Дәстүрге айналған Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер

Тәрбие сағаты туралы мәлімет

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы, жалпы білім беретін Исатай орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі: Тілепиева Ақборық Нұрлыбайқызы.

Тәрбие сағатының мақсаты

  1. 1 Балаларға күзгі табиғаттың ерекшеліктерін таныту.
  2. 2 Күз мезгілінің тіршілікке берер пайдасын, табиғаттың қыр-сырын тақпақ, өлең және нақыл сөздер арқылы ұғындырып, ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілдерінің ішінде күз айларының алатын орны туралы әңгімелеу.
  3. 3 Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Суреттер Сынып безендіру Аппликациялар Жеміс-жидек Көрме

Кештің ашылуы

1-жүргізуші: Аружан

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын!

Уа, халайық, халайық, мұнда назар салайық!

Халық мерекесі — Алтын күзге арналған кешімізді бастайық!

2-жүргізуші: Ринат

Құрметті Алтын күз мерекесіне жиналған мұғалімдер қауымы, ата-аналар және оқушылар! Дәстүрге айналған Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!

Күз мезгілін бір ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз — байлық, күз — молшылық, күз — қуаныш, күз — шаттық.

Бүгін 2 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен күзді үлкен салтанатты мерекеге айналдырып отырмыз.

Күз туралы жыр жолдары

Аружан

Міне, өмірімізге тағы да бір Алтын күз келіп жетті. Жасымызға жас қосылып, бір сыныпқа жоғарылап, тағы бір күзді қарсы алып отырмыз.

Ринат

Тағы да күз… тағы міне, сары таңда ұзақ түн,

Уысында тағы мен ұйқы дейтін тұзақтың.

Ой-хой, шіркін, тағы міне бір күзді мен ұзаттым,

Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен.

Аружан

Алдағыға асығамын, өткенді әсте іздемей,

Ой-хой, шіркін, болашаққа құмармыз біз дегендей.

Жүрші, жаным, қоңыр күзде серуендейік жырақта,

Қайтқан құстың әуенімен қоштасайық қыратта.

Ринат

Күз өткенге кейімеймін, сағынамын бірақ та,

Қайтып бара жатыр әне сағыныштар — тырналар.

Ақ қайыңдар, тал, теректер — алтын сары сырғалар,

Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.

Тақпақтар

Оқушылар күздің көркемдігін, еңбектің берекесін және табиғаттың мінезін өлеңмен өрнектейді.

Бөлім

Өлең оқу

Әділет

Жаңартқан ғаламды,

Жаңбырлы ғажап-ай.

Осынау заманда,

Орнатқан Қазан-ай.

Ләзиза

Күз де келді, күз келді,

Күдерін жаз үзгенді.

Күз де келді, күз келді,

Көкте бұлттар жүзді енді.

Күз де келді, күз келді,

Құстар мекен іздеді.

Қондырмады түзге елді.

Күз де келді, күз келді,

Керек оқу бізге енді.

Ильяс

Қайтқан құсты көрдің бе?

Қаптай ұшқан әуелеп,

Күткен күзім келдің бе?

Сыңсып бағын мәуелеп.

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған, алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қылып алдық біз.

Табиғатты аялау туралы ой

Қадыр Мырзалиев жырлағандай, дархандықты қазаққа дала бергендей, еркіндікті желден алғандай, мөлдірлікті көгілдір көлден алғандай. Осы күзгі мерекемізді табиғатты аялау және табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастыру — орынды.

Күздік көрме

Оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын ұсынып, жасалу жолын қысқаша таныстырады. Көрме жұмыстары күзгі өніммен, аппликациялармен және шығармашылық композициялармен толықтырылады.

Амангүл

Артты құт пен береке,

Астық толы мереке.

Салтымыз ғой мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Равиль

Қызыл қырман басында,

Ақ бидайды сапырған.

Диқандардың қасында,

Күз есепші отырған.

Данагүл

Ағаштардан жапырлап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Өнер шашуы

Ринат

Ерке өсіп, ен жайлаған ұл мен қыз,

Бәріне сәлем жолдайды жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді

Сіздерге тарту етіп біз де тұрмыз.

Ән

«Құстар қайтып барады»

Орындайды: оқушылар

Ерлан

Көрініп еліме — күндері мереке,

Келді ғой жеріме — күз дейтін мереке.

Дарын

Алтын сары, қызыл, көк —

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Төрехан

Бұлтиып бүйірі,

Құлайды қырдан мал.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күздік дәм

Аружан

Өнерімізді аяп қалмадық,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Баға беріп дастарқан мәзіріне,

Күздік дәмге қонақтарды шақырамыз.

Ринат

Қыздардың дайындаған салаты

Таныстыру және дәм ұсыну

Нұрлыгүл

Қарашы далаға — реңі сары ала,

Пісті алма салбырап, сарғайды бал құрақ.

Аспанда қаптаған, бір тыным таппаған

Бұлт көшіп келеді, суық жел еседі.

Тахмина

Берекесін жинауға өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға шақырады біздерді.

Құстар қайтты ән салып, бұлт торлады аспанды,

Қыс келеді жар салып, күзгі суық басталды.

Гүлназ

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,

Бірлігімізге ортақтассын.

Би

Аружан

Көңіл күй сыйлайтын өнерді қарсы алайық: Ләзизаның «Шығыс биі».

Қорытынды нөмір

«Күзгі түс» вальсі — оқушылар орындайды.

Қорытынды сөз

Түйін

Білім — теңіз, мектеп — кеме.

Білім мен тәрбие — егіз.

Әдеп пен тәлім үндескенде, жас ұрпақ болашаққа нық қадам басады.

Тілек

Қош дейміз, әлі талай кештер бар!

Өнерлерің өрлей берсін, ұландар!

Ойлы орта күннен-күнге кеңейсін,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар!

Соңғы бөлім

Кешімізді аяқтай отырып, назарларыңызға «Күзгі түс» вальсін ұсынамыз.

Сөз кезегі ұстаздарға беріледі.