Сандардың нумерациясы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Математика (№1)
Тақырып
Сандардың нумерациясы
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, талдау, есептеу, салыстыру
Мақсаты
- Үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау.
- Үш таңбалы сандарды салыстыру дағдыларын дамыту.
- «Алдыңғы» және «келесі» ұғымдарын қолдана отырып, натурал сандар қатарынан сандарды табу білігін жетілдіру.
Көрнекіліктер
Суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу, зейінді сабаққа аудару. Оқушылар бір-біріне қарап жымиып, тынышталып отырады. Мұғалімнің нұсқауымен көздерін жұмып, іштерінен қайталайтын жағымды аффирмациялар айтылады.
Психологиялық дайындық мәтіні
Мен бақытты баламын.
Жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді!
Білімді, алғыр болғым келеді!
II. Жаңа сабақ (кіріспе)
Көркем жазу сәтінде 1, 2, 3 цифрлары арқылы үш таңбалы сандар құрастыру ұсынылады.
Үлгі
Сұрақтар мен тапсырмалар
- Неше сан жаздыңдар?
- Ең кіші және ең үлкен санды атаңдар.
- 1 ондығы бар, 1 бірлігі бар және 3 ондығы бар сандарды атаңдар.
- 312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жазыңдар.
Оқулықпен жұмыс
№1 — Ауызша есептеу
Жасырын сандарды ата.
№2 — Өздік жұмыс
Сандарды ата. Оларды кему ретімен жаз.
№3 — Салыстыру (жұптық жұмыс)
Есептемей-ақ салыстыр.
699 − 90
808 − 80
400 + 80
400 + 8
550 + 50
550 + 5
998 − 900
998 − 90
665 − 60 − 5 = 665 − 5
Тапсырма: берілген теңдіктің дұрыстығын талқылап, қорытынды жаса.
№4 — Өлшем бірліктеріне өрнекте
Көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдыр. (Үш қатардан 3 оқушы қатысып, жарыс түрінде орындалады.)
Дереккөз
Өңір
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Мектеп
Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі
Мұғалім
Тасыбаева Кәнипа Қазесқызы