Күлтегін жырынан

Ежелгі дәуір әдебиеті Орхон жазбалары Тәуелсіздік идеясы

Негізгі ой

«Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін...» (Күлтегін жырынан)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Күлтегін жырларын терең түсіндіру, көркемдік ерекшелігін ұғындыру. Оқушылардың ізденімпаздық пен шығармашылыққа қызығушылығын арттырып, білім көкжиегін кеңейту.

Дамытушылық

Орхон ескерткіштеріндегі жырда көтерілетін негізгі мәселелерді таныстыру, жыр тұлғаларына жан-жақты сипаттама беру және өзіндік ерекшелігі мен құндылығын бағалату.

Тәрбиелік

Оқушыларды ізденіске жетелеу, отанды сүюге баулу, тарих тағылымдары арқылы тәрбиелік мәні жоғары тұжырым жасату.

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Сабаққа қатысымды тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті туралы не білеміз?
  2. Неліктен ежелгі дәуір әдебиетін төл әдебиетіміз тарихының бастауы деп есептейміз?
  3. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын қандай шығармаларды білесің?
  4. Осы мұраларды зерттеп, әдебиет тарихына қосып, елге танытуға үлес қосқан қазақ ғалымдарын ата.

III. Жаңа сабақтың мазмұны

1) Ой шақыру

  • Секен Тұрысбековтың «Күлтегін» күйін тыңдату.
  • Интерактивті тақтадан көне түркі әліпбиі мен тас ескерткіштердің суреттерін көрсету.
  • «Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін...» сөйлемінің мағынасына назар аударту.

Орта Азиядағы түркі тайпалары руна жазуын қолданған. Араб әліпбиі кейінірек, X ғасырда ислам дінінің енуіне байланысты кең тараған. Әлемге әйгілі Орхон ескерткіштерінің тастарында осы руна жазуымен VIII ғасырда көптеген жырлар қашалып жазылған.

Орхон жазбаларын алғаш танығандар қатарында швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н. М. Ядринцев (XVIII–XIX ғғ.) аталады. Құлпытастарға қашалып жазылып, бүгінге жеткен бұл мұралар ғылымда руналық жазулар деп аталады.

Жазуларда VII ғасырдағы іргелі мемлекет — Түркі қағанаты құрамындағы рулардың өзара жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Кейін «Орхон–Енисей ескерткіштері» атанған жырлардың өзекті идеясы — елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігін сақтау.

Жырда көтерілетін негізгі мәселелер

  1. Түркі қағанатының тәуелсіздігінен айырылған кезең (630–680 жж.).
  2. Түркілердің тауғаштарға бағыныштылығы:
    • Тауғаштың алтын-күмісіне, жібек матасына алдану;
    • Таққа отырған ұрпақтың жігерсіздігі.

2) Мәтінмен жұмыс

  • Күлтегін жырын мәнерлеп оқу және түсіндіру.
  • Оқушыларға үзінділерді мәнерлеп оқыту.
  • Көркемдік ерекшелікті танытатын сөз айшықтарын теріп жазу.

Мысалдар

«от-су қылмадым», «түнде ұйықтамадым», «күндіз отырмадым», «тізеліні бүктірді», «бастыны еңкейтті».

3) Жырдағы тұлғаларды топтастыру

Күлтегін Тоныкөк Білге қаған Елтеріс Қапаған Елбілге ана Тауғаш халқы Ұмай ана

Күлтегіннің бейнесі

Күлтегін — жырдағы оқиғаны ұйымдастыратын негізгі тұлға. Ол түркі халықтарының ерлік туралы түсінігінің жинақталған бейнесі ретінде көрінеді. Бейнесінен ержүректік, өршілдік, қайсарлық, қайтпас мінез айқын танылады.

  • 47 жас жасаған әскербасы.
  • Бумын, Қапаған, Істемі қағандар әулетінің ұрпағы.
  • Білге қағанның туған інісі; эпостық образ деңгейіндегі өзекті тұлға.

Күлтегін туралы деректер

Мағынасы

«Күлтегін» — «атқа мықты, бекем бекзада» деген мәнде түсіндіріледі.

Тұлпарлары

Алып шалшы ақ айғыр, Азманақ, Қарагер, Башғы боз ат.

Күлтегін өмірінің жас белестері (жыр бойынша)

7 жас — «інім Күлтегін жеті жаста қалды...»

10 жас — «он жаста... інім Күлтегін ер атанды...»

16 жас — «ел-жұртын сонша молайтты...»

21 жас — «Чача Сеңүнмен айқастық...»

26 жас — «Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде...»

27 жас — «Күлтегіннің жиырма жеті жасында...»

30 жас — «сол соғыста отыз жаста еді...»

31 жас — «Күлтегін отыз бір жаста еді...»

47 жас — «Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді...»

4) Батырлар жырымен салыстыру

Күлтегін жыры

«Қойға шапқан бөрідей,
Талқандап қуып береді...»

«Әкем қағанның қосыны бөрідей,
Талқандап қуып береді...»

«Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды...»

«Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды...»

Салыстыруға арналған шығармалар

«Қобыланды жыры», «Алпамыс жыры» (ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау).

5) Венн диаграммасы

Ортақ белгі

Елдік идеясы, ерлік рухы, халық бірлігін сақтау, тарихи жадыны жаңғырту.

Күлтегін жыры

Тарихи-эпикалық сипат, руналық жазба мұра, мемлекетшілдік үн.

Қазақ батырлар жыры

Ауызша дәстүр, жыршы орындауы, кейіпкердің халықтық идеалға айналуы.

6) Сөздік жұмысы

Қаған
хан
Білге
ақылды, данышпан, білікті
Шад, ата бектер
әскер басшылары
Тоғыз оғыз
тайпаның атауы

IV. Қорытынды

Тарихи желі

  • Батырлар жыры — елдікті ту етті.
  • Күлтегін жыры — елдікті нығайтуды насихаттады.
  • Исатай–Махамбет — еркіндік үшін күресті.
  • Желтоқсан көтерілісі — тәуелсіздікті ту етті.

Ойтолғау сұрағы

«Бүкіл түркі халқы үшін
Түн ұйқымды төрт бөлдім,
Жанып күйдім, өрт болдым...»
(Күлтегін жырынан)

Осы жолдарды бүгінгі күнмен байланыстырып, өз пікіріңді сабақтан алған әсеріңмен ұштастырып жаз.

V. Үй тапсырмасы

  • Жырды түсініп оқып, үзінді жаттау.
  • «Жыршы тастар — әлемнің керемет таңғажайыбы» тақырыбында ойтолғау жазу.