Тау жолы
Сабақтың мақсаты
- Негізгі мақсат: сын есім туралы түсінік қалыптастыру.
- Білімділік: сын есімді ажырата білуге үйрету, түрлері мен ерекшеліктерін ұғындыру.
- Тәрбиелік: адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: тіл байлығын, ой-өрісті, есте сақтау қабілетін және сабаққа қызығушылықты арттыру.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Сабақтың типі
Жаңа материалды игерту
Әдістері
Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Көрнекілігі
Тірек-сызбалар, суреттер, Венн диаграммасы, слайдтар
І. Ұйымдастыру
Тіл туралы шумақ
Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені —
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Сабаққа дайындық
Оқушылардың құрал-жабдықтарын, сабаққа дайындығын қадағалау.
Жұмбақ
Қар жауып, аяз болып, күн тез суытады. Айнала аққа жамылып, бұл қай кезде болады?
ІІ. Жаңа сабақ: Сын есім
Жетелеуші сұрақтар
- Мәтін бойынша қандай сұрақтарға жауап беретін сөздер бар?
- Олар қазақ тілінде қай сөз табына жатады?
Анықтама
Сын есім — заттың сынын, сапасын, түр-түсін, көлемін және басқа да белгілерін білдіретін сөз табы.
Сын есімге қойылатын сұрақтар: қандай? / қай?
Сын есімнің түрлері
Тұлғасына қарай
Негізгі сын есім
Түбір күйінде қолданылатын сын есім.
Мысалдар: әдемі, жасыл, ащы
Туынды сын есім
Жұрнақ арқылы басқа сөзден жасалған сын есім.
Мысалдар: өнерлі, көңілді, білімді
Құрамына қарай
Дара сын есім
Бір ғана сөзден тұрады.
Мысалдар: көк, үлкен
Күрделі сын есім
Екі немесе одан да көп сөзден тұрады.
Мысалдар: қып-қызыл, лимон-сары
Мысал: заттың белгілерін сипаттау
Лимон
сары, қышқыл, сопақша
Алма
қызыл, тәтті, домалақ
Жаттығулар
1-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқу
- Өлеңнен сын есімдерді табу.
- Олардың қайсысы туынды, қайсысы негізгі екенін айту.
Негізгі сын есімдер
көк, кең, егемен
Туынды сын есімдер
атақты, жемісті, шың-құзды, жеңісті, жайдарлы, өрісті
2-жаттығу
Жұмбақпен жұмыс
- Жұмбақты шешу.
- Сын есімдерді табу және олардың заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айту.
3-жаттығу
Мәтінмен жұмыс
«Тау жолы» мәтіні
Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар — геологтар. Олар тау-тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.
- Мәтінді көшіріп жазу.
- Сын есімдердің астын сызу.
- Негізгі және туынды сын есімдерді ажырату.
4-жаттығу
Сәйкестендіру
Берілген сын есімдерге сәйкес келетін затты тап.
Шаш
қалың, ұзын, бұйра, қысқа
Бөлме
кең, биік, жарық
5-жаттығу
Түсіп қалған сөздерді орнына қою
Тәртіпті бала — сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала — күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс, айқай-шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың.
Тапсырма: түсіп қалған сөздерді табып, тиісті орнына қой.
ІІІ. Шығармашылық жұмыс
Оқушылар бір-біріне сын есімдерді қатыстырып, шағын мінездеме жазады.
Нұсқаулық
- Кемінде 5 сын есім қолдан.
- Сипаттамада адамның мінезі мен іс-әрекетін көрсет.
IV. Бекіту сұрақтары
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Сын есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
- Негізгі сын есім дегеніміз не?
- Туынды сын есім дегеніміз не?
V. Қорытындылау
Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үй тапсырмасы
Сын есім тақырыбы бойынша 6-жаттығу.