Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті • 8-сынып (орыс тілді мектеп үшін)
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров — «Шілде» өлеңі
Сілтеме
Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С. Ч. — Астана: Арман–ПВ, 2012. — 208 бет.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс
- Музыка
- Өзін-өзі тану
Сабақтың мақсаттары
Мақсаттар білімділік, дамытушылық және тәрбиелік бағытта нақтыланады.
Білімділік
Оқушыларды С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Шілде» өлеңінің идеясын ашу. Білім көкжиегін кеңейту, сөздік қорын молайту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, өз ойын толық жеткізуге және өлеңнен негізгі түйінді таба білуге үйрету.
Дамытушылық
Қоғамға қатысты жеке көзқарастың қалыптасуына ықпал ету. Ойды еркін әрі нақты жеткізуге баулу, тіл байлығын дамыту, өз бетімен ізденуге және ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Өлең арқылы оқушылардың бойына сұлулық пен көркемдікке құштарлық дарыту. Табиғаттың әсемдігін тануға, оны көре білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Топтық және диалогтік жұмыстар арқылы оқу үдерісін жандандыру, сөйлеу мәдениеті мен дербес ізденісті күшейту.
-
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, бір-бірінен үлгі алады.
-
Нені және қалай оқу керектігін түсініп, оқу тиімділігін арттырады.
-
Диалог барысында тыңдау және сөйлеу әдебіне мән береді.
-
Көркем әдеби тілде сөйлеуге қызығушылығы артады, сөздік қоры молаяды.
-
Сыни көзқарасын білдіріп, өз пікірін дәлелдеуге дағдыланады.
-
Өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді; өлеңдерді мәнерлеп оқуға талпынады.
Қолданылатын әдістер мен бағалау
Сабақ құрылымы сын тұрғысынан ойлау мен белсенді оқыту тәсілдеріне сүйенеді.
Оқыту әдістері
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс
- Жоба қорғау технологиясы
- РАФТ стратегиясы
- Блум таксономиясы
- АКТ қолдану
- Жас ерекшеліктеріне сай оқыту; талантты және дарынды оқушыларды қолдау
Бағалау және көшбасшылық
Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері негізінде жиынтық бағалау қолданылады. Топ ішінде көшбасшылық пен өзара қолдау мәдениеті қалыптастырылады.
Сабақ барысы
Кіріспе кезеңі: ұйымдастыру, топқа бөлу, психологиялық ахуал, үй тапсырмасын тексеру.
1) Ұйымдастыру және топқа бөлу
Сынып оқушыларын 1–4 санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
2) Психологиялық ахуал қалыптастыру
Оқушылар бір-біріне тілек айтады. Мұғалім төмендегі шумақты ұсынады:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
3) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен білімді анықтау үшін семантикалық картамен жұмыс жүргізіледі. «Жауап парағы» арқылы көршісінің жұмысын тексеру ұсынылады (Қосымша №1).
Тұсаукесер
2 минутСыни тұрғыдан ойлау арқылы жұмыс жүргізіледі. Интерактивті тақтадан С. Торайғыров туралы бейнеролик көрсетіледі. Мұғалім өлеңді оқиды және сұрақ қояды:
- Балалар, бұл өлең қай ақынның өлеңі?
- Дұрыс айттыңдар, бұл — С. Торайғыровтың өлеңі.
- Ендеше, бүгін біз С. Торайғыров жайында тереңірек танысамыз.
Автор туралы мәлімет
Павлодар қаласы, Ленин кенті №33 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Д. Қ. Жексенова.
Материалдың толық нұсқасын жүктеу: бастапқы дереккөзде көрсетіледі.