Жаңа сабақ Сабақтың әдісі
Сабақ тақырыбы
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ (сайыс-сабақ элементтерімен)
Сабақ әдістері
Сайыс түрлері, ойындар, топтастыру, Венн диаграммасы, тірек-сызбалар, рефлексия.
Көрнекіліктер
Кестелер, суреттер, тірек-сызбалар, «құпия қорапша», бағалау жетондары, қан туралы кітапшалар, слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың ұраны
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.Сабақ басында оқушылардан әдептілік пен мәдениеттілік талап етіледі, екі топқа бөлініп жұмыс жасайды.
Мақсаты
Білімділік
Ағзаның ішкі ортасы және жүрек-қан тамырлар жүйесі бойынша алған білімді тереңдету, негізгі ұғымдарды қалыптастыру және қорытындылау.
Дамытушылық
Белсенділікті арттыру, ойлау қабілеті мен шапшаңдықты дамыту, өз бетімен ізденіп, ойын жинақтап жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік
Ойын элементтері арқылы білімді тәжірибеде қолдануға тәрбиелеу, өмірмен байланыстыру және гигиеналық тәрбие беру.
Сабақтың жоспары
- 1Ұйымдастыру кезеңі
- 2Үй тапсырмасын сұрау
- 3Жаңа сабақты меңгерту
- 4Сергіту сәті
- 5Сәйкестендіру тесті
- 6Қорытынды
- 7Үйге тапсырма
Ұйымдастыру және топқа бөлу
I топ
Салатамыр
II топ
Көктамыр
Ой қозғау (нақылдарды толықтыру)
- Білген адам білімді ... іздейді.
- Оқығысы келген оқушы ... іздейді.
- Оқығысы келмейтін оқушы ... іздейді.
- Табиғаттағының бәрі шындық, бәрі ақиқат, ...
Ескерту: Бұл бөлімде оқушылар өз нұсқаларын ұсынады, жауаптар талқылау арқылы нақтыланады.
«Ыстық бауырсақ» (жедел сұрақ-жауап)
Әр топқа ауызша сұрақтар қойылады. Уақыт шектеулі, жауаптар қысқа әрі нақты болуы керек.
Салатамыр тобына сұрақтар
- Қызыл қан жасушалары қалай аталады?
- Эритроциттің сипаттамасы қандай?
- Эритроциттердің ядросы қандай болады?
- 1 мм³ қанда орташа есеппен қанша эритроцит болады?
- Адамда қанша қан тобы бар?
- Эритроцит қайда түзіледі және тіршілік ұзақтығы қанша?
- Табиғи иммунитет дегеніміз не?
- Эритроциттердің тіршілігі аяқталғанда қайда ыдырайды?
- Гемоглобин дегеніміз не?
- Қанның түсі неліктен қызыл?
Көктамыр тобына сұрақтар
- Лейкоцит дегеніміз не?
- 1 мм³ қанда орташа есеппен қанша лейкоцит болады?
- Лейкоциттер қайда түзіледі және тіршілік ұзақтығы қанша?
- Лейкоциттер қалай қозғалады?
- Фагоцитоз қандай процесс?
- И. И. Мечников кім?
- Лимфоциттер дегеніміз не және олар қайда түзіледі?
- Әмбебап донор дегеніміз не?
- Жүре пайда болған иммунитетті қалай түсінесің?
- Лейкоциттердің негізгі қызметі қандай?
Кіріспе сөз
Құрметті оқушылар! Бүгін біз II тарауды — ағзаның ішкі ортасын (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) және қанайналым жүйесін — аяқтай отырып, алған білімімізді тереңдету және есте сақтау мақсатында қорытынды сабақ өткіземіз.
Қан
«Өмір өзегі». Қансыз тіршілік мүмкін емес: қоректік заттар тасымалданады, оттегі өкпеден бүкіл ағзаға жеткізіледі, қорғаныш антиденелер түзіледі.
Жүрек
Өмір бойы тоқтаусыз жұмыс істейтін «жанды мотор». Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің қызметін қамтамасыз етеді.
Қан тамырлары
Артерия, вена, капилляр — ағзадағы тасымал мен алмасудың негізгі арнасы.
Жаңа сабақ: §33
Тақырып: қанайналым мүшелері, жүрек және қан тамырларының құрылысы. Сабақта жүрек макеті мен сызбалар арқылы түсіндіріледі.
Негізгі тұжырымдар (жүрек)
- Жүрек төрт қуысты.
- Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақша арқылы байланысады.
- Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпақшалар болады.
- Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады: эпикард, миокард, эндокард.
Негізгі тұжырымдар (қан тамырлары)
- Қан тамырлары 3 түрге бөлінеді: артериялар, веналар, капиллярлар.
- Капиллярларда зат алмасу ең белсенді жүреді.
- Артерия қабырғасы қалың әрі серпімді; веналарда қақпақшалар кездеседі.
Талдау тапсырмасы
Екі топқа жүрек құрылысының суреттері беріледі. Оқушылар суреттерді талдап, негізгі бөліктерін атап, қызметін түсіндіреді.
Ойын және бекіту тапсырмалары
1) «Адасқан әріптер»
Сөзді құрастыр және мағынасын түсіндір.
Берілгендер
- МИТУНТИМН
- ЮГАИНЦИЯГЛТА
- ОНОРД
- БОГЕМГОИЛН
- ЗАТМОЕГОС
Жауаптары (түсіндірмесімен)
- Иммунитет — организмнің ауруды қабылдамайтын қасиеті.
- Агглютинация — эритроциттердің бір-бірімен жабысып қалуы.
- Донор — қан беруші адам.
- Гемоглобин — эритроциттегі ерекше нәруыз.
- Гомеостаз — ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау қабілеті.
2) Сергіту сәті
«Көңілді әріптер» жаттығуы: жылдам ойлау мен назарды шоғырландыруға арналған қысқа ойын.
3) Сәйкестендіру тесті (ауызша)
| Термин | Сипаттама |
|---|---|
| Қолқа | Артерияның ең ірісі. |
| Артерия | Қабырғасы қалың, иілгіш, серпімді. |
| Капилляр | Қан мен ұлпа арасында әртүрлі заттардың алмасуы жүретін тамыр. |
| Вена | Бұлшық ет және созылғыш талшықтары аз (артериямен салыстырғанда). |
4) «Сандарды сөйлетейік»
Оқушылар берілген сандардың нені білдіретінін қысқаша жазады және түсіндіреді.
5) Жұмбақ (екі топқа)
Салатамыр тобына
Диаметрі 7–10 мкм, екі беті ойыс диск тәрізді. Мұндай пішін бетінің ауданын шамамен 1,5 есе ұлғайтып, газ алмасуды тиімді етеді. Жетілгендерінде ядро болмайды. Адам организмінде орташа есеппен 25 триллион болады. Бір қатарға тізсе, ұзындығы 175 мың км-ге жетіп, Жер шарын 4 рет айналып шығуға болады.
Жауабы: эритроцит
Көктамыр тобына
Ядросы бар және белсенді қозғалады. Дені сау адамның 1 мм³ қанында шамамен 6–8 мың болады; тәуліктік ырғаққа және организм күйіне байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік ұзақтығы 2–4 күн, кейде бірнеше жылға созылады. Амеба тәрізді жалған аяқтарын шығарып қозғалады. Организмді ауру тудыратын бактериялар мен бөгде заттардан қорғайды.
Жауабы: лейкоцит
6) Семантикалық карта
Берілген тұжырымдарды қан тамырларының түрлерімен сәйкестендір: A) артерия, Ә) вена, Б) қылтамыр.
| № | Тұжырым | Кілт (A/Ә/Б) |
|---|---|---|
| 1 | Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды. | — |
| 2 | Қан қысымы шамалы. | — |
| 3 | Дененің барлық мүшелеріне таралады. | — |
| 4 | Қан қысымы жоғары. | — |
| 5 | Адам шашынан 50 есе жіңішке. | — |
| 6 | Қабырғасы қалың әрі серпімді. | — |
| 7 | Қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы оңай өтеді. | — |
| 8 | Ұсақ майда қантамырлар. | — |
| 9 | Қақпақшалар түзіледі. | — |
| 10 | Көпшілігі тереңде, бұлшықеттердің арасында жатады. | — |
7) Сынақ (екі топқа бірдей)
Оқушылар парақшадағы дұрыс жауаптарды тез белгілейді.
-
II топтағы қанды құюға болады:
a) тек I топқа в) II, IV топтарға с) II, III топтарға д) III, IV топтарға е) I, IV топтарға
-
Артерия қан тамыры:
a) тек қана артерия қанын жеткізеді в) тек қана вена қанын жеткізеді с) қанды мүшелерден жүрекке жеткізеді д) жүректен шығатын қанды мүшелерге жеткізеді
-
Эритроциттің бұзылуы жүреді:
a) көкбауырда в) сүйектің қызыл кемігінде с) лимфа түйіндерінде д) ұйқы бездерінде е) сүйектің сары кемігінде
-
Қаназдық кезінде оттегінің гемоглобинмен байланысы төмендеуі көбіне қай дәруменнің жетіспеуінен байқалады?
a) B3 в) B2 с) B6 д) B12 е) C
-
Лейкоциттердің негізгі қызметі:
a) қоректік в) тыныс алу с) тасымалдау д) қан ұюға қатысу е) қорғаныш
-
Жарадан аққан ірің — ол:
a) клеткааралық заттар в) ұлпа сұйықтығы с) өлген лейкоциттер, ұлпалар, жасушалар д) өлген эритроциттер, ұлпалар е) өлген тромбоциттер, ұлпалар, жасушалар
-
Иммунитет түріне жатпайды:
a) туа біткен в) жүре пайда болған с) табиғи д) жасанды е) бейтарап
-
Организмнің антидене жасау қабілеті қалыптастыратын қасиет:
a) тромб түзілуден сақтауды в) ішкі ортаның тұрақтылығын с) иммунитетті д) фибриногеннің фибринге айналуын е) протромбиннің тромбинге айналуын
-
Лимфа қанайналым жүйесіне келіп құяды:
a) артерия арқылы оң жақ жүрекшеге в) вена арқылы оң жақ жүрекшеге с) артерия арқылы сол жақ жүрекшеге д) вена арқылы сол жақ жүрекшеге е) капилляр арқылы оң жақ жүрекшеге
-
Бөгде жасушаларды тану және жоюға жауап беретін лейкоциттер:
a) T-лимфоциттер в) B-лимфоциттер с) базофильдер д) эозинофильдер е) нейтрофильдер
Жауап кілті
8) «Білгенің дұрыс»
Бұл бөлімде қан туралы ғылыми жаңалық ашқан ғалымдар жайлы қысқаша мәлімет беріледі және негізгі идеялар талқыланады.
9) «Құпия сандар» (ауызша)
Әр санның биологиялық мағынасын түсіндір.
10) «Терминдерді терейік»
Оқушылар төмендегі терминдерге қысқа анықтама береді.
- Гомеостаз — ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау.
- Донор — қан беруші.
- Реципиент — қан қабылдаушы.
- Гемоглобин — эритроциттегі оттегін байланыстыратын нәруыз.
- Фагоциттер — бөгде бөлшектерді «жұтып» жоятын жасушалар.
- Агглютинация — эритроциттердің жабысып қалуы.
11) «Сөз термек»
«Биология» сөзінің әр әрпінен биологиялық терминдер құрастыр.
- Б — бактерия, бентос, биосфера, биосинтез
- И — иммунитет, изогамия, идиоадаптация
- О — овогенез, овуляция, организм, органогенез, онтогенез
- Л — лактоза, ландшафт, лейкоциттер, лимфа
- О — оогамия, органоид, орнитология, озон
- Г — гамета, гаплоид, генетика, гельминтология, гетерозис
- И — инфузория, инфаркт, инсульт, инсулин
- Я — ядро, ядрошық, ядро шырыны, ядро қабықшасы
12) Венн диаграммасы
«Салатамыр» және «Көктамыр» ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы салыстыр.
Салатамыр
Негізгі белгілерін жазыңыз
Ортақ
Ұқсастықтарын жазыңыз
Көктамыр
Негізгі белгілерін жазыңыз
Қорытынды және үй тапсырмасы
Үйге тапсырма
§33. Қанайналым мүшелері. Жүректің құрылысы, жұмысы, реттелуі.
Бағалау
Сайыс тапсырмалары бойынша жинаған жетондар мен белсенділік ескеріледі.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Қабанбай мектебі
Биология-география пәндерінің мұғалімі: Нақыпбеков Әбілхайыр