Қасым Аманжолов өлеңіЖАННААртқа тастап алтыны, Жанна жетті жетіге
Қасым Аманжолов өлеңі
ЖАННА
Артқа тастап алтыны,
Жанна жетті жетіге.
Жазды бастап А , Б - ны,
Бірді қосып екіге.
Нажағайдай жалт беріп,
Жарқылдайды жанары.
Санасына тап келіп
Әрбір ойдың хабары.
Саусағымен сырғытып,
Қайырады кекілін.
Жанна біздің жүр күтіп
Келер күнін жетінің.
Талпынады асығып
Жетіге тез жетпекке.
Жақсы сумка асынып,
Барамын, – деп, – мектепке .
Қай мектепке барады,
Кім болғысы келеді?
Сәл түйіліп қабағы,
Соны ойлай береді.
– Артис болам, ән салам,
Апа, папа, кел! – дейді.
– өзім шығып қарсы алам,
Билетсіз - ақ ен! – дейді.
– Дәрігер болам, дәрімді
Көп - көп етіп қойдырам.
Апа, мама, бәріңді
Аспиринге тойдырам.
– Аралаймын көп қала,
Ұшқыш болам мен! – дейді.
Бәрі болам тек қана
Ақын болғым келмейді...
– Кім болсаң да ер жетші,
Шықшы өмір төріне.
Қызығыңды көрсетші,
Ата - анаңа, еліңе!
1948ж,
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары
Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығы
Қасиетті Қарқаралы
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Шығыс Қазақстандағы өндіріс орындары: тарихы және даму барысы
Қазақ кеңес прозасындағы замана шындығы. Алғашқы қазақ романдарының көркемдік ерекшеліктері
Қaсым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы
Қасым Аманжолов
Телевидение және ұлттық идеология
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
ҚАСЫМҰЛЫ КЕНЕСАРЫ ХАН
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.
Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімі
Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы
Мемлекеттік бюджеттің салықтары мен төлемдері .