Арал теңізінде орналасқан қорық

Экология – жер тағдыры: интеллектуалды ойын

Бұл зияткерлік сайыс экологиялық сауаттылықты арттыруға, табиғатты қорғау туралы білімді тереңдетуге және командалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Қатысушы топтар

  • 1-топ: «Ғажайып»
  • 2-топ: «Атамекен»

Сайыс кезеңдері

  1. I Сұрақ менен, жауап сізден
  2. II Атадан қалған асыл сөз
  3. III Тапқыр болсаң, шешіп көр
  4. IV Сиқырлы сандар
  5. V Сергіту сәті: күй жұмбақ
  6. VI Дебат үлгісімен
  7. VII Суреттер сөйлейді

I. «Сұрақ менен, жауап сізден»

Әр топқа 12 сұрақтан беріледі. Мақсат — жылдамдық пен дәлдікті қатар көрсету.

«Ғажайып» тобының сұрақтары

  1. Экология сөзінің қазақша мағынасы қандай?
  2. Қазақстанда қанша қорық бар?
  3. Мұнай өнімдерімен ластанған мұхит.
  4. Семей полигонындағы алғашқы жарылыс қай жылы жасалды?
  5. Тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта элементтері.
  6. Фотосинтез процесінің нәтижесінде нелер түзіледі?
  7. Халықаралық Қызыл кітаптың I бөлімі қай жылы шықты?
  8. Жер шарында атом қаруы қанша рет сыналды?
  9. Жылу эффектісін туғызатын фактор қалай аталады?
  10. Арал теңізінің экологиялық проблемалары басталған жыл.
  11. «Невада – Семей» халықаралық қозғалысының көшбасшысы.
  12. Арал теңізінде орналасқан қорық.

«Атамекен» тобының сұрақтары

  1. Экология ғылымы нені зерттейді?
  2. Оңтүстік Қазақстанда орналасқан қорықтарды атаңыздар.
  3. Қазақстанда мұнаймен ластанған су алабы.
  4. Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа ҚР Президенті қашан қол қойды?
  5. Ғаламдық климаттың жылынуынан туындайтын проблемалар.
  6. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қай жылы қабылданды?
  7. Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды қысқарту туралы Киото протоколы қабылданған жыл.
  8. Су экожүйесіндегі автотрофты организмдер.
  9. Арал теңізіне құятын өзендер.
  10. Балқаш көліндегі ластанудың басым түрі.
  11. ҚР-да қоршаған ортаны қорғау жөнінде құрылған халықаралық ұйым.
  12. Қазақстандағы ұлттық саябақтар саны.

II. «Атадан қалған асыл сөз»

Мақал-мәтелдің жалғасын табу арқылы табиғат пен адам өмірінің байланысын дәлелдеңіз.

Басы Жалғасы
Жауынмен жер көгерер... батамен ел көгерер.
Жел дауылды шақырады... бұлт жауынды шақырады.
Тау мен тасты су бұзар... ел арасын қу бұзар.
Таулы жер бұлақсыз болмас... сулы жер құрақсыз болмас.
Қаз келсе жаз келер... қарға келсе қатқақ келер.
Ағын суда... арамдық жоқ.
Құсы жоқ болса көл жетім... елі жоқ болса жер жетім.
Жердің сәні — егін... ердің сәні — білім.
Шөбі жоқ деп жерден түңілме... малы жоқ деп ерден түңілме.
Сусыз жерде қамыс жоқ... азған елде намыс жоқ.

III. «Тапқыр болсаң, шешіп көр»

Елді мекендер мен бөлмелерді көгалдандыру тақырыбындағы биологиялық есептерді математикалық тәсілмен шығарыңыз.

I топ (Ғажайып)

1-есеп

Қалада 150 мың адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Ағаштың қоректену ауданы — 12 м². Қала халқын толық оттегімен қамтамасыз ету үшін қанша ағаш отырғызу керек және ол ағаштар қандай ауданға егіледі?

Жауабы

150000 ÷ 3 = 50000 ағаш

50000 × 12 = 600000 м² = 60 га

2-есеп

100 пәтерлік үйде орта есеппен 400 адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Осы үйдің барлық тұрғындарын қамтамасыз ету үшін қанша ағаш егу қажет?

Жауабы

400 ÷ 3 ≈ 133,3 → 133 ағаш

II топ (Атамекен)

1-есеп

Әрбір ұяның ауданы (35 × 20) см² болған кезде, 1 га жерге қанша өсімдік отырғызуға болады?

Жауабы

35 × 20 = 700 см² = 0,07 м²

10000 ÷ 0,07 = 142857 түп

2-есеп

Көппәтерлі үйде 201 адам тұрады. Егер 3 адам 1 ағаштан отырғызса, үй жанында қанша ағаш өседі?

Жауабы

201 ÷ 3 = 67 ағаш

IV. «Сиқырлы сандар»

Ұяшықтағы ұпай санына қарай деңгейлік сұрақтар қойылады: 10, 20, 30, 40.

10
10
10
20
20
20
30
30
30

20 ұпайлық сұрақтар

  • Автотрофты ағзаларға нелер жатады?
  • Қазақстанда экологиялық жағдайға байланысты жабылған қорық.
  • Қазақстанның өсімдіктерге арналған Қызыл кітабы қашан жарық көрді?

30 ұпайлық сұрақтар (авторын табыңыз)

«Ей, табиғат, шеберсің-ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, бересің.
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?»

Авторын табыңыз.

«Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.»

Авторын табыңыз.

«Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай, таңғы жұпар самалдың!»

Авторын табыңыз.

40 ұпайлық сұрақтар

  • Нарын құмында орналасқан ядролық сынақ алаңы.
  • Балқаш көлінің экологиялық проблемасы.
  • Қазақстанда ауасы ең лас үштікке кіретін қалалар.

V. Сергіту сәті: «Күй жұмбақ»

Тыңдалған күйдің тақырыбы мен авторын табыңыз.

1-күй

«Аққу» — Нұрғиса Тілендиев

2-күй

«Сарыарқа» — Құрманғазы Сағырбайұлы

VI. Дебат үлгісімен

I топ: Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасы

  • Экономикалық және ғылыми әлеуетке ықпалы туралы дәлелдер келтіру.
  • Инфрақұрылым, білім және технологиялық даму тұрғысынан пікір айту.

II топ: Байқоңыр ғарыш айлағының зияны

  • Экологиялық тәуекелдер мен ықтимал салдарлар туралы дәлелдер келтіру.
  • Ауа, топырақ және биоалуантүрлілікке әсері бойынша уәж айту.

VII. «Суреттер сөйлейді»

Берілген суреттер бойынша аймақтарды анықтап, экологиялық жағдайын сипаттаңыз.

А) Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары

Суреттерден мәселенің түрін (су тапшылығы, ластану, шөлейттену, радиациялық әсер) анықтап, қысқаша талдау жасаңыз.

Ә) Қазақстанның табиғаты көркем аймақтары

Табиғи байлықты сақтау үшін қандай экологиялық мәдениет пен әрекеттер қажет екенін ұсыныңыз.