Котлеттік массадан шала өнімдер дайындау

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

№266 мектеп-лицей, технология пәні

Мұғалім

Ержанова Арай Аманбаевна

Сабақ тақырыбы: Қой етінен дайындалатын шала өнімдер

Бұл сабақта қой етінен дайындалатын шала фабрикаттар туралы негізгі ұғымдар жүйеленіп, оларды қолдану аймақтары мен дайындау тәсілдері қарастырылады.

Мақсаты

  • Білімділік: қой етінен дайындалатын шала фабрикаттар туралы жалпы түсінік беру, алған білімді жетілдіру.
  • Дамытушылық: оқушының өз жұмысына қызығушылығын арттыру, аспаздық шеберлігін дамыту.
  • Тәрбиелілік: тазалыққа, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру деректері

Сабақтың түрі
Аралас
Сабақтың әдісі
Түсіндіру, сарамандық
Пәнаралық байланыс
Биология, математика

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Кабинетті және тақтаны сабаққа дайындау.
  2. 2 Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  3. 3 Арнайы киім үлгісінің (форма) толықтығын тексеру.
  4. 4 Оқушылардың сабаққа жалпы дайындығын анықтау.
  5. 5 Құрал-жабдықтардың толықтығын тексеру.

II. Жаңа сабақ

Шала өнімдер — әрі қарай өңдеуді қажет ететін, алдын ала дайындалған тағамдық өнімдер.

Дайындау тәсіліне қарай шала өнімдер 3 түрге бөлінеді:

  • Табиғи (порциялы кесектер).
  • Нан ұнтағына аунатылған (жаншып, льезонға батырып, кейін ұнтаққа аунатылады).
  • Шабылған (котлеттік масса негізінде).

Табиғи порциялы шала өнімдер ұшаның дәнекер ұлпасы аз бөліктерінен кесіледі; бір порцияға, әдетте, бір кесік ет беріледі.

Нан ұнтағына аунатылған шала өнімдерде дәнекер ұлпасы көбірек болады. Сондықтан ұнтаққа аунатар алдында етті жаншып, ұнтақтың жақсы жабысуы үшін жаншылған етті льезонға батырады.

Шабылған масса дайындау үшін котлетке арналған ет пайдаланылады.

Қой етінің ірі кесектері

Қой етінен келесі ірі кесек бөліктер бөлінеді: жауырын, төстік, сүбе, сан еті. Ірі кесек еттен дайындалған шала өнімдер, көбіне, бүтіндей қуырылады. Сонымен қатар ірі кесектерден порциялық және ұсақтап туралған шала өнімдер дайындауға болады.

Шала өнімдер: атауы, сипаттамасы және қолданылуы

Төмендегі кестеде қой етінен дайындалатын кең таралған шала өнімдер жүйеленді.

Түрі Атауы Сипаттамасы Қолдану
Ұсақтап туралған Кәуап 30–40 г, текше түрінде туралған ет. Қуыру
Ұсақтап туралған Палау 10–15 г, сүйекті ет кесектері. Бұқтыру
Ұсақтап туралған Рагу 20–30 г, сүйекті ет кесектері. Бұқтыру
Ұсақтап туралған Гуляш 20–30 г, текше түрінде туралған ет. Бұқтыру
Порциялық Жаншылған котлеттер Нан ұнтағына аунатылған, сүйегі бар жұмсақ кесек ет; сопақ-жалпақ пішінді. Қуыру
Порциялық Бифштекс Қалыңдығы 2–3 см, пішіні әртүрлі жұмсақ ет кесегі. Қуыру
Порциялық Эскалоп Қалыңдығы 1–1,5 см жұмсақ ет. Қуыру
Порциялық Шницель Нан ұнтағына аунатылған, сопақша пішінді; қалыңдығы 1,5–2 см жұмсақ ет. Қуыру
Порциялық Бұқтырылған қой еті Қисық төртбұрышты етіп кесілген; қалыңдығы 2–2,5 см жұмсақ ет. Бұқтыру
Порциялық Сүбе Қисық сопақша пішінді; қалыңдығы 4–5 см жұмсақ ет. Қуыру

Сарамандық жұмыс: котлеттік массадан шала өнімдер дайындау

Қажетті ыдыс-аяқтар

  • Еттартқыш
  • Ет бөлгіш тақтай
  • Аспаз пышағы
  • Елек
  • Қалақ
  • Таба

Азық-түлік мөлшері

  • Котлетке арналған ет массасы 1 кг
  • Нан 250 г
  • Сұйықтық 350 г
  • Тұз 20 г
  • Бұрыш Дәміне қарай
  • Нан ұнтағы 60 г
  • Өсімдік майы 200 г

Жұмыстың орындалу реті

  1. 1 31-суретпен танысып, котлет дайындаудың технологиялық процесін анықтаңдар.
  2. 2 Дәптерге котлеттің дайындалу барысын ретімен жазыңдар.

Тірек сөздер: бифштекс, эскалоп, рагу.