Египеттегі медицина
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Пән
Ежелгі дүние тарихы
Сынып
6-сынып
Сабақтың тақырыбы
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Сабақтың мақсаты
Египеттік жазудың шығуы мен дамуын зерттеу арқылы оқушылардың білімін, білігін және дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық оқушылар
Египетте дамыған ғылыми білім түрлерін анықтай алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Неолит кезеңіне жататын ең көне тұрақтардың бірі — Қараүңгір туралы біледі (б.з.б. V мыңжылдық).
Кейбір оқушылар
Египеттік жазудың шығуы мен дамуын, математика мен медицинаның қалыптасуын зерттеп, шығармашылық жұмыс орындайды.
Тілдік мақсат және негізгі ұғымдар
Оқушылар тақырыпқа қатысты негізгі сөздер мен тіркестерді қолдана отырып, мәтінмен жұмыс істейді, сұрақ қояды және өз ойын дәлелдеп айтады.
Иероглиф
Иероглиф (гр. hieros — «қасиетті», гр. glyphe — «ойылып жазылған») — идеографиялық жазудың таңбасы. «Иероглиф» терминін алғаш рет Климент Александрийский шамамен 200 жылы Мысыр жазуына қатысты қолданған. Ең көне мысыр иероглифтері б.з.б. IV мыңжылдықта пайда болған.
Папирус
Папирус (лат. Cyperus papyrus) — қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы 5 м-ге дейін өседі, үш қырлы, жуан; түп жағы қабыршақты жапырақты болады. Вегетативті өркендерінің жапырақтары жіңішке, қандауыр тәрізді.
Сыныптағы диалог және талқылау бағыттары
Оқушылар жұппен және топпен жұмыс барысында бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын нақты дәлелдермен толықтырады.
Талқылауға ұсынылатын тақырыптар
- Египеттік жазудың шығуы мен дамуы
- Математикалық білімдер
- Аспан әлемі (астрономия туралы түсініктер)
- Египеттегі медицина
- Ежелгі Египеттегі мектеп
Сұрақтарға бағдар
Сіз неліктен бұлай ойлайсыз? Жауабыңызды мысалдармен дәлелдеңіз.
Ежелгі Египет мектептерінде шәкірттер өз ықыластарымен оқыды ма? Қандай дәлел келтіре аласыз?
Жазылым тапсырмасы үшін ұсыныс: «Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері» туралы мәтінді оқып, дәптерге қысқаша мазмұндап жазыңыз.
Сабақтың құрылымы
Сабақтың басы (7 минут)
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды ахуал қалыптастыру: оқушылар өздерінің жақсы қасиеттерін атап, бір-бірін таныстырады.
II. Топқа бөлу
Санамақ арқылы 1, 2, 3 топқа бөлу.
III. Үй тапсырмасын тексеру
«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы қысқа қайталау жүргізіледі, соңында перғауындар туралы бейнематериал көрсетіліп, қорытынды жасалады.
- Перғауын деген кім?
- Египеттегі шонжарлар тобына кімдер жатты? Олардың қызметін сипаттаңыз.
- Египет перғауындары қандай көрші елдерді жаулап алды?
- III Тутмос қай жылдары билік етті? (б.з.б. 1525–1491 жж.)
Сабақтың ортасы (8–30 минут)
Жаңа сабақ
«Түртіп алу» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс: оқушылар негізгі ойларды, түйінді тұстарды белгілеп, мағынасын түсіндіреді және талқылайды.
Мәтін бөлімдері
- 1.Египетте жазудың шығуы мен дамуы
- 2.Математикалық білімдер
- 3.Аспан әлемі
- 4.Египеттегі медицина
- 5.Ежелгі Египеттегі мектеп
Нәтижені бекіту
Белгіленген негізгі ойлар бойынша қысқаша тұжырым жасалып, оқушылардың түсіндіруі тыңдалады.
Мектеп және мұғалім туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
№22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалім
Абдуллаев Дулат Байдуллаевич