Сөздерге жалғанған қосымшаның түрі жалғау

Сабақ тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Мақсаты

  • Білімділік: тәуелдік жалғаудың мағынасын таныту; заттың, белгілі бір нәрсенің біреуге тән екенін (меншіктілікті) білдіретін қосымша екенін түсіндіру.
  • Дамытушылық: тапсырмаларды орындау арқылы ойлауын дамыту, дербес жұмыс істеуге және алған білімін қолдана білуге үйрету.
  • Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі
Жаңа білім.
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, топпен жұмыс.
Көрнекілігі
Үлестірмелер, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс
Математика, дүниетану.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Психологиялық дайындық

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мен міндетін айқындаймыз:

  • Мақсатымыз: білім алу.
  • Міндетіміз: еңбек ету.
  • Нәтиже: еңбектену арқылы жоғары жетістікке ұмтылу.

III. Ойын: «Кім шапшаң?»

«Жұлдызқұрт» туралы не білеміз? Оқушылардың ойларын тыңдаймыз. Әр жұлдызқұрттың ішінде математикалық есептер беріледі. Оқушылар есепті шығару арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

I топ

60 : 6 * 5 * 7 + 50 : 80 * 20 : 5 * 5 * 5 = 500

Нәтиже арқылы тақырыптың бірінші бөлігі ашылады.

II топ

70 : 7 * 2 + 90 + 210 : 4 * 7 : 10 * 7 + 51 = 100

Нәтиже арқылы тақырыптың екінші бөлігі ашылады.

Осылайша, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің тәуелденуі».

Жаңа сабақ

1) «Ой қозғау» стратегиясы

I топ

  • Түбір дегеніміз не?
  • Қосымша дегеніміз не?

II топ

  • Жұрнақ дегеніміз не?
  • Жалғау дегеніміз не?
  • Сөзге жалғанған қосымшалар қандай мағына беріп тұрғанын байқа.

2) 38-жаттығу (ауызша талдау)

  • Сөздерге жалғанған қосымшаның түрі — жалғау.
  • Зат есімге жалғанған жалғау заттың біреуге тән екенін білдіреді.

3) Тақтамен жұмыс: 39-жаттығу

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, айды және көркем жазуды жазамыз. Содан кейін берілген сөздерді үлгі бойынша тәуелдейміз:

Сөздер

Ана, қол, қозы, етік

  • Сөздерге жалғанған қосымшаларды тап және астын сыз.
  • Олар жұрнақ па, әлде жалғау ма?
  • Бұл қосымшалар қандай мағына білдіріп тұр?

Ереже

Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғаулар тәуелдік жалғаулары деп аталады.

Мысалдар

  • әке-м
  • әже-ң
  • ата-сы

Ескерту

Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

Мысалы: көрші-м, көрші-ң, көрші-ңіз, көрші-сі, т.б.