Күн сәулесі нұрын шашып тұрсын!
Жаңа сабақ
Балалар, қазір өзімізді сурет көрмесінде жүрміз деп елестетейік. Сурет көрмесіне барып көрдіңдер ме? Онда не болады? Әдетте көрмеде атақты суретшілердің еңбектері қойылады.
Сұрақтар
- Сурет көрмесінде қандай туындыларды кездестіреміз?
- Қазақтан шыққан қандай суретшілерді білесіңдер?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)
Автор туралы
Интерактивті тақта
М. Шахановтың портреті және қысқаша өмірбаяны көрсетіледі.
Мұхтар Шаханов — ақын. 1942 жылдың 2 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолы
«Лениншіл жас» газетінде меншікті тілші болды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында хатшылық қызмет атқарды. «Жалын» журналының бас редакторы болды.
Қоғамдық қызметі
КСРО халық депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының халық депутаты.