Логикалық есептерді шешу
Сабақ тақырыбы
«Ерен еңбектерің — жеңісің, ерке ұлдарың — жемісің»
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды тапқырлыққа, табандылыққа және іскерлікке дағдыландыру.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Заттар
- Фигуралар және басқа да құралдар
Сабақтың жоспары
- Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды ата-аналарымен ортаға шығару
- Сайыстың шарттарымен таныстыру
- Әділқазылар алқасымен таныстыру
- Оқушылардың өнерін тамашалау
- Қорытындылау
- Марапаттау
Кештің ашылуы
Армысыздар, осында жиналған қауым!
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар.
Рұқсат етсеңіздер, құрметті көрермендер,
Кешімізді бастайық, қадірлі қатысушылар!
Бүгінгі кеш төрінде — математика тілінде сайыс.
Жанұялар жарысып, жұмбақ шешіп, ой ұшқырлығын сынайды. Шабыт тасып шалқысын — есеппен ән салып, көңілді кеш жасаймыз.
Әкесімен, ағасымен, анасы да — алда озар ең мықтысы осы жолда. Көпшілік өнерлерін қызықтамақ, ендеше қатысушыларды ортаға шақырайық.
Сайыстың шарттары
- А) Логикалық есептерді шешу
- Б) Мақал-мәтелдің жалғасын табу
- В) Жұмбақты шешу және орыс, ағылшын тіліне аудару
- Г) Математикалық ойындар
Ең қиыны — жарыстың! Жорға келді, мықтылары келіпті — жеңсін енді. Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай — осы ойыннан көрейік ерен ерді.
1-бөлім: Логикалық есептер
- Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? Жауабы: 0
- 2 ғасырда неше жыл бар? Жауабы: 200
- Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын фигура қалай аталады? Жауабы: бұрыш
- Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? Жауабы: түзу
- Бұрышты өлшейтін құрал қалай аталады? Жауабы: транспортир
- Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? Жауабы: 1
- Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? Жауабы: атасы, баласы, немересі
- 5 жұмыртқа 12 минутта піссе, 10 жұмыртқа қанша минутта піседі? Жауабы: 12 минут
- Бір жанұяда 5 ұлдың әрқайсысының бір қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала? Жауабы: 6 бала
-
Екі бұтақтағы торғайлардың жалпы саны — 15. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшты. Екінші бұтақтан 2 торғай ұшып барып, бірінші бұтаққа қонғанда, екі бұтақтағы торғайлар саны тең болды. Бастапқыда әр бұтақта қанша торғай отырды?
Жауабы: 1-бұтақта 7, 2-бұтақта 8
- Бала қорапқа барлығы 8 өрмекші мен қоңыз жинады. Қораптағы барлық аяқ саны 54 болса, қанша қоңыз және қанша өрмекші бар? (Қоңызда 6 аяқ, өрмекшіде 8 аяқ.) Жауабы: 5 қоңыз, 3 өрмекші
- Натурал сандар дегеніміз қандай сандар? Жауабы: нәрселерді санауға арналған сандар
- Жазықтықта бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны қалай аталады? Жауабы: шеңбер
- Құрамында әрпі бар өрнек қалай аталады? Жауабы: әріпті өрнек
- Бұрышты қақ бөлетін сәуле қалай аталады? Жауабы: биссектриса
- Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуі керек. Бөлме саны 100 болса, «9» цифры неше рет жазылады? Жауабы: 19 рет
- 50 саусақ көрінуі үшін неше баланың қолы көрінуі керек? Жауабы: 5 бала
- Спутник Жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минут? Жауабы: 1 сағат 43 минут
- Сағаттың 1/4 бөлігі неше минут? Жауабы: 15 минут
2-бөлім: Мақал-мәтел жарысы
Төмендегі мақал-мәтелдердің жалғасын табу немесе мағынасын түсіндіру ұсынылады.
- Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды сыйла.
- Отыз күн оразаның бір күн айт(ы) бар. Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.
- Жерді екі жыртқан, өнімді екі есе алады.
- Шындық он екі қабат шынжырды үзеді.
- Жалқаудың екі досы бар: бірі — ұйқы, бірі — күлкі.
- Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.
- Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
- Бермегенге бесеу де көп, алғанға он болса да аз.
- Досыңның мың болғанына мақтан, дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
- Алдыңа бір қарасаң, артыңа он қара.
- Бес саусақ жұмылса, жұдырық болады.
- Ел құлағы — елу.
- Ер қаруы — бес қару.
- Ер жігіт бірде бір кісілік, бірде мың кісілік.
- Үш жыл қой баққаннан қырық жыл ақыл сұрама.
- Бір күн дәм татқанға — қырық күн сәлем.
3-бөлім: Математикалық жұмбақтар
Жұмбақтың шешуін тауып, қажет жерінде орыс және ағылшын тілдеріндегі баламасын айтуға болады.
-
Өзі төрт қанатты және алты аяқты, сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
Инелік стрекоза dragonfly
- Екі ағайынды, екеуі де бір үйде, бірін-бірі көрмейді. Көз
- Таңертең төрт аяқты, түсте екі аяқты, кешке үш аяқты. Адамның үш шағы
- Жаңылмасын жетеуі, кезек қызмет етеді. Апта күндері
-
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да — ұзындығы жазулы тұр бойында.
Сызғыш линейка a ruler
-
Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама.
Кітап книга book
-
Түйеқұс таразыда тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
12 двенадцать twelve
- Сан ол сызықпен бөлінген: үсті — алым, асты — бөлім деп аталып, әсем түрде керілген. Дұрыс, бұрыс, аралас деп түрлері берілген. Бөлшек
- Бүтін, бөлшек бөліктерден үтір айырып тұрады. Осы санның аты қандай? Ондық бөлшек
- Нүктеден, екі түзуден құралған фигура. Айтыңдаршы, қалай аталады? Бұрыш
Қорытынды және марапаттау
Сайыс қорытындыланып, қатысушылардың тапқырлығы мен белсенділігі бағаланады. Жеңімпаздар мен ерекше көзге түскен оқушылар марапатталады.