Көктем аруы қыздар арасында байқау
«Көктем аруы» қыздар арасындағы байқау
Бұл іс-шара — қыз балалардың өнері мен білімін танытып, ұлттық тәлім-тәрбие арқылы әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке баулуға бағытталған мектепішілік байқау.
Мақсаты
- Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
- Қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне сүйене отырып, әдеп пен ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- «Қыз — елдің көркі» (ұлттық киімдегі қыздардың суреттері).
- «Өнер — таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері).
- Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер.
Жүргізуші сөзі
Құрметті аналар, мектебіміздің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
Аяулы аналарымызға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз!
Бүгінгі қыздарымыздың өнері мен білімін бағамдау үшін «Ақ ару» атты байқауымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Жұмағалиева Қ. Т. сөз береміз.
Ендеше, «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Поэтикалық қошемет
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе — елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Қатысушыларды таныстыру (үлгі мәтін)
Төмендегі жолдарда қатысушылардың аты-жөні бос орынмен берілген. Байқау алдында нақты есімдермен толықтырылады.
-
1) ..................... — өнерлі қыз, бойына өнер жиған қыз.
-
2) ..................... — білімді қыз, меңгерген бар ілімді.
-
3) ..................... — елгезек қыз, алады тез тіліңді.
-
4) Ақша бетті ..................... — ұқсайды хор қызына.
-
5) ..................... — үлбіреп, қос жанары мөлдіреп.
-
6) ..................... — бұрымдары желбіреп, қыз шығады.
-
7) Аққу құстай қанат қағып самғаған, адал жолмен арам іске бармаған. Адамдықты жаны сүйген қашаннан, ..................... да қатарынан қалмаған.
-
8) Атыңнан айналайын, ..................... деген. Сенің ісіңе жақсы баға берем. Жеңіс туын тігерсің болашақта, үміті зор осы мектептің саған деген.
-
9) Білімді, оқу озаты — сыныптағы, талай қиын істерді құрықтады. ..................... алдында талай іс тұр, болашақта жандырар үміт отты.
-
10) ... сыныпта оқитын, өрнектеп тоқыма тоқитын, ән айтып, би де билейтін — ..................... өнерлі қызымыз.
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Шалқытып мерекеде ән салайық, өнерпаз өрендерге тамсанайық. Әділдік пен шындықты арқа тұтқан әділқазы алқасымен танысайық.
Айшуақов Мерлан Адилович
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ
Математика–информатика пәндері мұғалімі