Лепті сөйлем Тыныс белгілері әңгімесі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Лепті сөйлем туралы түсінік қалыптастыру.
- Өткен тақырыптар бойынша білімін анықтау.
Дамытушылық
- Тиімді әдіс-тәсілдер мен жұмыс формаларын қолдану.
- Байланыстыра сөйлеу және жазу дағдысын дамыту.
- Тыныс белгілерін дұрыс қоюға дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Таза жазуға және әдептілікке тәрбиелеу.
- Жағымпаз қылықтан аулақ болуға баулу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, топтарға бөлу, сабақ мақсатын қысқаша таныстыру.
2) Үй жұмысын тексеру
Өткен тақырыптар бойынша білімін сұрақ-жауап арқылы пысықтау.
3) Қызығушылықты ояту: «Әріпті сөйлет» ойыны
1-топ
«Шана» сөзін құрайды
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем неше тиянақты ойды білдіреді?
2-топ
«Аяз» сөзін құрайды
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
3-топ
«Қар» сөзін құрайды
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- Қандай тыныс белгісі қойылады?
Ойын арқылы өткен материал еске түсіріліп, жаңа тақырыпқа өтуге көпір құрылады.
Жаңа сабақ: ребус және өлеңмен жұмыс
Ребус шешімі
Ребус арқылы бүгінгі тақырып анықталады: лепті сөйлем.
Сөйлем түрлері
- Хабарлы сөйлем
- Сұраулы сөйлем
- Лепті сөйлем
М. Әлімбаев «Кім жомарт? Не жомарт?»
— Кім жомарт?
— Батыр жомарт, халық үшін жанын берген!
— Кім жомарт?
— Ұстаз жомарт, бар балаға тәлім берген!
— Не жомарт?
— Жер жомарт, адамзатты асыраған!
— Не жомарт?
— Күн жомарт, жерге нұрын шашыраған!
Талқылау сұрақтары
«Жомарт» сөзін қалай түсінесіңдер?
Жомарттық — ешкімге жақсылығын аямайтын кеңпейілділік.
Жомарттыққа тағы кімдерді жатқызуға болады?
- Ана — балаларын әлдилейтін мейірімімен жомарт.
- Дәрігер — ауырғанды емдейтін еңбегімен жомарт.
Өлеңнен лепті сөйлемдерді тауып, неге лепті сөйлем екенін дәлелдеңдер.
Түсіндіру: лепті сөйлем және тыныс белгісі
Лепті сөйлем — адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөйлем. Ол көбіне көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылады.
Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.
Қысқа мәтін: «Сиқырлы сандық»
Ертеде бір бай өмір сүріпті. Ол өте дәулетті, дүниеқоңыз екен. Оның сиқырлы сандығы болыпты. Бір күні ол: «Осы байлықтың бәрін не істеймін?» деп ойланыпты. Сөйтіп, байлығын білім алып жатқан балаларға беруді шешіпті.
Топтық тапсырмалар
1-топ: хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыру
Бастапқы сөйлем
Ауылдан атам келді.
Лепті сөйлем
Алақай, ауылдан атам келді!
Бастапқы сөйлем
Даланың ауасы таза.
Лепті сөйлем
Даланың ауасы қандай таза!
Бастапқы сөйлем
Демалысқа шықтық.
Лепті сөйлем
Ура, демалысқа шықтық!
2-топ: сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құрастыру
-
1-сөйлем
Тамаша, күн, бүгін, қандай.
-
2-сөйлем
Орманда, аю, өмір, сүреді.
-
3-сөйлем
Кітапханаға, барасың ба, сен?
3-топ: сурет бойынша әңгіме құрастыру
Суретке қарап шағын әңгіме құраңдар. Әңгімеде кемінде бір лепті сөйлем болсын.
«Сиқырлы сандық» жауаптары
1-жауап
«Рахмет. Білімдерің көп болса, достарың да көп болады».
Тапсырма
- 1-топ: хабарлы сөйлем.
- 2-топ: сұраулы сөйлем.
- 3-топ: лепті сөйлем.
2-жауап
«Жарайсыңдар! Білімді іздей берсең, толып көбейеді. Ал дүниені жарата берсең, азайып құриды».
Сұрақ: лепті сөйлем қандай көңіл-күйде айтылады?
Бекіту, қорытынды және үй тапсырмасы
Сабақты бекіту
Сөзжұмбақ арқылы жаңа ұғымдарды бекіту.
Қорытынды
Бағалау, мадақтау, кері байланыс алу.
Үйге тапсырма
Газет-журналдан лепті сөйлемдер тауып, дәптерге көшіріп келу.