Сабақта Күліп тұрған күн алған балаларды мадақтау
Сауат ашу
Тақырыбы
В дыбысы мен әрпі
Түрі мен әдісі
- Түрі: жаңа сабақ
- Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
- Балаларды В дыбысы және В әрпімен таныстыру.
- В дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, буынға бөлдіру.
- Әріптің баспа түрін дұрыс әрі көркем жазуға дағдыландыру.
- Сурет арқылы ойды жүйелі жеткізіп, әңгімелей білуін дамыту.
- Адамгершілік қасиеттерін, білімге қызығушылығын қалыптастыру.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
Сабақ «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісімен өтеді: оқушылар 7 өткелден өтіп, тапсырмаларды орындай отырып, мысыққа қатығын табуға көмектеседі.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырады.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанамыз, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Қонақтарға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Сұрақ: Қазір, балалар, қандай сабақ?
Жауап: Сауат ашу.
Сабақ «сиқырлы тақтаның» көмегімен басталады. Ертегі кейіпкерлері слайд арқылы көрсетіледі.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Бүгінгі сабақ ерекше: тапсырмалар тізбегі арқылы 7 өткелден өтеміз.
1-өткел
Сиырдың тапсырмасыӨткен әріптер мен дыбыстарды еске түсіру.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Ю дыбысы қандай дыбыс? Мысал келтір.
- Қосымша сұрақ: «Жапырақ» сөзіне назар аударту.
2-өткел
Теректің тапсырмасыПерфокартамен жұмыс: әр оқушы суреттегі зат атауына дыбыстық талдау жасап, буынға бөледі.
III. Жаңа сабақ
Мысық шаршады, сондықтан сергіту сәтін орындаймыз. Сергіген соң мысық су іздеп жолға шығады. Алдарынан қыздар кездеседі.
3-өткел
Қыздардың тапсырмасыБүгінгі дыбыс пен әріп туралы білеміз.
«Құпия жұмыртқаны» ашамыз: ішінен 1 және 3 сандары жазылған қағаз шығады. Қағазда жұмбақ берілген:
Қосылған бір мен үштің арасы,
Қандай әріп, қарашы?
Жауабы: В
Бүгінгі тақырып: В дыбысы мен әрпі. В дыбысын хормен айтамыз. Мұғалім В әрпінің таңбасын көрсетіп, оның дауыссыз дыбыс екенін түсіндіреді (дауыссыз дыбыстар көк текшемен белгіленеді).
IV. Сурет бойынша сөйлету
Тақтадағы суреттердің атын атаймыз және буынға бөлеміз:
4-өткел
Дүкеншінің тапсырмасыЖұмбақтарды шешу:
-
Бір-бір қорап үйлер тіркесіп,
Қос сүйреумен әрі-бері жүр көшіп.
Жауабы: вагон
-
«Хош келдіңіз!» — ұраны,
Бір сөнбейді шырағы.
Жұрттың бәрін қарсы алып,
Шығарып салып тұрады.
Жауабы: вокзал
Сергіту сәті
Дыбыспен, әріппен таныстық. Енді дәптерге көркем жазбас бұрын сергіп алайық:
1, 2, 3 — бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
4 пен 5-ке жазамыз.
V. Дәптермен жұмыс
5-өткел
Тауықтың тапсырмасы- В әрпін жазып үйрену.
- Ауада жазу (қимыл арқылы көрсету).
- Жазу жолындағы үлгі бойынша әріпті жазу.
- Жазудың әдемі, таза, сауатты орындалуын қадағалау.
VI. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
6-өткел
Тышқанның тапсырмасыВ дыбысы кездесетін сөздерді айту.
Мысық келген жолымен кері қайтып, жолай дәнін алып жүреді. Соңында Мақта қызға келеді.
VII. Сабақты қорытындылау
7-өткел
Мақта қыздың тапсырмасы- Қандай дыбыспен таныстық?
- В дыбысы қандай дыбыс?
- В дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Мақта қыз мысыққа: біреудің еңбегіне қол сұқпау, үлкендердің тілін алу, әдепті болу туралы ақыл айтады.
Қорытынды: біз әдепті, адал болып, алған затымызды уақытында қайтаруымыз керек.
VIII. Бағалау және кері байланыс
Оқушылар өздерін «күн» арқылы бағалайды. Сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы әсерлері талқыланады.
Ойланайық бір мезет,
Бақылайық, байқайық,
Бірімізге-біріміз
Күн шуағын сыйлайық.
Қуанышты хабарлама
Сабақта «күліп тұрған күн» алған балалар мадақталады.
Кері байланыс сұрақтары
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Қандай жұмыс түрлері ұнады?
Нәтиже
Сұрақ-жауап арқылы сабақтың өту барысы қорытындыланып, сабақ аяқталады.