Дастарханды жабдықтай отырып, сулықтарды бүктеу тәсілдерін үйрену

ШҚО, Үржар ауданы, Келді-Мұрат ауылы

Благодарное орта мектебі • Технология пәні

Мұғалім: Камен Әбілхайдарқызы Құрманова

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Дастарханды жабдықтау барысында сулықтарды бүктеу тәсілдерін үйрену.

Дамытушылық

Оқушының алған білімін өз бетінше қолдана алу қабілетін дамыту, нәзік икемділік пен ептілікті қалыптастыру.

Тәрбиелік

Тазалыққа, ұқыптылыққа, жоғары эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Көрнекілік және құрал-жабдықтар

  • Плакаттар
  • Сулықтардың түрлері
  • Дастархан
  • Шай және ыдыс-аяқтар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа даярлығын тексеру.

2) Өткен сабақты қайталау

Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін пысықтау:

  1. 1 Асханалық ыдыстар қызметіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
  2. 2 Асханалық құралдар неше топқа бөлінеді?
  3. 3 Дастарханды қалай жабдықтаймыз?
  4. 4 «Дастарханды жабдықтау» дегеніміз не?
  5. 5 Шайды қалай дұрыс демдейміз?

Жаңа сабаққа кіріспе

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын негізгі ережелерді еске түсіреміз:

  • Техника қауіпсіздігі ережелері.
  • Тазалық талаптары.
  • Дастархан басында дұрыс отыру мәдениеті.

Жаңа сабақ: сулық және дастархан мәдениеті

Сулықтар тек тазалық үшін ғана емес, дастархан мәдениетін сақтауға да көмектеседі. Әдемі бүктелген сулықтар дастарханға мерекелік көрік береді.

Сулықтардың түрлері

  • Қағаз сулық — сорғыш қағаздан жасалған, бір рет қолданылатын түрі.
  • Мата сулық — тігілген, өрнектелген немесе кестеленген; жуып, крахмалдап, үтіктеп қайта қолдануға болады.

Бүгінгі тәжірибе: 5 бүктеу тәсілі

Бүгін біз сулық бүктеудің бес әдісін меңгереміз. Әр тәсілдің технологиясымен танысып, сарамандық жұмысты орындаймыз.

  • 1) Шам

  • 2) Гүл

  • 3) Көбелек

  • 4) Құс қанаты

  • 5) Қайық

Сарамандық жұмыс

  • Оқушылар бүктеу тәсілдерінің бірін таңдап, сулықты өз бетінше бүктейді.
  • Ең ұқыпты әрі әсем жасалған сулық таңдалып, дастарханды жабдықтауда қолданылады.

Жаңа тақырыпты бекіту

  1. 1 Сулықтар не үшін қажет?
  2. 2 Сулықтардың қандай түрлерін білесіздер?
  3. 3 Бүгін неше бүктеу тәсілін үйрендіңіздер? Атауларын айтыңыздар.

Қорытынды

Сабақ қорытындыланып, оқушылардың жұмыстары талданады.

Оқушыларды бағалау жүргізіледі.