Өткен шақ есімше
Сабақтың мақсаты
Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұмат беру, ой қозғау тәсілдері арқылы оқушылардың танымдық қабілетін және өз бетінше әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Есімшенің түрлерін меңгерту және шақтарын ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Сызбалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Сабақтың мақсатымен таныстыру
II. Жаңа тақырып: ұлттық тағамдар
Қазақ халқы үшін дастарқан мен дәмнен қадірлі нәрсе жоқ. Сондықтан ас ішуге шақырғанда қонақты көп күттірмеген жөн.
Қазақтың ұлттық дастарқанындағы негізгі тағам түрлері:
- Қазақша ет (негізгі ұлттық тағам)
- Қуырдақ
- Қазы
- Шұжық
- Жая
- Бауырсақ
- Жалпақ нан
- Таба нан
- Самса
- Бәліш
- Қымыз
- Шұбат
- Айран
- Құрт
- Ірімшік
- Сарымай
- Қаймақ
- Сүзбе
Ескерту: тақтада әр тағам түріне қатысты суреттер көрсетіледі.
III. Мәтінмен жұмыс
Қазақтың дастарқаны
Қазақ халқы «Ас — адамның арқауы» деп бекер айтпаған. Қонақжай, бауырмал ел дастарқанға ерекше мән берген. Бар тәттісін, жақсысын қонағына арнап, сыбаға сақтап отырған. Сыйлы қонаққа ет асқан.
Қазақ дастарқанының сәні мен мәні — құрт пен май, бауырсақ, ірімшік пен жент, қымыз бен шұбат. Қазақтың дастарқаны кімді де таңғалдыратыны анық.
Дастарқан — халықтың кеңпейілдігін, жомарттығын, қонақжайлығын танытатын айқын белгі.
Тапсырма
- Мәтінді оқып, мазмұнын айту
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Назар аударатын ой
Дастарқан — тек ас ішетін орын емес, ол сыйластық пен берекенің мәдениеті.
IV. Есімше: үш шақта жазу
Төмендегі етістіктерді есімшенің үш шағында жазыңдар: бару, жүру, көру, ойнау, пісіру, арнау, ішу, үрлеу, тұздау.
| Етістік | Ауыспалы шақ есімше | Өткен шақ есімше | Мақсатты келер шақ есімше |
|---|---|---|---|
| Бар | — | — | — |
| Жүр | — | — | — |
| Көр | — | — | — |
| Ойна | — | — | — |
| Пісір | — | — | — |
| Арна | — | — | — |
| Іш | — | — | — |
| Үрле | — | — | — |
| Тұзда | — | — | — |
V. Мақал-мәтелдер: есімшені табу
Мақал-мәтелдерді оқып, есімшелерді табыңдар.
- Білгеннен білмегенің көп.
- Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
- Отанға опасыздық еткенің — өз түбіне жеткенің.
- Білген адам білер, білмеген адам күлер.
- Жоқты бар десең — құт болар, барды жоқ десең — жұт болар.
- Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
- Диқан еккенін жейді, жылқы тепкенін жейді.
VI. Синонимдік қатар: артық сөзді табу
1-топ
Ас, тамақ, ас-су, жер-су, тағам, дәм.
2-топ
Дәмдес, дастарқандас, табақтас, аралас, дәм-тұздас.
3-топ
Дайындау, бітіру, әзірлеу, даярлау, қамдау.
4-топ
Құмар, қызығу, құштар, әуес, іңкәр, ынтық.
VII. Сөз тіркесі құрастыру
Берілген сын есімдер мен зат есімдерді мағынасына қарай тіркестіріп жазыңдар.
Сын есімдер
Жұмсақ, ыстық, сүрленген, тұзды, жас, қою, майлы, қатты, дәмді, қатқан.
Зат есімдер
Ет, нан, тамақ, қамыр, сорпа, шай, қазы, шұжық, шелпек.
VIII. Көп нүктенің орнына әріптерді қою
Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып, есімшелерді анықтаңдар.
К..ңілін ақтарып сап,
Ашы..ған мақтаға..қсап.
Даланы... маржаны ма,
Шашылған ақ бау...рсақ.
Ей, менің ас..ар тауым —
Қазақы дастар..аным!
Өзі..сін ырыс, қуат..м,
Ба..ытым, бастауларым!
IX. Қорытынды
Сабақты қорытындылау
Ұлттық тағам түрлерін қайталап, дастарқан мәдениетінің мәнін талқылаймыз. Есімшенің түрлері мен шақтарын бекітеміз.
Үй тапсырмасы
- 98-бет
- Дастарқан батасын жаттап келу
X. Бағалау
Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеуі, тапсырмаларды орындауы және белсенділігі бойынша бағаланады.