Сөз өнері - киелі өнер
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын аудару, сәлемдесу.
Сәлемдесу өлеңі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
II. Кіріспе сөз
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Туған тілім — тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Мемлекетіміз — Қазақстан Республикасы. Жер көлемі кең, өз Әнұраны, Елтаңбасы, Туы және Ата Заңы бар тәуелсіз ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.
Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз республика болып жарияланды. 1989 жылдың 22 қыркүйегінде Жоғарғы Кеңес қабылдаған «Тіл туралы» заңға сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. 22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып өтеді.
Негізгі ой
Тіл — ұлттың тірегі, елдіктің белгісі.
Түйін
Ана тілін ардақтау — өткенді құрметтеу, болашаққа жауапкершілікпен қарау.
III. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт
Ертеде тілге жүйрік, шешен бір қария өмірден өтерінде ұлына былай деп өсиет айтыпты:
Қарияның өсиеті
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған қалдырған мол қазынам бар. Соны тауып, қадіріне жет».
Бала сол қазынаны таба алмай, шаршап-шалдығып, ауылдың абыз ақсақалдарына мұңын шағады. Сонда дана қарт тыңдап болып:
Дана қарттың жауабы
«Әке баласына өтірік айтпас. Ақтық демінде шындықты айтқан. Әкең өте шешен еді. Оның саған қалдырған мол мұрасы — қасиетті тіл. Біз сөздің дәмін келтіріп сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра бар ма?!»
Талқылауға сұрақ
«Тіл — ең қымбат қазына» деген пікірмен келісесіңдер ме?
Жауап
Иә, өйткені тіл — ең алдымен қарым-қатынас құралы.
Тереңдету
Тіл — ойдың айнасы. «Тілі байдың — ойы бай» деуі де сондықтан.
Оқушылардың тақпақтары
Жанымнан қымбат —
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі-өнеге аламын.
Ана тілім — анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам —
Жарқыраған жаным.
Ана тілім — елдігім,
Ана тілім — ерлігім.
Тілді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін.
Ана тілім — тірегім,
Ана тілім — жүрегім.
Қасиетті елімді
Тек өзің деп білемін.
Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
Тәуелсіз ел ана тілін ардақтап,
Тәуелсіз ел ана тілін ту етсін.
Тілім барда мақтанам,
Тілім — менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілін сақтаған.
Мұғалімнің сөзі
Жастайыңнан қиялыңды қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жыры, береке-бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы — мақал-мәтелдер: бәрі де ана тілінде дүниеге келіп, әр адамға сол ана тілі арқылы жетеді.
Тіл тазалығы — ана тілдің сөзін басқа тілдің сөздерімен шұбарламау.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты —
Ақ сүтіндей ананың.
Ана тілі — дана тілім, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
IV. «Кім шапшаң?»
Ойын шарты: мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
11-оқушы
- Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ.
- Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
- Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
- Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.
- Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
- Тіл қадірін білмеген — жетесіз.
12-оқушы
Ақыл көркі — тіл, тілдің көркі — сөз. Сөз өнері — киелі өнер.
13-оқушы
Өнер алды — қызыл тіл. Әдептің басы — тіл.
Ана тілің — біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің — біліп қой,
Мақтанышы еліңнің.
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені —
Болашағым, бақытым — дара тілім.
Ана тілім — ар тілім,
Жанардағы жарқылым.
Жүрегімде сақталған
Ән-жыры боп халқымның.
V. «Ойлан, тап!»
Берілген сөздерден мақал құрастыру:
Нәтиже
Оқушылар сөздерді мағыналық байланысына қарай реттеп, мақалдың дұрыс нұсқасын құрастырады.
VI. Жұмбақ жасыру
Тіл, сөз, білім және мәдениет тақырыптарына байланысты жұмбақтар жасырылады.
VII. Қорытынды
Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат сыйлайтын да, ой-сана қалыптастыратын да — сөз. Ана тілін ұмытқан адам өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Даналық сөздердің барлығы бізге тіл арқылы жетеді. Ендеше, тілімізге деген құрметіміз шексіз болуы керек.
Оқушылар хормен
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.