Шарасыздан шаршаған дертті жаным, тоздыруға шақ жүрмін кек қынабын

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Мына Жердің күшін - ай!
Әулие екен Ньютон дегендерің.
Тартылыстар талқысын жеңем дедім,
жердегінің бәрінен жырақ кетіп,
отауына аспанның енем дедім.
Енем дедім биіктік әлеміне.
Құпиялар сырына жетем дедім,
кезем дедім жан, жүрек мекендерін.
Өз жанымның сырларын аша алмасам,
ғұмырым да жердегі бекер менің!
Кешкім келген тұп - тұнық нұрды кілең,
мөлдірлік деп мен жалғыз Күнді білем.
Шарттылықтар заңымен сыйыса алмай,
қағидалар қамалын сындырып ем,
бірақ мені бәрібір Жер өзінің
арқандады ғашықтық шылбырымен.
Қасиеттер қалмаған сыйынғандай
жерде өмір сүру де қиын қандай!
Рахатқа бату да мүмкін емес,
күн жайлаған межелі қиырды алмай.
Өтсем деп ем сананың саясында
жақсы көрмей, жек көрмей, күйіп - жанбай.
Шарасыздан шаршаған дертті жаным,
тоздыруға шақ жүрмін кек қынабын.
Жерде ғұмыр кешуің қиын кейде
көріп тұрып арсыз бен епті барын.
Бірақ тағы ғашық боп тұрмын бүгін -
жердің балдай азабын шекті жаным,
көтеріле беріп ем, мен бәрібір
қара жерге қайтадан кеп құладым!



Ұқсас жұмыстар

Өлеңдер жинағы
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Ер Төстік ертегісі
Алпамыс батыр
«М.Мақатаевтың» портреті
Абай жолындағы Құнанбай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі
Мұқағали Мақатаев жайында
Физиологиялық күйзеліс
Абай өлеңдері
Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамы.
ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК туралы
ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ туралы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің болашақта даму және жұмыс істеу программасы
ШӘКЕН АЙМАНОВ
Нашақорлықтың, маскүнемдіктің, алкоголизмнің алдын алудағы Ішкі Істер Органдарының қызметі
Қазмұнайгаз компаниясының тұрақты дамуы, компанияның болашақтағы табыстарының негізі
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Болашақ кезеңнің табыстарының есебі
Қазіргі кездегі Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының жағдайы және даму болашақтары