Мәтін теру ережелері

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп

Астана қаласы, №70 мектеп-лицейі

Пән

Информатика (6-сынып)

Мұғалім

Болыс Асем Амантайқызы

Тақырып

Мәтінді теру ережелері. Мәтін бойымен жылжыту

Сабақтың мақсаты

  • WordPad редакторында мәтін теру ережелері туралы мәлімет беру.
  • Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету.
  • Өзгенің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер

  • Компьютер, мультимедиялық тақта
  • Флипчарт, кеспе материалдар
  • Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың түрі: Дәстүрлі Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сынып тазалығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасы (қайталау сұрақтары)

Өткен тоқсанда WordPad мәтіндік редакторының интерфейсін қарастырдық. Төмендегі сұрақтар арқылы білімді еске түсіреміз:

  1. 1Мәтіндік редактор деген не?
  2. 2WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
  3. 3Абзацтың қандай қасиеттерін білесің?
  4. 4Мәтіндік курсор дегеніміз не?
  5. 5Мәтіннің негізгі элементтерін ата.
  6. 6WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін кім түсіндіріп береді?

III. Жаңа сабақ

Мәтін теру ережелері

  1. 1) Shift пернесі: бас әріпті немесе жоғарғы регистрдегі символды енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұрамыз. Мысалы: Мәтін.
  2. 2) Caps Lock: егер бірнеше сөзді толық бас әріппен енгізу керек болса, Caps Lock пернесін қолданамыз. Мысалы: САБАҚ.
  3. 3) Рим цифрлары: рим цифрларын енгізу үшін латынның бас әріптері қолданылады. Мысалы: XXI ғасыр.
  4. 4) Дефис: дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: іс-әрекет, 5-сынып.
  5. 5) Бір бос орын: сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін бір бос орын қойылады.
  6. 6) Ұзын сызықша (—): ұзын сызықша алдына да, соңына да бос орын қойылып жазылады.
  7. 7) Тырнақша мен жақша: тырнақшаға немесе жақшаға алынған сөздер олардан бос орын арқылы ажыратылмайды.
  8. 8) Enter пернесі: Enter пернесін абзацтың соңында басамыз. Жолды тасымалдау автоматты түрде орындалады.

Мәтін бойымен жылжу

Курсорды мәтін бойынша келесі пернелер арқылы жылжытуға болады:

  • Стрелкалар (← ↑ ↓ →) — символ немесе жол бойымен жылжу.
  • Home — жолдың басына өту.
  • End — жолдың соңына өту.
  • Page Up / Page Down — бір бетке жоғары/төмен жылжу.

Түзету әрекеттері

Мәтінді өңдеу кезінде жиі орындалатын әрекеттер:

  • мәтін фрагменттерін жою;
  • қосу;
  • жылжыту;
  • көшіру;
  • іздеу және алмастыру.

Мәтінді ерекшелеу (таңдау) үшін пернетақтаны да, тышқанды да қолдану ыңғайлы.

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

A деңгейі

  1. 1WordPad мәтіндік редакторын іске қос.
  2. 2Әртүрлі қаріптерді пайдаланып, үлгі бойынша «Информатика» сөзін безендір.

Үлгі

Информатика

Информатика

Информатика

Информатика

Информатика

Ескерту: WordPad-та қаріп түрін, өлшемін және жазылу стилін (жуан, көлбеу) өзгертіп көр.

B деңгейі

  1. 1Мәтінді мұқият оқып шық.
  2. 2Мәтінді WordPad мәтіндік редакторына дәлме-дәл теріп енгіз.

Теру үшін мәтін

МЕН — ДӘРІГЕР

Әже, әже, жатпашы!
Ауыр ойға батпашы!
Болайын мен дәрігер,
Десең: Шипа дәрі бер!

Қажет болса, тапсырманың толық нұсқасын жүктеп алып, мәтіннің пішімделуін (сызықша, бос орын, жол ауыстыру) дәл сақта.