Асқар тау шықса алдынан, Піл айырылар арынан

Бенгал мақал-мәтелдері: ойдың тұнығы, сөздің салмағы

Төмендегі мақал-мәтелдер өмірдің мінезін, адамның болмысын және уақыттың өтпелілігін қысқа да нұсқа бейнелейді. Әр сөйлем — жеке бір түйін, әр түйін — тәжірибеден туған тұжырым.

Өмір мен уақыт туралы

Бас тастан берік емес.

Уақыт уысыңда тұрмайды.

Тас су астында жатса да шірімейді.

Тоғай өртенгенімен, түбірі қалады.

Адам мінезі мен қоғам

Тебен болып кіріп, түрен болып шығады.

Молла мешітінен ұзамайды.

Ұстазы мақау, шәкірті саңырау.

Мыңғырған малы бардың мысығы да маңғаз.

Жалғыз ұл — әкесіне әмірші.

Жан тыныштығын жарымес те біледі.

Тәуекел, қауіп және сын

Тентек бала теректің басында ажалға тап болады.

Дәу ағашты дауыл көбірек сілкілейді.

Батпаққа батқан пілді піл ғана шығарады.

Қорыққаннан құмырсқаның илеуіне тығылған.

Асқар тау шықса алдынан, піл айырылар арынан.

Тышқан сорлы соқыр мысық бар дегенге сенбейді.

Ирония мен астар

Әуелі қазы болды, содан соң қажы болды, ақыры алаяқтың өзі болды.

Құда болып барып, күйеу болып қайтқан қу.

Қол қысқалықтан Құдайдың берген мінезі де өзгереді.

Ашыққан не жемейді, ашынған не демейді?!

Бейнелі тіркестер

Аққудың арасындағы аққұтандай.

Ұсақ шабақ үйірімен жүреді.

Бір ауыл төредей күтеді, бір ауыл түбіттей түтеді.

Қылдырықтай құмырсқаның құдықтай аузы-ай!

Алтын сырыққа қонған ала қарға.