Кенесарының суреті
Сабақ мақсаты
Әскери қимылдарға баға беру
Көтерілісшілердің Қырғыз манаптарымен және Қоқан хандығымен болған шайқастардағы іс-қимылдарын талдап, тарихи тұрғыдан бағалау.
Сәтсіздік себептері мен маңызын ашу
Көтерілістің жеңіліске ұшырау себептерін жүйелеу және оның қазақ тарихындағы орнын, тәуелсіздік идеясына ықпалын көрсету.
Дағдыларды дамыту
Өздігінен жұмыс істеу, дерекпен жұмыс, салыстырмалы талдау жасау және пікірталаста дәлелді ой айту дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік бағыт
XVIII–XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстарды оқытуда қосымша әдебиеттер мен тарихи шығармаларды пайдаланып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ басында Махамбет Өтемісұлының «Махамбет күйі» тыңдалады. Орындаушы: 10-сынып оқушысы Арын Абай.
Кіріспе
Тәуелсіздік жолында күрескен Кенесары, Махамбет, Исатай сияқты батырлардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталады. Ел мен жер үшін жанын қиған Кенесары Қасымұлы — жаужүрек қолбасшы, қайсар рухтың символы.
Бүгінгі сабақтың мақсаты — Кенесары Қасымұлының өмірі мен күресін тереңірек танып, тарихи бағасын зерделеу, оның өнегесін болашақ ұрпаққа жеткізу.
Топтарға бөліну
Оқушылар тақырыпқа қысқаша шолу жасап, мына топтарға бөлінеді: тарихшылар, әдебиетшілер, зерттеушілер, талапкерлер.
Мұғалімнің бағыттауы
- Тарихшылар тобы: тақырыптың мән-жайын түсіндіреді.
- Зерттеушілер тобы: картадан көтеріліс өткен аумақты көрсетіп, шартты белгілермен белгілейді.
- Әдебиетшілер тобы: Кенесары туралы мағлұмат береді, «Кенесары–Наурызбай» дастанынан үзінді орындайды.
- Оқушылармен жұмыс: сұрақ-жауап арқылы Кенесары тұлғасын талқылайды.
Сұрақ-жауап: «Ұлт санасын оятқан тұлға»
Талқылау сұрағы: «Кенесары Қасымұлы туралы қандай мағлұмат бере аласыздар?»
Оқушы пікірі 1
Кенесары Қасымұлы 1802 жылы қазіргі Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Қазақ халқының көрнекті хандарының бірі, Абылай ханның немересі. Ол атасының жолын жалғап, Абылай қоныстанған жерлер үшін күресетінін ашық мәлімдеген.
Оқушы пікірі 2
Кенесары — жаужүрек батыр, көрнекті қолбасшы, ұйымдастыру қабілеті жоғары қайраткер. Халық бостандығы үшін күрескені үшін ел оны «Хан Кене» деп атаған. Бала кезінен батылдығымен танылып, атқа мінуді, аң аулауды ұнатқан.
Оқушы пікірі 3
Оңтүстіктегі кей өңірлер сол кезеңде Қоқан хандығының ықпалында болды. Кенесары бұл аймақта да ұзақ тұрақтап қала алмады.
Оқушы пікірі 4
Көтеріліс жалпыұлттық сипат алды. Оның қатарында Ұлы жүзден шыққан әйгілі батырлар да болды: Ағынай, Иман Дулатов, Жоламан Тіленшіұлы және Бұғыбай. Ақмола бекінісін алу оқиғасы қолбасшылық қабілетін айқындайды.
Оқушы пікірі 5
Кенесары дұшпандарына қатаң болғанымен, қарапайым халыққа, өзіне зияны тимеген адамдарға мейірім танытуға тырысқан.
Оқушының дерекке сүйенген тұжырымы
Патша үкіметімен келісімге келу әрекеттері нәтиже бермеген соң, Кенесары қарулы күрес жолын таңдады. Ол соңғы хаттарының бірінде 1825–1840 жылдар аралығында патша әскерлері ауылдарын 15 рет шапқанын, елдің қысым мен талауға шыдамай көшіп-қонып жүргенін, бірақ тыныштық берілмегенін жазады. Осы жағдайлар көтерілістің басталуына түрткі болды.
Негізгі бөлім: дерекпен жұмыс және баяндамалар
Оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін Ілияс Есенберлиннің «Хан Кене» еңбегі жетекші дереккөз ретінде қолданылады (Алматы: «Жалын», 1993. 266 б.).
Баяндама 1
Ермұқан Бекмаханов еңбегіне сүйене отырып, «Кенесары бастаған азаттық қозғалыс» тарихи монографиясынан үзінділер талданады.
Баяндама 2
Жанұзақ Қасымбаев: «Митриат Киргизской степи: правда и вымысел о восстании Кенесары Касымова» еңбегі бойынша талқылау.
Баяндама 3
«Кенесары–Наурызбай» дастаны: І. Есенберлиннің «Хан Кене» кітабындағы әдеби нұсқа негізінде.
Баяндама 4
Доскей Әлімбаев: «Кенесары» поэмасы бойынша әдеби талдау.
Баяндама 5
Жамбыл Жабаевтың есте қалған әңгімелерінен алынған үзінділер арқылы тарихи тұлға бейнесін ашу.
Баяндама 6
Әбілмәжін Жұмабаев: «Жол айрығында» шығармасы бойынша ой қорыту.
Баяндама 7
Кенесары Қасымұлының ерліктері: деректер мен оқиғалар желісі бойынша жинақталған шолу.
Өлең оқу
Естай Мырзахметов: «Сардаланың сардары».
Мұғалімнің ой қозғауы
«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?»
Осы ойға сүйене отырып, оқушылар өз шығармашылық жұмыстарын — ой-толғау мен арнауларын орындайды.
Оқушылардың ой-толғаулары
Кенесары сағындырған сайын бабам,
Ежелден бәрі есте жайың маған.
Ерлігің бар, жігерің бар,
Тағдырдың талқысынан тайынбаған.
Ағаларым, бабаларым —
Мақтанышым, айбыным.
Жаралған маңдайымның бағысың,
Таралған ер халқыма ерлігімен.
Бас иіп тұрғандай ғой саған далам.
Аналарым, даналарым —
Батырлығың тамсанғандай.
Жалының бар қайсар жандай.
Алыстан құлағыма үн келеді,
«Елім!» деп еміреніп ән салғанда.
Қорытынды
«Талапкерлер» тобы конференция сабағын қорытындылайды. Тақтадағы «зерттеу жоспары» бойынша оқушылардың меңгерген білімі тексеріліп, бағыттаушы сұрақтар қойылады.
Үй тапсырмасы
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, тарихи шығарма (эссе/ой-толғау) жазу:
- «Бүгінгі конференция сабағында алған әсерім»
- «Мені ойландыратын жағдайлар»
- «Кенесары — менің идеалым»
- «Ер тұлғалы Кенесары»