Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы қанша

Пән: Физика (9-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс.

Сілтеме

9-сынып оқулығы, интернет материалдары.

Жалпы мақсаты

  1. 1 Дыбыс туралы ұғым қалыптастыру және оның негізгі сипаттамаларымен таныстыру.
  2. 2 Толқындардың негізгі ерекшеліктері туралы білімді дамыту.
  3. 3 Дыбыстың қасиеттерін техникада және тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.

Түйінді идея

Топпен жұмыс барысында дыбыстың негізгі ерекшеліктері мен сипаттамаларына мысалдар келтіріп, оларды талдай білу.

Сын тұрғысынан ойлау Зерттеушілік әңгіме

Күтілетін нәтиже

  • Дыбысқа қандай толқындар жататынын біледі.
  • Дыбыстың инфрадыбыстар мен ультрадыбыстардан айырмашылығын түсіндіреді.
  • Толқындарға тән қасиеттерді дыбыс құбылыстарына қолдана алады.
  • Дыбыстың сипаттамаларын ерекшеліктеріне қарай ажыратады.
  • Дыбыстың, соның ішінде инфрадыбыс пен ультрадыбыстың қолданылу аясын жинақтап, түсіндіре алады.
  • Механикалық толқындарды жиілігі мен толқын ұзындығына қарай бағалай біледі.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру (1–2 минут)

  • Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
  • Топқа бөлу: «Ұқсасыңды тап» әдісі.

II. Қызығушылықты ояту (3–5 минут)

Сұрақ: Дыбыстың қандай сипаттамаларын білесіңдер?

(Слайд арқылы дыбыс сипаттамалары еске түсіріледі.)

Білу кезеңі: «Иә/Жоқ» форматындағы физикалық диктант.

Физикалық диктант (Иә/Жоқ)

Төмендегі тұжырымдарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңдер.

1

Дыбыс — есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.

Жауап: иә

2

Жиілігі 20 Гц-тен жоғары толқындарды адам құлағы естиді.

Жауап: иә

3

Найзағай — табиғи дыбыс көзі.

Жауап: иә

4

Акустика — дыбысты зерттейтін физика бөлімі.

Жауап: иә

5

Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.

Жауап: жоқ

6

Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.

Жауап: иә

7

Ауадағы дыбыс жылдамдығы 230 м/с.

Жауап: жоқ

8

Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі — бел.

Жауап: иә

Тест тапсырмалары

Әр сұраққа дұрыс жауапты таңдаңдар.

1) Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?

  • A) Инфрадыбыстар
  • Б) Акустикалық дыбыстар
  • C) Ультрадыбыстар
  • Д) Толқындық дыбыстар

Дұрыс жауабы: A

2) Адам есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының ең жоғары жиілігі қандай?

  • A) 20 000 Гц
  • Б) 200 000 Гц
  • C) 200 Гц
  • Д) 2 Гц

Дұрыс жауабы: A

3) Жиілігі 510 Гц дыбыс көзі ауада 340 м/с жылдамдықпен толқын таратса, толқын ұзындығы қандай?

  • A) 4,55 м
  • Б) 4,5 м
  • C) 5 м
  • Д) 4,35 м

Дұрыс жауабы: Д

4) Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?

  • A) Тонның биіктігіне
  • Б) Тербеліс амплитудасына
  • C) Тербеліс жиілігіне
  • Д) Таралу жылдамдығына

Дұрыс жауабы: Б

5) Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?

  • A) Метр
  • Б) Герц
  • C) Метр/секунд
  • Д) Децибел

Дұрыс жауабы: Д

6) Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы қанша?

  • A) 340 м/с
  • Б) 50 м/с
  • C) 1480 м/с
  • Д) 5600 м/с

Дұрыс жауабы: A

7) Адам дауысына немесе аспап үніне өзіндік бояу беретін дыбыс сапасы қалай аталады?

  • A) Тон
  • Б) Шу
  • C) Тембр
  • Д) Музыкалық дыбыс

Дұрыс жауабы: C