Microsoft Office Word құжаты терезесі элементтерінің атауларын жақтауға енгізу

Microsoft Office Word бағдарламасына кіріспе

Бұл материал Microsoft Office Word бағдарламасын іске қосу, интерфейсімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, ашу және құжатты пішімдеу бойынша бастапқы дағдыларды қалыптастыруға арналған.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Интерактивті сабақ

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Буклеттер, карточкалар, кеспе қағаздар
  • Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар, оқулық

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Word-ты іске қосу, терезе элементтерімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу және пішімдеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Есте сақтау мен зейінді дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бастау
  • Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
  • Психологиялық дайындық (логикалық сұрақ арқылы): «4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады?»

Жауабы: бөлшек таңбасы — 4,5.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Практика

Электронды оқулық арқылы тапсырмаларды орындау.

  1. 1-тапсырма: Басқару тақтасын (Control Panel) іске қосу жолын көрсетіңіз.

    Пуск → Настройка → Панель управления

  2. 2-тапсырма: Іске қосу мәзірі арқылы жұмыс үстелін баптауды шақырыңыз.

    Пуск → Настройка → Панель управления → Экран

  3. 3-тапсырма: Жанама мәзір арқылы жұмыс үстелін баптауды шақырыңыз.

    Жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басыңыз → Свойства таңдаңыз → ашылған терезеден Рабочий стол бөліміне өтіңіз.

  4. 4-тапсырма: Жұмыс үстелінің фонын (қойылымын) ауыстырыңыз.

    Қолайлы фонды таңдаңыз → ПрименитьOK.

  5. 5-тапсырма: Іске қосу мәзірі арқылы Іздеуді шақырыңыз.

    Пуск → Найти → Файлы и папки

  6. 6-тапсырма: «Менің компьютерім» бөлімін вирусқа тексеріп, табылған вирустарды жойыңыз.

    «Менің компьютерім» белгішесін таңдаңыз → оң жақ батырма → Проверить на вирусы → нәтижесінде Удалить.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Теория + әрекет

Microsoft Office Word — мәтінді енгізуге, өңдеуге (редакциялауға), пішімдеуге және баспаға шығаруға арналған мәтіндік процессор. Сондай-ақ құжатқа сурет, кесте, диаграмма кірістіруге және орфографиялық, грамматикалық қателерді түзетуге мүмкіндік береді.

Word бағдарламасын іске қосу

  1. 1Пуск → Программы → Microsoft Office → Microsoft Office Word
  2. 2Пуск мәзіріндегі Microsoft Office Word белгішесін шерту
  3. 3Жұмыс үстеліндегі Word жарлығын шерту

Құжатты жабу

  1. 1Файл → Выход
  2. 2Терезедегі (X) батырмасын басу
  3. 3Alt + F4 пернелер тіркесімі

Құжатты сақтау

  1. 1 Құжатты алғаш рет сақтау үшін Файл → Сохранить как командасын орындаңыз. Ашылған терезеде файл атауын беріп, қажет болса буманы немесе дискіні таңдаңыз.
  2. 2 Құралдар тақтасындағы Сохранить батырмасы арқылы.

Ескерту: әдепкіде Word құжаттарына .doc кеңейтімі беріледі. Кез келген батырманың қызметін білу үшін меңзерді батырманың үстіне апарып, қысқаша сипаттамасын (tooltip) қараңыз.

Стандартты құралдар тақтасы (негізгі батырмалар)

  • Жаңа құжат құру
  • Құжат ашу
  • Соңғы әрекетті болдырмау
  • Құжатты сақтау
  • Көшіру (буферге)
  • Қою (буферден)

Пішімдеу тақтасы (мәтінді безендіру)

  • Қаріп (Font) және қаріп өлшемі
  • Жартылай қалың (Bold), курсив (Italic), асты сызылған (Underline)
  • Туралау: сол жақ, орта, оң жақ, ені бойынша

(Оқулықта батырмалардың суреттері көрсетіледі.)

Электронды оқулықпен орындалатын тапсырмалар

  1. 1-тапсырма: Microsoft Office Word бағдарламасын іске қосыңыз.

    Пуск → Все программы → Microsoft Office Word

  2. 2-тапсырма: Ерекшеленген аймақтағы мәтінді алып, оны сақтаңыз.

    Файл → Сохранить → ашылған терезеде Сохранить.

  3. 3-тапсырма: Word терезесі элементтерінің атауларын жазыңыз.

    Пішімдеу тақтасы, стандартты тақта, мәзір жолағы, тақырып жолағы, сызғыш, күй жолағы, айналдыру жолағы, тапсырмалар аймағы.

  4. 4-тапсырма: Microsoft Office Word құжатын ашыңыз.

    Файл → Открыть → ашылған терезеде Открыть.

  5. 5-тапсырма: Стандартты құралдар тақтасынан сәйкес батырмаларды табыңыз.

    • Мәтін үзіндісін көшіру
    • Емле тексеру параметрлерін баптау
    • Ағымдағы құжатты сақтау
    • Буферден мәтінді кірістіру
    • Жаңа құжат жасау
    • Мәтін үзіндісін қиып алу
    • Сақталған құжатты ашу
    • Соңғы әрекетті болдырмау
    • Мәтінді газет бағандарына бөлу
  6. 6-тапсырма: Пішімдеу тақтасы арқылы мәтінді жартылай қалың етіңіз.

    Пішімдеу тақтасындағы Жартылай қалың (Bold) батырмасын басыңыз.

  7. 7-тапсырма: Мәтінді ортаға туралаңыз.

    Пішімдеу тақтасындағы Ортасы бойынша (Center) батырмасын басыңыз.

Деңгейлік тапсырмалар (мәтінмен жұмыс)

Барлық деңгейлер үшін: қаріп — Times New Roman, мөлшері — 14.

1-деңгей

Ортасы бойынша

Тақырыпты қызыл, мәтінді көк түспен жазыңыз.

Адам туралы

Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл-ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір-бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл-ойы, сана-сезімі, істеген ісі ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

2-деңгей

Оң жақ шеті

Тақырыпты көк, мәтінді жасыл түспен жазыңыз.

Ұяттылық туралы

Парасатты адамдардың бойында өздерінің кем-кетік жақтарын сезіну қабілеті туа біткен. Яғни, табиғат бізге сол кем-кетігімізді білу үшін ұялу сезімін берген. Ұят кейде заңдар шектемеген нәрселерді де шектейді. Адамдар алдында ұялу — жақсы сезім, бірақ ең жақсысы — өзіңнен-өзің ұялу: ұят болар нәрсеге бармау, істемеу.

3-деңгей

Ені бойынша

Тақырыпты сары, мәтінді қызыл түспен жазыңыз.

Адамның асыл қасиеттері

Ұлттың басты байлығы — халықтың асыл қасиеттері. Әкенің баласы болма, адамның баласы бол. Халық үшін еңбек ет. Өзің үшін ғана өмір сүру — озбырлық. Мал үшін таласпа, ар үшін талас. Адамның ең асыл қасиеті — жақсылық.

«Адасқан әріптер» тапсырмасы

Әріптері орын ауысқан сөздерді тауып, табылған сөздерді дәптерге жазыңыз.

Берілген Дұрысы
тіндікмә орецссорпр мәтіндік процессор
қырыпта лыжо тақырып жолы
нюме ылжо мәзір жолы
шімдеупі пішімдеу
ріпқа қаріп
шермөл мөлшер
райтқатылған қарайтылған
сайғантылқи қисайтылған
тыас зылғансы асты сызылған
зацаб абзац

IV. Сабақты бекіту

Тест

Тест тапсырмалары (дұрыс жауап белгісімен көрсетілген):

  1. 1) Мәтіндік редактор — программасы не үшін берілген?

    • ★ A) Мәтіндік ақпаратты құру және редакциялау
    • B) Ойын программаларын құру барысында кескінмен жұмыс істеу
    • C) ДК ресурстарын басқаруда құжат құру
  2. 2) Мәтіндік редактордың негізгі функцияларына мыналар жатады:

    • A) Көшірмелеу, ауыстыру, мәтін фрагменттерін сұрыптау және жою
    • ★ B) Мәтінді құру, редакциялау, сақтау және басып шығару
    • C) Мәтінді дұрыс жазуды қатаң сақтау
  3. 3) Меңзер (курсор) — бұл:

    • A) Мәтіндік ақпаратты енгізетін құрылғы
    • B) Пернетақтаның пернесі
    • ★ C) Енгізілетін символ позициясын көрсететін экрандағы белгі
  4. 4) Мәтінді тергенде бір сөз екінші сөзден не арқылы ажыратылады?

    • A) Нүкте
    • ★ B) Бос орын
    • C) Үтір
  5. 5) Компьютер көмегімен мәтіндік ақпаратты:

    • ★ A) Сақтауға, алуға және өңдеуге болады
    • B) Тек қана сақтауға, бейнелеуге болады
    • C) Тек қана сақтауға болады
  6. 6) Word-та мәтіннің бір жолын белгілеу үшін:

    • ★ A) Курсорды жолдың басына жылжытып, тінтуірді бір рет шертеміз
    • B) Мәтіннің кез келген жерінде тінтуірді бір рет шертеміз
    • C) Tab пернесін басу арқылы
  7. 7) Қаріп өлшемін таңдау қай құралдар тақтасында орналасқан?

    • A) Стандартты
    • B) Стандартты және пішімдеу
    • ★ C) Пішімдеу
  8. 8) Word-та файл әдепкіде қандай кеңейтіммен сақталады?

    • ★ A) doc
    • B) wor
    • C) dos

V. Үй тапсырмасы

Үйде
  • Жұмыс дәптеріне жазылған сөздерге анықтама жазу.
  • Оқулықтан «Microsoft Office Word бағдарламасына кіріспе. Microsoft Office Word-пен танысу» тақырыбын оқу.

VI. Бағалау

Қорытынды

Оқушылар сабақ барысында дұрыс жауаптарына қарай берілген белгішелер арқылы бағаланады.

Автор туралы мәлімет

ОҚО, Түркістан қаласы, №14 жалпы орта мектебі. Информатика пәнінің мұғалімі: Сәрсенбаева Гүлмира Мұратовна.