Сауат ашу (1 сынып)Сабақтың тақырыбы
Сауат ашу (1-сынып): «О» дыбысы және әрпі
Бұл сабақ 1-сынып оқушыларына «О» дыбысы мен әрпін танытуға, оны сөз құрамында ажыратуға және оқушылардың тілдік дағдыларын ойын арқылы дамытуға бағытталған.
Сабақтың мақсаттары
1) Білімділік
- «О» әрпі мен дыбысы туралы жалпы түсінікті пысықтау.
- Мысалдар келтіріп, дыбыстық талдау жасауға үйрету.
2) Дамытушылық
- Оқушылардың сөздік қорын молайту.
- Қызығушылығын, ойлауын және белсенділігін арттыру.
3) Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа, талдай білуге және белсенділікке тәрбиелеу.
- «О» дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келетінін байқату және мысалдармен дәлелдету.
Әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер, байланыс
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздендіру, әңгімелеу, ойландыру, ойын әдістері.
Көрнекіліктер
Суреттер, үлестірмелі материалдар, тапсырма парақтары.
Пәнаралық байланыс
Тіл дамыту, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру, сабаққа назар аударту.
Оқушыларды топтастыру
Оқушылар суреттер арқылы 3 топқа бөлінеді: Дөңгелек, Сақина, Жұмыртқа.
1-топ — Дөңгелек
О, о — кәдімгі дөңгелек,
Кетпесін ол дөңгелеп.
2-топ — Сақина
Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
3-топ — Жұмыртқа
Жұмыртқа — бұл өнімді,
Балапан боп жетілді.
Көздің нұрын жаулайды,
О әрпінен аумайды.
Ойын: «Сақ бол, ойыңа сақта»
Мұғалім тақпақты оқиды. Әр топ тыңдап, жаттап алып, кезекпен қайталайды. Дұрыс жауаптарға жетон беріледі. Сабақ соңында жетондар саналып, бағалау жүргізіледі.
II. Оқулықпен жұмыс
Дыбысты тану, сөзді талдау, сөйлем құрау дағдыларын бекіту.
- Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
- Сурет бойынша әңгімелеу.
- Тірек сызба арқылы сөйлемдер құрау.
III. Тілдік жаттығулар
«О» дыбысын дұрыс айту, жылдам оқу және сөз құрау дағдыларын дамыту.
Жаңылтпаш жарысы
Ошақта от жақ,
Шақтап, от жақ.
Он қап, он қапты қақ,
Он қапты қақ та, қапта.
«Баспалдақ» құрастыру
«О» әрпімен басталатын сөздерді біртіндеп ұзарту арқылы құрастыру:
О _ — Оқ
О _ _ — Оқу
О _ _ _ — Ойын
О _ _ _ _ — Орман
IV. Дәптермен жұмыс
Әріп элементтерін дұрыс жазу және көру-қимыл үйлесімін дамыту.
Жазылымға нұсқау
Дәптердегі таңбалардың жазылу үлгісі түсіндіріледі, бағыт-бағдары көрсетіледі, оқушылар үлгі бойынша қайталайды.
Ойын: «Сиқырлы буындар»
Берілген буындарды толықтырып, сөз жасау:
___ → на
Ой → ла
___ → мақ
___ → у
Оқ → шы
___ → ы
Тірек сызба бойынша сөйлем құрау
Оқушылар тірек сызбаға сүйеніп, «О» дыбысы бар сөздерді қатыстырып сөйлемдер ойлап айтады.
V. Бекіту және бағалау
Сабақты қорытындылау, білімді тексеру және нәтижені бағалау.
Топтық қорытынды
- Жетондарды санап, жеңімпаз топты анықтау.
- Мадақтау, марапаттау және бағалау.
Сұрақ-жауап
- «О» дыбысы сөздің қай орындарында кездеседі?
- «О» дыбысы бар 2–3 сөз айтып, дыбыстық талдау жаса.
- Сурет бойынша «О» дыбысы бар сөйлем құрап көр.