Баланың әлеуметтік ортадағы даму жағдаяттарын екі түрлі бағытта көрсеткен орыс психологы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Мектепке дейінгі педагогика Тобы: 3МДТ Колледж: Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі

Сабақтың тақырыбы

Еңбек тәрбиесі

Сабақ мақсаттары

1) Білім мен кәсіби түсінікті кеңейту

Білім алушылардың мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және ерекшеліктері туралы білімін кеңейту және пысықтау. Мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктерін айқындап, мектепке дейінгі кезеңдегі даму мазмұнын ашу және меңгерту.

2) Ойлау, таным және сөйлеу мәдениетін дамыту

Шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушының ой-өрісін, танымдық қабілеттерін және сөйлеу мәдениетін жетілдіру, тұлғаны жан-жақты әрі үйлесімді дамыту.

3) Құндылықтар мен әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру

Білім алушыларды ұйымшылдыққа, сыйластыққа, тапқырлыққа, өзара жағымды қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу және бұл дағдыларды өмірде тиімді қолдануға бағыттау.

Бағалау және оқу нәтижелері

Бағалау критерийлері

  • Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және ерекшеліктерімен танысады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

  • Білу және түсіну
  • Қолдану
  • Меңгеру

Сөздік қор

Іскерлік Дағды Дербестік

Құндылықтарды дарыту

  • Топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру.
  • Басқа адамдардың пікірін құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

Жалпы психология Мектепке дейінгі педагогика Мектепке дейінгі психология Жас ерекшелік педагогикасы Жас ерекшелік психологиясы Анатомия Физиология

Алдыңғы меңгерілген білім

Педагогикалық жағдаяттар.

Ұйымдастыру кезеңі: «Фишбоун» әдісі

Тақырыпты ашу және ойды жүйелеу мақсатында сұрақ-жауап арқылы бастапқы түсініктер нақтыланады.

Сұрақтар

  1. 1 Ситуация дегеніміз не?
  2. 2 Неміс философы К. Ясперс жағдаяттарды нешеге жіктеді?
  3. 3 «Жағдаят — құндылықтар жиынтығы» деп тұжырымдаған ғалымдар кімдер?
  4. 4 Баланың әлеуметтік ортадағы даму жағдаяттарын екі бағытта сипаттаған орыс психологы кім?

Педагогикалық жағдаяттар (топтық жұмыс)

Төмендегі жағдаяттарды талдап, педагогтың әрекетіне баға беріңіз. Әр топ өз ұсынысын дәлелдеп, мүмкін болатын балама шешімдерді көрсетеді.

1-топ: Қанат және сынған гүл

Жағдаят

Балабақшаға таңертең келген Қанат терезе алдында тұрған гүлді көтеріп, басқа жерге қоюға тырысып, оны құлатып сындырып алды. Ол қобалжып, болған жағдайды тәрбиешіге айтып берді. Тәрбиеші мұқият тыңдап: «Жақсы, Қанат, сен бүлдіріп алсаң да, шынын айтып келдің. Қазір оны екі қызбен бірге ретке келтіреміз» — деді. Содан кейін тәрбиеші басқа балалардың назарын аударып, Қанаттың өз кінәсін мойындағанын атап өтті.

Талқылау сұрақтары

  • Педагогтың тәрбиелік тәсіліне баға беріңіз.
  • Құрбыларының алдында Қанаттың шындықты айтқанын атап өту арқылы тәрбиеші қандай мақсат көздеді?

2-топ: Айгүл және тамақтану дағдысы

Жағдаят

Айгүл балабақшаға небәрі екі күн ғана келді. Тамақтануға отырғанда ол тек компот ішетінін айтты. Тәрбиеші келіседі, бірақ қызға өзі алып келген қуыршағын «тамақтандыруды» ұсынады. Айгүл: «Қуыршағым кеспе ішпейді. Ол да компотты жақсы көреді» — деп жауап берді.

Сұрақ

Педагог қандай әрекет жасауы керек?

Ұсыныстар

  • Айгүлді зорламай, кешке ата-анасымен сөйлесу.
  • Қызықтыру үшін басқа балалардың қалай тамақтанатынын үлгі ету.
  • Ауырып қалмау үшін тамақтанудың маңызын түсіндіру, сенімін қалыптастыру.

3-топ: Маралдың дербестігі

Жағдаят

Үш жасар Марал серуенге шығарда өзі киіне бастады. Бірақ жейдесі мен колготкиін теріс киіп, түзетіп кигенше басқа балалардан қалып қойды.

Не істеу керек?

  • Маралға тез киінуге көмектесу.
  • Өзі киініп болғанша күте тұру.
  • Топта күтушімен қалдыру.
  • Сіздің ұсынысыңыз: уақыт, қауіпсіздік және дербестік тепе-теңдігін сақтайтын шешім ұсыныңыз.

Қорытынды мәлімет

Оқытушының аты-жөні
Хайруллаева А. Б.
Материал
«Еңбек тәрбиесі» (жүктеу)