Көктемнің алғашқы құстарын ата
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
І. Жансүгіров — «Көктемде»
М. Хакімжанова — «Көктем жыры»
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Типі
Дамыта оқыту
Оқыту технологиясы
Сыни тұрғыдан ойлау
Ақпараттық құралдар
Мультимедиа
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға көктем мезгілі туралы тереңірек білім беру.
Міндеттері
- 1 Мәнерлеп оқу арқылы өлеңдердің мазмұнын ашу.
- 2 Шығармашылық жұмыс арқылы дүниетанымды кеңейту, сөздік қорды молайту, өз пікірін ашық айтуға және еркін қорғауға үйрету; жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісін дамыту.
- 3 Топтық жұмыс арқылы өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа және ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Құралдар мен байланыстар
Жабдықтар
- Авторлар туралы дерек
- «Құстарға қамқорлық» материалы
Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
- Саз (музыка)
- Экология
- Бейнелеу өнері
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Психологиялық дайындық.
- Бағалау деңгейлерін түсіндіру.
1) Өтілгенді пысықтау (Өткенге оралу)
Пікір алмасу арқылы көктем туралы бастапқы білімді нақтылау.
Жедел сұрақтар
- 1) Қандай демалыстан келдіңдер?
- Көктемгі демалыстан.
- 2) Қазір қай мезгіл?
- Көктем.
- 3) Көктем неше айға созылады?
- 3 ай.
- 4) Көктем айларын ата.
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- 5) Көктемнің алғашқы гүлі?
- Бәйшешек.
- 6) Көктемнің алғашқы құстары?
- Ұзақ, қарға, қарлығаш және т.б.
- 7) Құстардың пайдасы бар ма?
- Зиянкестерді жойып, орман мен егіннің өсуіне көмектеседі.
Құстарға қамқорлық жасау — мейірімділік пен жауапкершілікті қалыптастырады. Құстарды аялап, қорғаған оқушының бойында жақсы қасиеттер нығаяды.
2) «Бүгінгі білімім — ертеңгі байлығым» (7 минут)
Өткен тақырыптар бойынша білімді тексеруге арналған сұрақтар.
- 1) «Ағаштар неге ашуланды?» шығармасының авторы кім? Туған жылы мен басқа шығармаларын ата.
- 2) Шығармадағы кейіпкерді ата. Ол туралы не айта аласың?
- 3) Монолог пен диалог дегеніміз не?
- 4) «Біз мал баққан елміз…» (жалғастыр).
- 5) Бақ, байлық, бала дегеніміз не? Оған кім жауап береді?
- 6) Кейіптеу дегеніміз не? Қай өлеңнен мысал келтіруге болады? (Жатқа, авторымен бірге.)
- 7) Теңеу дегеніміз не? Мысал келтір (авторымен бірге).
3) Топтық жұмыс (5 минут)
I топ
Көктем туралы өлең құрастыру; жатқа білетін тақпақтарды айту.
II топ
«Көктем» десе көз алдыңа не елестейді? Суретін салу.
III топ
Көктемгі өзгерістерді ақ қағазға түсіндіру: әр оқушы ойын жазып, келесі оқушыға береді.
Әр топ өз жұмысын қорғайды. Ортақ қорытынды: бүгінгі әңгіме мен жұмыс бағыты — көктем.
II. Мағынаны тану сатысы (Жаңа сабақ)
1) Тақырыпқа кіріспе
І. Жансүгіровтің «Көктемде» және М. Хакімжанованың «Көктем жыры» өлеңдерімен танысу.
2) Авторлар туралы
Мультимедиа арқылы Ілияс Жансүгіров пен Мариям Хакімжанова туралы қысқаша, нақты мәлімет беріледі: туған жері, туған жылы, негізгі шығармалары.
3) Өлеңмен жұмыс
Мұғалімнің оқуы
«Көктемде» өлеңін мұғалім оқиды, мазмұны түсіндіріледі.
Тіл дамыту (сөздік)
- шымайт
- шымды жер
- құмайт
- құмды жер
Екінші өлең
М. Хакімжанова «Көктем жыры» өлеңіне түсінік беріледі.
4) Оқулықпен жұмыс (кезекпен қайталау)
- Іштей оқу.
- Дауыстап, мәнерлеп оқу.
5) Білімді жүйелеу («Мен саған — сен маған»)
а) Екі өлеңде де не туралы айтылған?
ә) Екі өлеңде де табиғат құбылыстары адам кейпінде бейнелене ме? Кейіптеу дегеніміз не?
б) «Малшылар өрісінен қозы терсе…» деген ой қай өлеңде айтылады? Қалай түсінесіңдер?
в) Өзеннің тасуы қай өлеңде айтылады? Ақын оны қалай көрсеткен?
г) Көктемде көл беті қалай өзгереді?
ғ) Ақындардың шеберлігін неден байқауға болады?
д) Өлеңдер сендерге қандай көңіл күй сыйлады?
6) Жазу жұмысы (шығармашылық тапсырмалар)
I топ
Адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын үлгі бойынша жазу.
Үлгі
Қайтеді?
Көктем басталады, гүлге бөлейді, күнін себеді.
Өзен — …
Құстар — …
Мал — …
II топ
Топтап жазу: «Күн жылынады, …» (жалғастыру).
III топ
Өлең құрастыру (ұйқасқа сүйену):
- Жарқылдайды — …
- Қаңқылдайды — …
- Жасылданды — …
- Қаптады құстар — …
7) Сергіту сәті
Ә. Бейсеуов «Шақырады көктем» әнін хормен айту.
III. Ой-толғаныс сатысы (қорытынды)
«5 жолды өлең» әдісі арқылы тақырыпты түйіндеу.
- 1) Не?
- Көктем
- 2) Қандай?
- Көрікті, жасыл
- 3) Не істеді?
- Басталды, жылынды, жаңарды
- 4) Сөйлем
- Көктемде барлық тіршілік иелері оянады.
- 5) Мағыналы сөз
- Мезгіл
IV. Үй тапсырмасы
- Қалаған өлеңді жаттау.
- Мәнерлеп оқу.
- «Ормандағы көктем» тақырыбында шығарма жазу.
V. Бағалау
Оқушылардың білім деңгейі сараланып, тапсырмаларға қатысуы мен жауаптарының мазмұндылығы негізінде бағаланады.
Назарда
- Мәнерлеп оқу дағдысы
- Топтық жұмысқа үлес қосуы
- Шығармашылық тапсырмалардың орындалуы
- Талдау және пікірін дәлелдеу