Оттегі таза ауа

Сабақ тақырыбы

Өкпе. Тыныс алу гигиенасы (сабақ материалына қосымша).

Мақсаты

Адам өміріндегі өкпенің қызметін түсіндіру; тыныс алу жүйесін танып-білу; лас ауаның тыныс жолдарына әсерін және түрлі аурулардың пайда болу себептерін қарастыру.

Міндеттері

  • Тыныс алу гигиенасын сақтау дағдыларын қалыптастыру.
  • Салауатты өмір салтын насихаттау.

Сілтемелер

  • Дүниетану оқулығы. Алматы: Атамұра, 2014.
  • Дүниетану әдістемесі. Алматы: Атамұра, 2014.

Оқыту нәтижелері

Түсінік қалыптастыру

Оқушылар тыныс алу мүшесі — өкпе туралы негізгі түсінік алады.

Қорғану жолдары

Лас ауадан туындайтын аурулардың алдын алу жолдарын анықтай алады.

Ережелерді білу

Тыныс алу мүшесін сақтау ережелерін меңгереді.

Сабақ барысы

Мотивациялық-бағдарлау кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Психологиялық жаттығу.
  • Үй тапсырмасын бекіту.

1-жұмыс: «Иә/Жоқ» әдісі

Белсенді оқушыны анықтау

Оқушылар екі топқа бөлініп, жарты шеңбер жасап тұрады. Әр тұжырымға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

1. Ауасыз өмір сүре аламыз.

Жоқ

2. Сенің жүрегің өз жұдырығыңдай.

Иә

3. Ауа тек қана далада болады.

Жоқ

4. Оттегі — таза ауа.

Иә

5. Тірек-қозғалыс мүшесі — өкпе.

Жоқ

6. Ауамен тек қана адамдар дем алады.

Жоқ

7. Таза ауа өкпеге кеңірдек арқылы енеді.

Талқылау

8. Күн сайын таза ауада серуендеу зиян.

Жоқ

9. Дені сау адам аурушаң.

Жоқ

10. Өз денсаулығың өз қолыңда.

Иә

2-жұмыс: Үй тапсырмасын тексеру

Топ басшылары тексеру парақшасы арқылы әр оқушының үй тапсырмасын тексереді.

3-жұмыс: «Ыстық орындық» әдісі

Шарты: оқушылар алдын ала дайындаған сұрақтары бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

Бағалау жүргізіледі

4-жұмыс: Тексеру қорытындысы

Топ басшыларының тексеру нәтижелері тыңдалады.

5-жұмыс: Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

Темекінің зияны туралы жазылған эссе тыңдалады, сурет қорғалады. Жұмыстар тақтаға ілінеді.

Бағалау жүргізіледі

6-жұмыс: АКТ-мен жұмыс

Видеоматериал

Темекінің зияны туралы видеотаспа көрсетіледі. Деректер:

  • Жыл сайын

    Дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн адам қайтыс болады.

  • Әлем бойынша

    Жер шарында шамамен 1,2 млрд адам темекі шегеді.

  • Қазақстанда

    Қазіргі уақытта 5 млн-ға жуық адам темекі шегеді.

Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет түтінді ішке тартады.

Орындаушылық-операциялық кезең

Жаңа сабақ: тыныс алу мүшелері туралы білімді тереңдету.

Ой қозғау

Сұрақ: адам ағзасында ауру қалай пайда болады?

7-жұмыс: «Топтас. Бірік. Талқыла»

Ресурстар таратылады

1-топ: Аурулардың пайда болуы

Ауаның әртүрлі зиянды заттармен ластануы адам ағзасында түрлі аурулардың, әсіресе тыныс алу жүйесі ауруларының пайда болуына әкеледі.

Мысалы, түсті металлургия кәсіпорындарынан ауаға шығарылатын зиянды заттар жүрек-қантамыр ауруларының көбеюіне, жүйке жүйесінің бұзылуына және қатерлі ісіктің пайда болуына әсер етуі мүмкін.

Қара металлургия және электр қуаты кәсіпорындарының шығарындылары өкпе ауруларына шалдықтыруы ықтимал.

Химия өнеркәсібінің ауаға бөлетін зиянды заттары аллергияның пайда болуына әсер етеді.

Тренинг

«Денім сау болсын десең ...»

Кері байланыс

Сабақ соңында оқушылардың түсіну деңгейі мен әсерін анықтауға арналған қысқа кері байланыс ұйымдастырылады.