Топтарға бөліну

Ата-аналар жиналысының жоспары

6-сыныпқа арналған жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы. Тақырыбы: «Табысты мектеп – мінсіз оқушы». Жиналыс барысында критериалды бағалау модулімен таныстыру қарастырылады.

Мақсаты

  • Оқытудың жаңа әдістерін және олардың оқушының дербестігін, жауапкершілігін, өзін-өзі реттеуін, ізденушілік қабілетін дамытудағы маңызын түсіндіру.
  • Ата-аналарды оқу процесіне кіріктіру.
  • Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру.
  • Ынтымақтастық педагогикасы аясында «Мектеп – Ата-ана» қағидасын ұстану.

Күтілетін нәтиже

1) Ата-аналардың мектептегі оқу үдерісіне деген көзқарасы жаңарады: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жекелеген жұмыс, оқу үдерісіндегі әртүрлі стратегиялар, Борт журналы және т.б.

2) Ата-аналар балаларының оқу үдерісінен үнемі хабардар болып, ықпал етеді және қолдау көрсетеді.

3) Ынтымақтастық педагогикасы негізіндегі ілгері жұмыстар жүйеленеді: мектеп – отбасы – оқушы серіктестігі нығаяды.

Ресурстар

  • Мұғалім нұсқаулығы (І деңгей)
  • Ролик
  • Презентациялар
  • Критериалды бағалау модулі
  • Интернет ресурстары (критериалды бағалау бойынша)

Өткізу барысы

1

Топтарға бөліну

Қатысушылар ертегі кейіпкерлері арқылы топтарға бөлінеді.

2

Топ ережесімен танысу

Қатысушыларға топта жұмыс істеуге арналған ережелер ұсынылады. Ережелермен танысып шығу сұралады.

  • Сенімді қарым-қатынас орнату
  • Бір-бірінің көзқарасын құрметтеу
  • Өз ойын ашық айту
  • Топ жұмысына белсенді қатысу

Жүргізуші туралы

Ілгері (бірінші) деңгей бойынша сертификатталған, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектеп мұғалімі: Г. Р. Сыздыкова.