Ойынның шартымен таныстыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән
Математика
Сынып
5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту (ойын сабақ)

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес (интеллектуалдық ойын сабақ).

Көрнекілік

Интерактив тақтада ойын алаңындағы сайыстардың атаулары және әр кезеңнің тапсырмалары көрсетіледі.

Сабақтың мақсаты

  1. 1

    Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту бойынша оқушылардың білімін бекіту, тиянақтау және жүйелеу.

  2. 2

    Ойлау қабілетін дамыта отырып, интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру.

  3. 3

    Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, іскерлік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, сынып тазалығын және оқу құралдарының дайындығын тексеру.

2) Мақсатпен таныстыру

Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабағымыз — қайталау сабағы. “Білім биржасы” зияткерлік ойынын ойнай отырып, ондық бөлшектерді натурал санға көбейту тақырыбы бойынша есептер шығарамыз.

3) Ойын шартымен таныстыру

Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топтың бастапқы капиталы — 500 теңге. Мақсат — дұрыс жауап арқылы капиталды көбейту.

Топтар

  • 1-қатар: “Нұр” тобы 500 тг
  • 2-қатар: “Болашақ” тобы 500 тг
  • 3-қатар: “Бақыт” тобы 500 тг

Аукцион ережесі

Шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл-Бируни: “Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім.” Ендеше, білім “биржасындағы” аукционды бастайық.

  • Сауда “теңге” бірлігімен жүргізіледі. Әр топта бастапқы капитал — 500 теңге.
  • Сұрақтың бастапқы бағасы — 200 теңге. Топ бағаны көтере алады.
  • Баға сатылары: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге.
  • Ең жоғары бағаны ұсынғаннан кейін сұрақ оқылады: дұрыс жауап болса — ұтыс сол топқа жазылады, қате жауап болса — капитан сол соманы қайтарады.

Ескерту

Егер топ өз қорындағы барлық сомамен сұрақ сатып алып, қателессе, онда топ банкрот болады және аукционды жалғастыра алмайды.

Ойын кезеңдері

I кезең — “Біліміңді сынап көр”

Акциялар сату: әр сұрақтың құны — 200 теңге. Дұрыс жауап берген топ өз қорын толықтырады.

Сұрақтар

  • Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?
  • Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
  • Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?
  • Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
  • Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіндір.

Тапсырма: №1092

Көбейтінділерді есептемей салыстыр:

1) 6,5 · 3 және 0,65 · 3

Салыстыру

6,5 > 0,65

Қорытынды

6,5 · 3 > 0,65 · 3

II–IV кезеңдер

Ойын келесі кезеңдер бойынша жалғасады (сынып деңгейіне қарай тапсырмалар күрделендіріледі):

  • II кезең — “Білімді мыңды жығады”

    Оқулықпен жұмыс.

  • III кезең — “Қателеспей, мақсатқа жет”

    Стандартты емес есептер.

  • IV кезең — “Ойымды жалғастыр”

    Тәжірибе алмасу, жұптық жұмыс.

Қорытынды және бағалау

  • Ойын нәтижесін қорытындылау.
  • Оқушылардың білімін бағалау.
  • Үй тапсырмасын беру.