Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы • Абай атындағы №4 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі: Маденова Эльмира Қайратовна
Пән
Өзін-өзі тану • 4-сынып
Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік
Бұл сабақ жоспары оқушылардың еңбекке деген көзқарасын тереңдетіп, еңбекқорлықтың мәнін түсіндіруге, ал еріншектіктің зиянын саналы түрде ұғындыруға бағытталған. Сабақ барысында ақиқат пен дұрыс әрекет құндылықтары ашылып, тазалық, адалдық және қайырымдылық сияқты қасиеттермен байланыстырылып қарастырылады.
Құндылықтар
- Ақиқат
- Дұрыс әрекет
Қасиеттер
- Еңбекқорлық
- Тазалық
- Адалдық
- Қайырымдылық
Сабақ мақсаты
Оқушылардың еңбекқорлық, тазалық, адалдық және қайырымдылық туралы түсінігін кеңейту; ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет жасауға бағыттау.
Міндеттері
Білімділік
Еңбекқорлық пен еріншектіктің мәнін түсіндіру арқылы ақиқат пен дұрыс әрекет құндылығын дамыту.
Дамытушылық
Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік
Еңбекке қызығушылықты арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ресурстар
Слайдтар (көрнекілік материалдар).
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену» жаттығуы арқылы оқушылардың ішкі тыныштығын қалыптастыру.
Сұрақтар
- Қандай күйде болдыңдар?
- Жаттығу қалай әсер етті?
- Ішкі тыныштыққа келе алдыңдар ма?
Қорытынды: Бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтайық.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Талқылау сұрақтары
- Мәтінде не туралы айтылған?
- Еңбексүйгіш пен еріншектің әрекеттері қандай? Қандай айырмашылықтары бар?
- «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар.
Қорытынды: Адал еңбек етіп, еңбектің жемісін көрейік.
3) Дәйексөз
Абай
«Еңбек — қуаныш, жалқаулық — айырылмас азап».
Дәйексөздің мәні: адам ең бастысы еңбектенуге, яғни бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық адамның өзін де, өмірін де тоздырады.
Ал ерінбей еңбек еткен адам мақсаты мен арманына жетеді. Арманы орындалғанда, өзін бақытты сезінеді.
Сұрақтар
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Жаттату тәртібі
- Дәйексөзді 3 рет қайталау.
- Алдымен қыздарға, кейін ұлдарға қайталату.
- 2–3 оқушыдан жеке сұрау.
Қорытынды: Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.