Сабақта жоқ оқушылар

Металдар мен ерітінділердің электрөткізгіштігі

Химия, 10-сынып. Ашық сабақ. Бұл сабақ химия мен физиканы кіріктіре отырып, әртүрлі ортадағы электр тогының табиғатын түсіндіруге және ерітінділер мен қатты өткізгіштердегі электрөткізгіштік үдерісін химиялық тұрғыдан талдауға бағытталған.

Білімділік мақсат

  • Электролиттер мен бейэлектролиттер ұғымдарын қалыптастыру; әртүрлі ортадағы электр тогын түсіндіру.
  • Электролиттік диссоциацияның мәнін ашу.
  • Физикалық өлшеуіш құралдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
  • Химия мен физика пәндерінің өзара байланысын көрсету.

Дамытушылық мақсат

  • Есте сақтау, сөйлеу мәдениеті және білімді түрлі жағдайда қолдану арқылы өзіндік ойлауды дамыту.
  • Өлшеуіш құралдармен жұмыс істеудегі техникалық машықты нығайту.
  • Ерітінді және балқыма электролизіне қатысты есептерді шығара білу.
  • Химиялық және физикалық ұғымдарды ажырата отырып, логикалық ойлауды дамыту.

Тәрбиелік мақсат

  • Химия мен физиканың қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру, ғылыми көзқарасты қалыптастыру.
  • Өз бетінше және ұжымдық жұмыс дағдыларын, жауапкершілікті дамыту.
  • Ұстаз еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Химия және физиканың кіріктірілген сабағы
Пәнаралық байланыс Физика, химия, математика және т.б.
Оқыту әдістері Жұптық және топтық ізденіс, сұрақ-жауап

Реактивтер мен құрал-жабдықтар

Сабақта ерітінділердің электрөткізгіштігін тәжірибе жүзінде тексеруге арналған реактивтер, өлшеуіш құралдар және көрнекі материалдар қолданылады.

Ерітінділер және заттар

  • Күкірт қышқылы, натрий гидроксиді, натрий хлориді, қант, мыс сульфаты, сірке қышқылы ерітінділері.
  • Мыс, темір, алюминий, нихром сымдары.
  • Қатты күйдегі натрий гидроксиді және натрий хлориді.
  • Спирт, бензол, глицерин.

Құралдар және көрнекіліктер

  • Ерітінділердің электрөткізгіштігін тексеретін құрал, электролиттік ванна.
  • Амперметр, вольтметр, тоқ көзі, кілт.
  • Кристалдық тор типтері және ерігіштік кестелері (тұздар, қышқылдар, негіздер).
  • Иондық және полюсті ковалентті байланысы бар қосылыстардың еруі мен электролиттік диссоциация сызбалары.
  • Иондардың гидратациясы, натрий хлоридінің кристалдық торының моделі.
  • Эксперименттік есептерге арналған қосымша реактивтер мен жабдықтар.

Сабақ жоспары

Кезең
Уақыты
I. Ұйымдастыру кезеңі
1 минут
II. Үй тапсырмасын тексеру: ой қозғау (сұрақ-жауап), қызығушылықты ояту (карточкамен жұмыс), ой қорыту (тірек-сызба)
8 минут
III. Жаңа сабақты меңгеру (химия бөлімі)
5 минут
Топтық жұмыс: эксперименттік тапсырма
10 минут
IV. Бекіту
5 минут
V. Қорытындылау
5 минут
VI. Рефлексия
1 минут
VII. Үй тапсырмасы
1 минут
VIII. Бағалау
1 минут

Сабақ барысы: ұйымдастыру және топқа бөлу

Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңдар. Сабаққа қатыспаған оқушылар бар ма? Бүгінгі сабағымыз ерекше: дәстүрлі емес, екі пән кіріктірілген форматта өтеді. Жұмыс үш топ бойынша ұйымдастырылады.

1-топ

Металдар

2-топ

Қышқылдар

3-топ

Сілтілер

Сабақ барысында әр топтың көшбасшысы бағалау парағы арқылы топ мүшелерінің жұмысына белгі қойып отырады.

Үй тапсырмасын тексеру: ой қозғау (сұрақ-жауап)

Әр топқа қысқа сұрақтар қойылып, жылдам жауап беру арқылы алдыңғы білім еске түсіріледі.

1-топ: Металдар

  1. Адам алақанында балқитын металл? Цезий
  2. Қанның құрамына кіретін металл? Темір
  3. Чернышевский қандай металды «социализм металы» деп атады? Алюминий
  4. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? Калий
  5. Дұрыс пайдалансаң емдейді, ал бұрыс пайдалансаң мүгедек етеді? Күшән

2-топ: Қышқылдар

  1. Өнеркәсіптің негізгі металы? Темір
  2. Сүйекті қаптайтын элемент? Кальций
  3. Металдар мен олардың құймаларының сыртқы ортаның әсерінен бүлінуі қалай аталады? Коррозия
  4. Германиядағы облыс атауымен аталатын элемент? Германий
  5. Франция елінің атауынан шыққан элемент? Франций

3-топ: Сілтілер

  1. АҚШ штаттарының бірінің атауымен аталатын элемент? Калифорний
  2. Ең қиын балқитын элемент? Вольфрам
  3. Дүние бөлігінің атымен аталатын элемент? Европий
  4. Қару-жарақ жасауда кең қолданылатын элемент? Темір
  5. Ең сұйық металл? Сынап

Қызығушылықты ояту: карточкамен жұмыс

Әр топқа нұсқа бойынша таратпа карточкалар беріледі. Оқушылар өзара тексеру жүргізеді, ал жауап кілті тақтаға ілінеді.

1-топ: Металдар (карточка тапсырмасы)

  1. Ток күшін өлшейтін прибор қалай аталады?
  2. Егер зарядтар аттас болса, онда иондар бір-бірінен не істейді?
  3. Бос зарядтары жоқ бөлшектер қалай аталады?
  4. Металдар периодтық жүйенің диагональ сызығының қай бөлігінде орналасқан?
  5. Заттардың ерігіштігі жылудың бөлінуімен бе, әлде сіңірілуімен бе жүреді?

2-топ: Қышқылдар (карточка тапсырмасы)

  1. 1 немесе 2 электрон қабылдаған атом қалай аталады?
  2. Бос зарядтары бар бөлшектер қалай аталады?
  3. Ерітінді неден және неден тұрады?
  4. Қышқылдар дегеніміз қандай атомдардан және қандай қалдықтардан құралған күрделі заттар?
  5. Бөлме температурасында 100 г суда 1 г-нан артық зат ерісе, ол зат қалай аталады?

3-топ: Сілтілер (карточка тапсырмасы)

  1. 1 немесе 2 электрон жоғалтқан атом қалай аталады?
  2. Негіздер дегеніміз қандай атомдардан және қандай топтан тұратын күрделі заттар?
  3. Оң зарядталған электрод қалай аталады?
  4. Ерігіштік — бұл қандай құбылыс?
  5. Еріген заттың сумен химиялық әрекеттесуі барысында не түзіледі?

Авторлар туралы

Физика пәні мұғалімі

Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешені — Біләл Дина Төлеуханқызы.

Химия пәні мұғалімі

№68 МИББ кешені — Смаилов Даулет Каримжанович.