Сиқырлы есептер елі

Алматы қаласы, Медеу ауданы

Шоқан Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия

Информатика пәні мұғалімі: Маметова Гүлназ Қуатбековна

Сабақтың тақырыбы

«Программалау еліне саяхат»

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

  • Білімділік

    Оқушылардың циклдік алгоритм бойынша өткен тақырыптарын еске түсіріп, қайталау және пысықтау.

  • Дамытушылық

    Ойлауын, компьютерлік сауаттылығын, іскерлігін, танымдық және логикалық қабілетін дамыту; пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

  • Тәрбиелік

    Еркін сөйлеуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақты ұйымдастыру

Сабақтың типі

Жарыс сабақ

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • Көрнекі түсіндіру
  • Салыстыру және талдау
  • Өз бетінше жұмыс
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Топпен жұмыс

Әдістемелік нұсқау

Өткен сабақты қайталау арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту және ғылыми-шығармашылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі, математика

Көрнекіліктер

Компьютер, интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі карточкалар, мақтау қағаздары.

Сабақтың барысы

I. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

  1. Сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару.
  2. Сабақтың мақсатымен, жарыс ережелерімен таныстыру; оқыту тәсілдерін қысқаша талдау.
  3. Топ атауларын анықтау:
    • Қызыл алма — «Алгоритм» тобы
    • Жасыл алма — «Программа» тобы
    • Сары алма — «Оператор» тобы

II. Жарыс кезеңдері

«Сиқырлы сандар» елі

Сұрақ-жауап арқылы циклдер тақырыбын пысықтау.

«Атақты тұлғалар» елі

Ғалымдарды сипаттама бойынша тану.

Демалу уақыты

Сергіту тапсырмалары.

«Полиглот» елі

Терминдерді үш тілде айту.

«Сиқырлы есептер» елі

Паскаль тілінде есеп шығару.

«Паскаль» аралы

Бағдарламалау дағдыларын бекіту.

1) «Сиқырлы сандар» елі

Оқушылар сиқырлы сандарды таңдап, оның артында жасырылған сұрақтарға жауап береді. Әр топ 3 сұрақтан жауап береді.

Циклдік алгоритмге анықтама бер.

Жауап: Аргументтің әртүрлі мәндеріне байланысты алгоритмнің белгілі бір бөлігін бірнеше рет қайталауды ұйымдастыратын алгоритм.

Қайталау саны алдын ала белгілі болғанда қолданылатын оператор.

Жауап: Параметрлі цикл (FOR операторы).

FOR операторының жалпы жазылу түрі.

Жауап: FOR i := m1 TO m2 DO

Егер қадам 1-ге тең болып, бастапқы параметр (m1) соңғы параметрден (m2) үлкен болса, қандай түрі қолданылады?

Жауап: FOR ... DOWNTO

Қайталау саны белгісіз, алдын ала берілген шарт бойынша қайталау операторы.

Жауап: WHILE операторы.

WHILE операторының жалпы жазылу түрі.

Жауап: WHILE <шарт> DO <оператор>

REPEAT және WHILE операторларының айырмашылығы қандай?

Жауап: REPEAT операторында шарт цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады.

WHILE операторында шарт цикл басында тексеріледі: шарт ақиқат болса ғана цикл орындалады.

Сонымен қатар, REPEAT ... UNTIL аралығында бірнеше оператор жазуға болады (қажет болса begin...end қолдануға болады), ал WHILE ішінде бірнеше оператор орындалса, әдетте begin...end міндетті түрде қолданылады.

REPEAT операторының жалпы жазылу түрі.

Жауап: REPEAT ... UNTIL <шарт>

Циклдік алгоритм неше түрге бөлінеді?

Жауап: 3 түрге: параметрлі цикл, алғы шарты бар цикл, ілесу (соңғы) шарты бар цикл.

2) «Атақты тұлғалар» елі

Оқушыларға ғалымдар туралы сипаттамалар беріледі. Міндет — жасырынған тұлғаның атын табу.

1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған, әлемдегі алғашқы программист әйел. Атақты Байронның қызы.

Жауап: Ада Лавлейс

1642 жылы 19 жасында дөңгелектер мен жетектерге негізделген механикалық есептеу машинасын («қосу машинасы») құрастырған француз математигі.

Жауап: Блез Паскаль

Қазіргі таңда «Microsoft» компаниясымен байланысты ең танымал тұлғалардың бірі; 13 жасында алғашқы бағдарламасын жазған.

Жауап: Билл Гейтс

1833 жылы бағдарламамен басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасаған; қазіргі компьютердің «атасы» деп аталады.

Жауап: Чарльз Бэббидж

1968–1971 жылдары Паскаль тілін оқып-үйренуге қолайлы бағдарламалау тілі ретінде ұсынған швейцариялық ғалым.

Жауап: Никлаус Вирт

«Алгоритм» ұғымын ғылымға енгізген әйгілі араб математигі.

Жауап: Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми

3) «Полиглот» елі

Әр топқа 3 сөйлем беріледі. Оқушылар сөйлемдегі түсіп қалған сөзді тауып, сол сөздің түбірін орыс және ағылшын тілдерінде айтады.

1) WHILE операторы шартты алдын ала тексереді.

Орысша: условный · Ағылшынша: conditional

2) Егер есепте қайталану саны белгісіз болса, WHILE операторы қолданылады.

Орысша: неизвестный (неопределенный) · Ағылшынша: unknown

3) Параметрлі қайталану (FOR) операторының екі түрі болады.

Орысша: два · Ағылшынша: two

4) REPEAT операторы шартты соңынан тексереді.

Орысша: проверять · Ағылшынша: check

5) Егер есепте қайталау саны белгілі болса, FOR операторы қолданылады.

Орысша: повторить · Ағылшынша: repeat

6) WHILE операторында шарт ақиқат болса, цикл тұлғасы орындалады; ал керісінше болса, цикл тоқтатылады.

Орысша: истина (правда) · Ағылшынша: true

7) Циклдік оператордың үш түрі болады.

Орысша: три · Ағылшынша: three

8) Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы керек.

Орысша: целый · Ағылшынша: integer

9) FOR операторында қадам +1 болса — TO, ал -1 болса — DOWNTO қолданылады.

Орысша: шаг · Ағылшынша: step

4) «Сиқырлы есептер» елі

Әр топқа цикл операторларына арналған есептер беріледі. Есептерді PascalABC бағдарламасында шығару қажет.

1-есеп

1-ден 10-ға дейінгі тақ және жұп сандардың қосындыларын табатын бағдарлама құрыңдар.

III. Сергіту сәті

Әр топқа арналған қысқа сергіту тапсырмалары:

  1. 10 айырмашылығын табу.
  2. Суретте қанша шаршы бейнеленген?
  3. Неше адам жасырынған?

IV. Сабақты қорытындылау

Топтардың жинаған алма санына сәйкес 1, 2, 3 орын анықталып, марапаттау жүргізіледі.

V. Рефлексия

Оқушылар алмаларға бүгінгі сабақтан алған әсерін немесе тілегін жазып, тақтаға іледі.

Қосымша материалдар