Жалқау баланың суретін салу
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
«Жалқау немере»
Сабақтың әдісі
RWCT жобасының әдістері
Мақсаты
Оқушыларға еңбек етудің мәнін түсінуге және негізгі ойды ұғынуға көмектесу.
Міндеттері
- Топпен жұмыс жасауға бағыт беру.
- Жағымды және жағымсыз әдеттерді тану, салыстыруға орта қалыптастыру.
- Алған білімді өмірлік жағдайларда дұрыс қолдануға жағдай жасау.
Қажетті материалдар
- Интерактивті тақта
- Ақ қағаз, тапсырмалар
- Сызғыш, қарындаш
- Кері байланыс парақтары, бақылау парағы
Күтілетін нәтижелер
Сабақ соңында оқушылар оқу мен еңбектің маңызын тереңірек түсініп, өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алады.
Оқу дағдылары
- Білім алуға, кітап оқуға, еңбек етуге дағдыланады.
- Теориялық білімін практикада қолдана алады.
- Өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді.
Коммуникация дағдылары
- Өз ойын анық әрі жүйелі айтады.
- Пікірін дәлелдеуге машықтанады.
- Бір-бірінің жауабын соңына дейін тыңдауға дағдыланады.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Музыка тыңдап, ой қозғау арқылы тақырыпқа кіріспе жасалады.
Ой қозғау сұрағы
«Ертегі туралы не білеміз?»
Жұмыс форматы
- Жеке жазу (дәптерде).
- Жұпта ой бөлісу.
- Топта талқылау, ұжымдық пікір айту.
- Әр топтан бір оқушы ортаға шығып қорғайды.
II. Мағынаны ашу
Мәтінмен жұмыс жүргізіледі: «Жалқау немере» ертегісі мәнерлеп оқылады, негізгі ой талданады.
Негізгі стратегия
«Кубизм» стратегиясы бойынша сынып 6 топқа бөлініп, куб қырларына сәйкес тапсырмалар орындайды.
I топ — Суреттеңіз
- Жалқау баланың суретін салу.
- Жалқау немереге сипаттама беру.
II топ — Қолданыңыз
- Жалқау баланы қай жерден кездестіре аламыз?
- Жалқаулық туралы басқа қандай ертегілерде айтылады?
III топ — Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз
- Біздің сыныпта жалқау оқушы бар ма?
- Досың жалқау болса, онымен дос болып қала бересің бе?
IV топ — Ойыңызбен байланыстырыңыз
- «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» мақалын қалай түсінесіз?
- Бұл ертегі неге «Жалқау немере» деп аталған?
V топ — Зерттеңіз
- Жалқаулық туралы мақал-мәтелдер жазыңыз.
- Немеренің еңбек етуіне не әсер етті деп ойлайсыз?
VI топ — Салыстырыңыз
- Ертегіге басқаша қандай ат қояр едіңіз?
- Жалқаулықтың алдын алу жолдарына қатысты ережелер жазыңыз.
Әр топ өз жұмысының нәтижесін қорғайды. Негізгі ойлар ақ қағазға түсіріліп, ортақ талқылауға шығарылады.
III. Ой толғаныс
«Бес жолды өлең» құрастыру
- 1-жол: ________ Жалқау.
- 2-жол: ________ жаман, еріншек.
- 3-жол: ________ шаршайды, істегісі келмейді, тәртіпсіз.
- 4-жол: Жалқаулық — жаман әдет.
- 5-жол: ________ Еріншек.
Оқушылар жеке жұмыс жасап, жұппен ой бөліседі, топта талқылайды. Әр топтан ең үздік жұмыс оқылады.
«Мен қандаймын?» шығармашылық жұмысы
Оқушылар өз мінез-құлқын еңбекқорлық пен жалқаулық ұғымдарымен байланыстырып, қысқа шығармашылық жұмыс жазады.
Сабақ басына қайта оралу
Бастапқы ойлар толықтырылып, сабақ бойы жинақталған пікірлермен салыстырылады.
Қорытынды шумақ
Гүл өсірсең, терлеп, ________
Сабағыңды жөндеп,
Мұның аты — еңбек.
________ әзірленсең — еңбек.
Кесте тіксең зерлеп, ________
Қиындықтың бәрін ________
Еңбек қана жеңбек.