Бәйтерек тобының топ басшысы

Тақырыбы: «Күш — білімде»

Мақсаты

Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе жұмыс істей білуге үйрету.

Сабақ туралы

Сабақтың түрі:
Жарыс сабақ.
Әдіс-тәсілдер:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену.
Көрнекіліктер:
Плакатқа салынған суреттер, жазылған сөздер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Ш. Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деген. Еліміздің болашағы — білімді ұрпақ екені даусыз. Сол білімді жастардың қатарын болашақта сендер толықтырасыңдар.

Осы мақсатта бүгін 4 «В» сынып оқушылары арасында «Күш — білімде» атты интеллектуалды сайыс өткіземіз.

Командалар

1-топ

«Бәйтерек» тобы

Әр топ 6 сайыскерден құралған.

6 сайыскер

Топ басшысы

__________________

2-топ

«Қыран» тобы

Әр топ 6 сайыскерден құралған.

6 сайыскер

Топ басшысы

__________________

Сайыскерлердің сәлемі

1-топтың сәлемі

Бастары компьютердей,
Бойлары бәрі бірдей.
Балалықты бірге өткізген,
Қырандарға бір сәлем!

2-топтың сәлемі

Келешекке үмітпен қарар,
Атақ-даңққа бөленер.
Сегіз қырлы ойшылдар,
Бәйтерекке бір сәлем!

Әділқазылар алқасы

  1. __________________
  2. __________________
  3. __________________

Сайыс кезеңдері

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің шартын ойын барысында таныстырып отырамын.

  1. 1-кезең

    «Бәйге»

  2. 2-кезең

    «Өнер алды — қызыл тіл»

  3. 3-кезең

    «7 жұмбақ»

  4. 4-кезең

    «Ұшқыр ой»

  5. 5-кезең

    «Сын сағаты»

Топтардың таныстырылымы

«Бәйтерек» тобы

Біз тобымызды «Бәйтерек» деп атадық және төсбелгімізге Бәйтеректің суретін салдық. Бәйтерек — қазіргі Қазақстанның нышан-символы: қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі. Сондықтан біз «Бәйтерек» атауын таңдадық.

Қазағым, қара орманым, байтақ елім,
Жақсыны да, жаманды да байқап едің.
Асырған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы — бойлап өскен Бәйтерегің!

Нұрсұлтан — ел тірегі, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек.
Қазағым, шаттанатын кезің келді,
Алашқа қорған болар ұл тудым деп.

Танытып терезесі теңдігіңді,
Әлемге әйгіледі елдігіңді.
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,
Сақтай біл ұлан-байтақ кеңдігіңді!

«Қыран» тобы

Біз өз тобымызды «Қыран» деп атадық және төсбелгімізге қыранның суретін салдық. Қыран бүркіт — батылдықтың, мықтылықтың, ерліктің, бостандықтың символы. Қазақ халқы қыран бүркітті пір тұтқан, оны киелі құс деп санаған.

Бұл таныстырылым сайыстың рухын көтеріп, командалардың ортақ мақсатқа жұмылуын айқындайды: білімді бағалау, ойды ұштау, бірлікті нығайту.