Етістіктің түрлері

Етістік • Презентация форматында

Ұран: Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз — бәрін білуге ұмтыламыз.

Етістік дегеніміз не?

Етістік — қимыл-әрекетті, іс-әрекетті, қозғалысты, жай-күйді білдіретін сөз табы.

Етістіктің сұрақтары

  • Не істеді? Не қылды? Қайтті?
  • Не істеп жатыр? Не қылып жатыр?
  • Не істейді? Не қылады? Қайтеді?

Сөйлемдегі қызметі

Етістік сөйлемде көбіне баяндауыш қызметін атқарады.

Кей жағдайларда етістік тұлғасына қарай сөйлемнің басқа мүшелері ретінде де жұмсалуы мүмкін.

Етістіктің түрлері

Құрамына қарай

Дара етістік

Бір сөзден тұрады.

Күрделі етістік

Екі немесе одан да көп сөзден құралады.

Жасалуына қарай

Негізгі етістік

Түбір күйінде қолданылатын етістік.

Туынды етістік

Жұрнақтар арқылы жасалған етістік.

Мағынасына қарай

Болымды етістік

Қимылдың, іс-әрекеттің болғанын білдіреді.

Болымсыз етістік

Қимылдың, іс-әрекеттің болмағанын білдіреді.

Жаттығу 382

Мәтінді көшіріп жазып, етістіктерді тауып белгіле.

Көшіріп жазуға арналған мәтін

Ауылдың шетінде сырғанақ жасалған. Балалар сырғанақ теуіп жүр. Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді. Алысқа барып, бір-ақ тоқтады.