Мені ана жаққа жіберші

Жеті қат аспанның ар жағындағы періште

Жеті қат аспанның ар жағында, жұмақта періштелер өмір сүріпті. Солардың ішінде ерекше бір періште болыпты. Оның өзгелерден айырмашылығы — жұмақтағы мәңгілік тыныштыққа қанағат етпей, басқа әлемді танысам деген ынтызарлығы күннен-күнге күшейе берген екен.

Тіпті ғажайып, мамыражай мекенде өмір сүрсе де, белгісізге деген қызығушылығы маза бермей, санасын билеп алыпты. Бір күні ол былай деп тіл қатыпты:

— Ей, бүкіл дүниені жаратқан Ием! Мені ана жаққа жіберіңізші...

Сонда Жаратушы былай деп жауап беріпті:

— Сен бұл жерден кете аласың. Бірақ періште екеніңді ұмытасың, әрі Мені де ұмытасың. Ол жақта қайғы-қасіреттің шарықтау шегін көресің. Одан шығудың амалын тауып, мұнда қайтар жолды да өзің іздеп табуыңа тура келеді.

Жерге түсу

Бақыт мекенінде ғұмыр кешкен періште қайғы-қасіреттің не екенін білмепті. Алайда оның тілегі күн өткен сайын артып, ақыры пенделер мекені — жерге түсіпті.

Егер сіз ақкөңіл, адал, ашық, шынайы, баладай аңғал, қуанышқа толы жандарды жолықтырсаңыз, оларды ренжітіп, ашуландырып алмаңыз.

Өйткені олардың арасында көктен түскен әлгі періште болуы әбден мүмкін.

Дереккөз: pritchi.ru

Дайындаған: Жадыра

Қызықты әңгімелер білсеңіз, бізге жолдаңыз — сайтта жарияланады.