Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып

Мұқағали Мақатаев

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің...
Досым - ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме - өзім мін артып...
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық.
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген - адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен.
Қыран күлкі - тамаша - бәрі осында,
Отырмын думан - тойдың арасында.
Береке бойдан асып жатқанымен,
Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?
Ұйытқып жатыр көңілде құйын - дауыл,
Heгe сен келе алмадың жиынға бұл?!
Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!
Әне, жұрт өзді - өзімен, сөйлеседі,
Өзімсіп: - Ей! - деседі,- өй! - деседі.
Шіркіндер - ай, даурығып тыңдар емес!
Есіме ап, тост көтертсем, кейде сені.
Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?
Сенсіз думан - қызықсыз бос қырманда.
Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,
Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Шынайы дос
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Ақын Мұхтар Шаханов
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
Баланың аты бала
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
«отбасым-бақыт мекені!»
Мектепалды тобында оқу-тәрбие үрдісінде ойын технологиясын қолдану
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Астана қаласының ерекше сымбатты қала екенін мен теледидардан, кітап - журналдардан көріп жүрмін
Шын достыққа бекембіз
Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу
Шарасыздан шаршаған дертті жаным, тоздыруға шақ жүрмін кек қынабын