Доброе утро, друзья

Адамгершілік – асыл қасиет

Бұл материал балалардың бойындағы ұнамды және ұнамсыз қасиеттерді ажырата білуіне көмектеседі. Негізгі мақсат — адамгершілікке тәрбиелеу, асыл қасиеттерді бағалай білуге баулу және адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

Сәлемдесу және жылы тілек

Здравствуй, мир! Здравствуй, свет!
Здравствуй, добрый человек!
Доброе утро лесам и полям!
Доброе утро лесам и полям!
Доброе утро скажу всем друзьям!
Доброе утро, родной детский сад!
Видеть друзей своих очень я рад!

Доброе утро, учитель!
Доброе утро, друзья!
Посмотрите друг на друга.
Пожелайте добра.

Шағын тапсырма: бір-біріңізге қарап, жылы сөз айтып көріңіз.

Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?

Адамгершілік — күнделікті қарым-қатынаста көрінетін, адамды адам ететін құндылықтар жиынтығы. Төмендегі қасиеттерді дамыту — мейірімді орта қалыптастырудың негізі.

  • Шыншылдық

    Адал айту, өтірікке бармау, уәдені сақтау.

  • Мейірімділік

    Қамқор болу, жанашырлық таныту, көмектесуге дайын тұру.

  • Сыйластық

    Үлкенді құрметтеу, кішіні қадірлеу, бір-бірін тыңдау.

  • Сенімділік

    Сөзге берік болу, жауапкершілік таныту, тірек бола білу.

  • Татулық

    Ынтымақ, түсіністік, жанжалсыз орта құру.

  • Кішіпейілділік

    Қарапайым болу, өзгені менсінбеуден аулақ жүру.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы көңіл-күйді көтеріп, бойды сергітеміз:

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып жайқалған.