Әскерге шақыру

Тәрбие сағаты

Тақырыбы

Елін қорғау — ерге серт

Сабақтың түрі

Ашық тәрбие сағаты

Көрнекіліктер

  • 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған материалдар
  • Слайд-шоу
  • Гүлдер, шарлар

Мақсаты

Білімділік

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылу тарихы, оның еліміздің бейбітшілігін сақтаудағы маңызы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі және егемендігімізді қорғаудағы рөлі туралы терең мәлімет беру.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту; сахнада өзін еркін ұстап, өнерін көрсете білу арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Туған елін, жерін, Отанын, тілін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; тарихты қадірлей отырып, патриоттық сезімді нығайту.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Қонақтар мен оқушыларды қарсы алу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

  2. II. Қазақстан Республикасының Әнұраны

    Әнұран орындалады.

  3. Жүргізушілер сөзі

    I жүргізуші

    Армысыздар, қымбатты ұстаздар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр сыйлаған 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз!

    II жүргізуші

    Жүрекке адалдықтың еккен гүлін,
    Ғажайып келешектің төккен гүлін.
    Ардақты әкелерге, ағаларға,
    Ұлдарымызға шын көңілден
    Жолдаймыз алғыс пен сәлем бүгін.

    3 «В» сынып оқушыларының «Елін қорғау — ерге серт» атты мерекелік ашық тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

  4. Тарихи-танымдық бөлім

    Отан қорғаушылар күні — ел тарихындағы айрықша мәні бар мереке. 2018 жылғы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл толды. Бұл күн қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын айқындайды.

    Қазақстан — кең байтақ, 130-дан астам ұлт пен ұлыс мекен еткен мемлекет. Әрбір азамат ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірлікті ту етіп, туған жерге деген махаббатын ісімен дәлелдесе — бұл нағыз отансүйгіштік.

    Ел бірлігі туралы ойлар талай еңбектерде айтылған: ұлттық бірліксіз патриотизмнің әлсірейтіні жиі еске салынады. Жасөспірімді отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызды жолы — патриоттық сезімді ерте жастан дамыту. Патриотизм туа біткен қасиет емес, ол тарихи-әлеуметтік тәжірибе арқылы қалыптасады және Отанға қызмет етуде көрінеді.

    Сұрақ

    «Отан» туралы кім не біледі? Ортаға шығып, ой бөлісуге болады. (Отан туралы әдеби монтаж)

  5. Музыкалық бөлім

    Күй

    «Мектеп — кеме, ес білімнің ескегін…» (музыкалық сүйемел)

    Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі. Орындайтын: Дүйсенбайқызы Сабина.

    Құттықтау және ән

    Ел-халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің қызметі ұшан-теңіз. Айбынын асқақтатып жүрген сардарлар мен сарбаздарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Ұлдарымызға амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!

    Арайланып ақ таң сайын, ашық болсын!
    Мейрамдарың бүгінгі құтты болсын, ұлдар!

    «Сарбаздар әні». Орындайтындар: Тасқынбай Нұрилла және ұлдар тобы.

  6. Көрініс: «Әскерге шақыру»

    Оқиға шалғай ауылда өмір сүріп жатқан отбасыда өтеді. Ер жетіп қалған Азаматқа әскерге шақыру қағазы келеді. Пошта қызметкері Мұса үйге кіріп келеді.

    Мұса

    — Ассалаумағалейкум!

    Қасым ата (Асет)

    — Уағалейкумассалам, балам. Төрге шық. Қандай шаруамен жүрсің?

    Мұса

    — Ақсақал, Азаматқа әскерге шақыру қағазын әкелдім.

    Дария әжей (Сабина)

    — Жалғыз баламды әскерге қалай жіберемін? Қазір түрлі жағдай болып жатыр… Біздің күніміз не болады? Жоқ, мен жібере алмаймын.

    Қасым ата (Асет)

    — «Жібере алмаймын» деген не сөз? Бұл — азаматтық борыш. Азаматтың өз пікірін де тыңдайық.

  7. Авторлық мәлімет

    • Мекеме: Атырау қаласы, №37 жалпы білім беретін орта мектеп
    • Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
    • Аты-жөні: Рысқалиева Сабила Мұратқалиқызы