Кітаптың тапсырмасы
Сабақтың тақырыбы
П дыбысы мен әрпі
Білімділік
- П дыбысы мен әрпін таныту.
- Оқу мен жазуды үйрету.
- П дыбысы бар жаңа сөздер арқылы тіл дамыту.
Дамытушылық
- Ойлау қабілетін дамыту.
- Қызығушылықты арттыру.
- Сөздік қорды молайту.
Тәрбиелік
- Партада дұрыс отыруға дағдыландыру.
- Сауатты, қатесіз әрі таза жазуға тәрбиелеу.
- Табиғатты сүюге баулу.
Көрнекіліктер
Табиғат көрінісі плакаты, аңдар бейнелері, кеспе әріптер, ойынға қажетті құралдар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс және әдістер
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Әдістер: ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Бүгінгі күн шуақты. Осы шуақты күннің жылуын бойымызға сіңіріп, бір-бірімізге және айналамызға таратайық. Сол жылулықпен сабағымызды бастаймыз.
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі
Ерте-ерте, ертеде алыс-алыс жерлерде Ғажайыптар мекені болыпты. Ол мекенде неше түрлі аңдар өмір сүріпті. Олардың бәрі бір үлкен сиқырлы ағашты күзетеді екен. Ағашқа тек білімді адамдар ғана жақындап, жемісінен дәм тата алады екен.
Бұл ғажайып мекен қазір де бар. Бүгінгі сабақта сол сиқырлы ағашқа барып, өз білімімізбен жемісінен дәм татып қайтайық. Бірақ жолда аңдар кедергі келтіруі мүмкін. Егер білімімізді көрсетсек, олар бізді жібереді, тіпті жол да көрсетеді. Ендеше, саяхатқа шығайық!
Шумақ өлең
Саяхатта бүгінгі,
Күннің нұры төгілді.
Аңдарменен дос болып,
Көрсетеміз білімді.
Жұмбақ
Тұрады ылғи сөреде,
Іші толған өнеге.
Жауабы: Кітап
Кітап бізге жол көрсетеді.
2) 1-тапсырма: Кітаптың тапсырмасы
Өткен сабаққа шолу: сұрақтарға жауап беру.
- •Дыбыстар деген не?
- •Әріптер деген не?
- •Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- •Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- •П — қандай дыбыс?
Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді оқу.
- Мазмұнын айту.
Кеспе әріптермен жұмыс
Тақтаға суреттегі заттың атын жазу, дыбыстық талдау жасау және ауызша сөйлем құрау.
№1: Суреттегі заттың атын жаз. Дыбыстық талдау жаса. Сөйлем құрап айт.
3) 2-тапсырма: Пілдің тапсырмасы
Жұмбақ
Тік жардай түсті,
Шұбатылған,
Тұмсығы күшті.
Таситын жүкті,
Бұл қандай мықты?
Жауабы: Піл
Сөздік диктант
Піл, орман, аң, құс, бұлақ, қарға.
4) 3-тапсырма: Түлкінің тапсырмасы
Жұмбақ
Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын?
Жауабы: Түлкі
Өрнектер арқылы сөз шығару
Тақырыптағы сөзді табу үшін өрнектердің мәнін есептеп, соған сәйкес әріпті орналастыр.
Нәтиже: «Кірпі».
Жаңа тақырып: «Кірпі»
Бүгін П дыбысы мен әрпін бекіте отырып, «кірпі» сөзі арқылы мәтінмен жұмыс жасаймыз.
Жұмбақ
Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған.
Үстін түгел орайтын,
Тоны ине қаулаған.
Жауабы: Кірпі
4-тапсырма: Кірпінің тапсырмасы
- Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқу.
- Рөлге бөліп оқу.
Сергіту сәті
«Бұғының үйі» ойынын қимыл-қозғалыспен көрсету.
5) 5-тапсырма: Тиіннің тапсырмасы
Жұмбақ
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.
Жауабы: Ақтиін
«Не өзгерді?» ойыны
П және Б дыбыстарының ерекшеліктерін салыстыра отырып, сөздердегі өзгерісті байқау.
Оқыту және жазу (дәптерге)
6) 6-тапсырма: Керіктің тапсырмасы
Жұмбақ
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,
Серейіп кеп тұрады.
Жауабы: Керік
Жазба жұмысы
- Тақтада П әрпінің бас әрпін жазып көрсету, ауада жазу.
- П әрпін екі жолға көркем жазу.
- П әрпі бар сөздерге мысалдар келтіру.
Суреттермен жұмыс
Суреттерден п әрпі кездесетін сөздерді тап:
Алма, апельсин, банан, шие, құлпынай, құрма, алмұрт.
Сөздерді буынға бөліп айт.
Сабақты қорытындылау
Бағалау
Сөздік диктанттың нәтижесін айту, жұлдызша беру.
Қайталау сұрақтары
- Бүгінгі сабақта не туралы өттік?
- Нелермен таныстық?
Марапаттау
Жемістердің ішінен кірпі «алма» жемісін алып, оқушыларға тарату. Оқушыларды марапаттау.
Білім туралы өлең (хормен)
Бұл сабақта бүгінгі,
Күннің нұры төгілді.
Аңдарменен достасып,
Көрсеттік біз білімді.