Н. Ә. Назарбаев - ұлт лидеріСабақтың мақсаты:Білімділік

Сабақтың тақырыбы

Н. Ә. Назарбаев – ұлт лидері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру. Елбасының қоғам мен мемлекет дамуына қосқан үлесін, экономика мен саясаттағы реформаларын талдау арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін жүйелі түрде дамыту: тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстыруға, талдауға үйрету, білім алуға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін және жүргізген саясатын үлгі ету. Оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп, толеранттылыққа бейімдеу, туған жерге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

  • а) Ұлттық тәрбие беру
  • ә) Саяси тәрбие беру
  • б) Патриотизмге тәрбиелеу

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Ауызша баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Топпен жұмыс
  • Пікір алмасу

Көрнекіліктер

  • Қазақстан Республикасының картасы
  • Электронды оқулық
  • Слайдтар

Пәнаралық байланыс

Адам және қоғам, география, әдебиет, саясаттану.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа қызығушылықты ояту үшін жетекші сұрақтар қойылады. ХХІ ғасыр — білім ғасыры. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз — өткенін білетін, бүгінін түсінетін, ертеңіне сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу. Осы тұста ең басты құндылығымыз — Тәуелсіздіктің 20 жылдық шежіресіне ой жүгірту.

Жаңа сабақ: ой шақыру

Қазақстан халқы 1 желтоқсанда еліміз үшін елеулі оқиға — Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Бұл мерекенің шығу тарихына тоқталсақ, Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына байланысты осындай шешім қабылдаған болатын.

Неліктен бұл күн маңызды?

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, елдің болашағына бағыт-бағдар берген тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі зор. Қазақстан Республикасының алғашқы әрі қазіргі Президенті Н. Ә. Назарбаев — тек өз еліміз ғана емес, әлем мойындаған саяси тұлға.

Елбасының саясатының нәтижесінде бүгінде елімізде тыныштық пен татулық орнығып, қоғамдық келісім нығая түсті.