Сен өміріміздің сенімді серігісің

Салтанатты жабылу сценарийі

Мұғалімдер арасында өткен қалалық спартакиаданың салтанатты жабылуына арналған «Шынықсаң — шымыр боласың» атты іс-шара.

Музыкалық фон

Күй.

Экран

Мектептің спорттық жетістіктері туралы слайдтар көрсетіледі.

Рәсімдік кіріспе

Мемлекеттік Ту енгізіледі, жас спортшылар шерумен залға кіреді.

I бөлім. Ашылу көрінісі

Сахналық әрекет

  • Музыкалық фон: күй. Экранда мектептің спорттық жетістіктері туралы слайдтар айналып тұрады.
  • «Көк тудың желбірегені…» орындалуымен акт залына Мемлекеттік Ту енгізіледі.
  • Тудың жанында жас спортшылар: кеуделерінде медальдар, қолдарында жалаушалар. Олар зал ішінен шерумен өтіп, залдың оң қапталына орналасады.

Сахна сыртындағы дауыс

Шартарапқа шаттығындай қазақтың,

Ғасыр сүйіп тұрған дайын ғажап күн.

Көк байрағы, Елтаңбасы — бірлігі,

Шалқи берсін Гимніміз — қазақтың!

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Жүргізушілердің шығуы

Фон: фанфар.

II бөлім. Құттықтау сөздер

1-жүргізуші

Желтоқсанның тамаша күні бүгін,

Аямай күн де жерге төкті нұрын.

Сөзімдердің пернесін селт еткізер,

Бүгінгі күн ерекше, ерекше тым!

Армысыздар, бармысыздар, халайық! Жырдан, әннен сөз маржанын шашайық!

Жаңа жылда жаңа думан, жаңа жыр әкеледі әрбір үйге, ағайын!

Келіп жеткен Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін, қуанышымыз баянды болсын!

2-жүргізуші

Армысыздар, қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар және спортсүйер қауым! Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде өткен қалалық спартакиаданың жабылу салтанатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі салтанатымыздың ән шашуын 3-сынып оқушысы Мақсатұлы Ернар «Қазақстан» әнімен бастайды.

Көрсетілім: Мақсатұлы Ернардың орындауында ән.

Қонақтардың қол шапалақтауы.

Дәйексөз

«Еліміздің бүгіні, ертеңі — болашақ салауатты жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — сауатты ұстаздардың қолында». Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

1-жүргізуші (спорт туралы арнау)

Спорт — өміріміздің сенімді серігі. Ол жанымыз бен тәнімізге өлшеусіз қуаныш сыйлайды. Спорт бізді армандауға, мақсатқа ұмтылуға, биікке қол созуға шақырады. Адамдарды бір-бірімен күш сынасуға, өзін-өзі жеңе білуге үйретеді. Мәңгілік қозғалыс — ол спорт.

«О, спорт! Сен: арманда, қол жеткіз, биікке қол соз деп айтасың!» Пьер де Кубертен

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабамыз «Тәні саудың — жаны сау» деп бекер айтпаған.

Назарларыңызға қаланың жас спортшылары — болашақ ел чемпиондары! Ортаға каратэшілер тобын шақырамыз!

Фон: арнайы музыкалық сүйемелдеу.

III бөлім. Ұстаз туралы ой

Ұлы ағартушының сөзі

«Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білсе, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабары зор, оқыта білетін мұғалім».

Ахмет Байтұрсынұлы

2-жүргізуші

Ұстаз — қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне жылулық нұр себетін аяулы тұлға. Адам баласы қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі — Ұстаз.

Шәкірттерге білім берудегі ұстаз еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтан ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Ресми ашылу

Бүгінгі мерекелік «Шынықсаң — шымыр боласың» салтанатын ресми түрде ашу үшін сөз қалалық білім бөлімінің басшысы Аралбаев Марат Жайылханұлына беріледі.

Фон: «Лондон олимпиадасынан — Чемпиондар әні».

IV бөлім. Өнер нөмірлері және қорытынды

Ән шашуы

6-сынып оқушысы Зейналиева Алина «Мерекем» әнін орындайды. Қабыл алыңыздар, құрметті қонақтар!

Көрсетілім: Зейналиева Алинаның орындауында ән.

Спартакиада есебі

Спартакиаданың қорытынды есебін беру үшін ортаға әділқазылар алқасының төрағасы Досымов Асылхан ағайды шақырамыз.

Марапаттау рәсімі

Ардагерлер — қашан да мақтанышымыз. Елге арналған еңбектеріңіз бен игі істеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге құрметпен жол береміз — ұстаздың ұстазы атанған ардақты жандар!

Қалалық спартакиада жеңімпаздарын марапаттау үшін ортаға қошеметпен қалалық білім кәсіподақ комитетінің төрайымы Алимбетова Орынша апай мен спорт ардагері Шаймерден ағайды шақырамыз.

Фон: «Лондон олимпиадасы» (әуен жалғасады).

Марапатталатын спорт түрлері

  • Волейбол
  • Футбол
  • Баскетбол
  • Ұлттық ойындар
  • Үстел теннисі
  • 1200 м және 2400 м жүгіру
  • Шахмат
  • Дойбы

Марапаттау рәсімі өтеді.

Қорытынды ой

«Шынықсаң — шымыр боласың»: спорт — денсаулықтың тірегі, ал ұстаз — ұрпақтың бағдаршамы. Бүгінгі мереке еңбектің, бірліктің және жеңістің символы болсын.