Бәйге жарысы
«Жас информатиктер» сайысы
Бұл сайыс-сабақ оқушылардың информатика пәнінен алған білімін шыңдап, жылдам ойлау мен нақты жауап беруге дағдыландырады. Әр кезеңде топтардың тапқырлығы, белсенділігі және пәндік сауаттылығы сыналады.
Білімділік мақсаты
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімін сарапқа салу.
Дамытушылық мақсаты
Тапқырлыққа баулу, зейінін, ой-өрісін, белсенділігін дамыту және білімге құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты
Өз біліміне деген сенімділігін нығайту және қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Түрі
Сайыс-сабақ.
Көрнекіліктер
- Слайд
- Компьютер
- Плакат
- Кроссворд
Өтілу барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сайысқа шақыру.
II. Сайысты өткізу бағдарламасымен танысу
- AТоптармен таныстыру
- BӘділқазылар алқасымен таныстыру
- CСайысты өткізу
- DҚорытындыны жариялау
- EМарапаттау
Сайыс жоспары (8 айналым)
-
1. Бәйге жарысы
Лездік сұрақтар арқылы білімді тексеру.
-
2. Жеті жұрттың тілін біл (полиглот)
Терминдерді бірнеше тілде табу.
-
3. Жүйрік болсаң, озып көр
Логикалық тапсырмалар мен шапшаңдық.
-
4. Қандай құрылғы?
Құрылғыларды сипаттамасы бойынша табу.
-
5. Суреттер сөйлейді
Компьютерде сурет салу тапсырмасы.
-
6. Кім жылдам
Кроссворд шешу.
-
7. Жұмбақтар, ребустар
Екі топ бір-біріне жасырған тапсырмалар.
-
8. Сөз тапқанға қолқа жоқ
Топ атауының бірінші әрпінен информатикалық сөздер айту.
Жүргізуші сөзі
Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық жолдауы — егемендіктің кілтін ұстайтын жастардың жарқын болашағына бастайтын үлкен бағдар. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпағы бұл жоспарды болашақта іске асырып, еліміздің экономикасына үлес қосады деп сенеміз.
Қазақстанның болашағы — білімді ұрпақтың қолында. Бүгінгі сайысқа қатысушылар осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімін ұшқыр оймен, нақты жауаппен және шешен тілмен көрсетеді.
Қош келдіңіздер!
Бүгінгі «Жас информатиктер» сайысында әр айналымда сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана жеңіске жақындайды. Ойын 8 айналымнан тұрады.
Сәлемдесу
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым, отырсың ба елеңдесіп?
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе-бірің еріңдер. Біліміңді тексеріп, ойынға қатысып көріңдер!
Қатысушы топтар
1-топ: «Компьютер»
Ұраны
Тетікті бассаң алаңсыз,
Жазамыз қалам-қағазсыз.
2-топ: «Принтер»
Ұраны
Компьютермен енеміз,
Қағазға басып береміз.
Әділқазылар алқасы
«Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем, әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір — сарапқа сал, әділдікпен шеше біл!» Бүгінгі сайысымыздың барысын зерделеп, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысамыз.
1-айналым: «Бәйге жарысы»
«Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жана ма? Бұл бәйге — ойдың бәйгесі: кім жүйрік ойға, сол алда!»
Ереже: оқушылар берілген сұрақтарға жылдам жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер жауап болмаса, «Келесі» деп айту қажет.
Лездік сұрақтар (Принтер тобына)
- 1 Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны: файл.
- 2 Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? Себет.
- 3 Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым: информатика.
- 4 Компьютердің басты бөлігі, «миы»: процессор.
- 5 Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? Араб математигі Әл-Хорезми.
- 6 Монитор мен адамның арақашықтығы: 60–70 см.
- 7 1 Мбайтта қанша Кбайт бар? 1024.
- 8 Буып-түйілген файл: архив.
- 9 Енгізу пернесі: Enter.
- 10 Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша: курсор.
- 11 Пернетақтада қанша функционалдық перне бар? 12.
- 12 Сол жақтағы бір символды өшіру пернесі: Backspace.
- 13 Қағаздағы көріністі экранға түсіретін құрылғы: сканер.
- 14 Paint қандай редактор? графикалық редактор.
- 15 Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы: CD-ROM.