Қасқырлардың қаруы
Сабақтың мақсаты
- Білімділік
- Оқушыларға автор туралы қысқаша түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын түсіндіре отырып, негізгі ойды анықтау.
- Дамытушылық
- Сөздік қорды молайту, ой-өрісті және тіл байлығын дамыту. Тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
- Тәрбиелік
- Табиғатқа қызығушылықты ояту. Жануарларды қорғап, аялай білуге, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Аралас сабақ.
Әдістері
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Сипаттау
- Ой қозғау
- Талдау
Көрнекіліктер
- Ә. Қоңыратбаевтың суреті
- Аң-жануарлардың суреттері
- Мақал-мәтелдер
- Сөзжұмбақ
- Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, математика.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
М. Сүндетов — «Қайырымдылық»
Мәтін мазмұнын айтқызу және мәтін бойынша білімдерін пысықтау.
Сұрақтар:
- 1.Мұғалім Мұхтарды не үшін мақтады?
- 2.Мектептен келе жатып қандай оқиғаға тап болды?
- 3.Мұхтар не үшін қуанды?
- 4.Анасы Мұхтарға не үшін ұрыспады?
- 5.Әңгіме неге «қайырымдылық» деп аталған?
- 6.Қайырымдылық дегеніміз не?
- 7.Балалардың әрекеті дұрыс па?
III. Сабақты бекіту
Дәптер бойынша берілген тапсырмаларды тексеру.
Тапсырма 1
Кейіпкерге хат.
Тапсырма 2
«Қамқорлық» тақырыбы.
Тапсырма 3
Мұхтарға мінездеме.
Тақтада сандар берілген. Сандарды ретімен орналастырсаңдар, бүгінгі жаңа тақырыптың атауы шығады:
Жауабы:
«Киіктің айласы»
IV. Жаңа сабақ
1) Автор туралы мәлімет
Әуелбек Қоңыратбаев (1905) — Қызылорда облысында дүниеге келген әдебиет зерттеуші, сыншы, ғылым докторы, педагогикалық оқу орнында қызмет атқарған.
- «Сұр көжек» шығармасының авторы
- Ғ. Мұратбаев туралы естелік жазған
- «Қозы Көрпеш» жыры мен «Қорқыт ата» кітабын қазақ тіліне аударған
2) Оқулықпен жұмыс
Жұмыс барысы
- Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жүргізу
- Оқушыларға мәтінді кезекпен оқыту
Қосымша мәлімет
Киік — жұптұяқты жануар. Киікке байланысты аңыз-әңгімелер мен теңеулер жиі кездеседі. Халық арасында «киіктің киесі бар» деген ұғым кең тараған. Киік деп көбіне ақбөкен мен қарақұйрықты айтады.
«Қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған» (Асан-Қайғы)
Тапсырмалар (нұсқалар бойынша)
1-нұсқа
-
1) Мәтінге сүйеніп, аң мен жануарлардың жаудан сақтануда қолданатын «қару-құралын» және айла-тәсілін ата.
Мысал: қасқыр — тіс; қабан — азу; ақбөкен — аяқ. Теке өтірік ақсап, үйірін қорғады.
-
2) «Таяқ сілтем жер» тіркесіндегі таяқ сілтем сөзін мағынасына сай басқаша айтып көр.
Мысал: таяқ сілтем — жақын.
2-нұсқа
-
1) Мәтіннен ақсақ киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты оқы.
Мысал: Теке буыны қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін өтірік ақсап, қасқырларды басқа жаққа адастырды. Бір теке он шақты қасқырды осылай алдап кеткен.
-
2) «Діңкесі құрыған» тіркесіне мағыналас сөздерді тап.
Мысал: шаршаған, шалдыққан.
3) Суретпен жұмыс
Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру.
4) Топтастыру: «Киік»
V. Сергіту сәті
«Мақал-мәтелдің жалғасын тап» ойыны.
-
1) Балығы болмаған көл құрысын,
Киігі болмаған шөл құрысын.
-
2) Тауда жүрген киіктің
Көзінен өзге айыбы жоқ.
-
3) Қасқырдың ойлағаны — арамдық,
Қойдың ойлағаны — амандық.
-
4) Қасқыр тойғанына емес,
қырғанына мәз.
VI. Сабақты қорытындылау
Сөзжұмбақ шешу арқылы негізгі ұғымдарды бекіту.
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Мәтіннің авторы кім? | Әуелбек |
| 2 | Қасқырлар нелерге шабуыл жасады? | Киікке |
| 3 | Қасқырлардың қаруы? | Тіс |
| 4 | Мәтінде қай мезгіл суреттелген? | Күз |
| 5 | Ақбөкеннің сүйенері не? | Аяқтары |
| 6 | Ақбөкен қандай аң? | Жүйрік |
| 7 | Қасқыр, қабан ше? | Аң |
| 8 | Киіктің лағы? | Құралай |
| 9 | Ақбөкен қандай үй жануарына ұқсайды? | Қой |
| 10 | Теке үйірін қасқырлардан несі арқылы құтқарды? | Айласы арқылы |
| 11 | Қабанның қаруы? | Азу |
| 12 | Киіктер суатқа не үшін келді? | Су үшін |
| 13 | Киіктердің жауы? | Қасқыр |
VII. Үй тапсырмасы
Оқу
Мәтінді оқып, мазмұндау.
Жазба жұмыс
Табиғаттағы аң-құстардың тіршілігі туралы шағын әңгіме жазып келу.
VIII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, мәтінді түсінуі, тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау.