Бүгін қазанның нешесі

Сынып: 2

Пән

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Үй құстары

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес сабақ (журнал-сабақ)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Үй құстары туралы толық мәлімет беру.
  • Өлеңді шапшаң әрі мәнерлеп оқуға төселдіру.
  • Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажыратуға үйрету.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Сөйлеу тілін және ой-өрісін дамыту.
  • Берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету.
  • Тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.
  • Танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

  • Үй құстарының пайдасын түсіндіру.
  • Құстарды аялауға, қорғауға баулу.

Сабақтың мазмұны

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Сұрақ-жауап Мәнерлеп оқу Ойын Әңгімелесу

Көрнекіліктер

  • «Үй құстары» журналы
  • Суреттер
  • Бағалау кестесі
  • Сөзжұмбақ
  • Слайдтар және қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс

  • Математика
  • Орыс тілі
  • Ән-күй

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сабаққа дайындық және оқу әрекетін шоғырландыру.

Қадамдар

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.
  3. 3 Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен оқулықтардың толық болуын қадағалау.

Тіл дамыту сұрақтары

  • Бүгін қазанның нешесі?
  • Аптаның нешінші күні?
  • Аптаның төртінші күні қалай аталады?
  • Қазір нешінші сабақ?
  • Қазақ тілі сабағында біз не істейміз?

Балалар, ендеше бүгін бізге қонаққа Қазақ тілі оқулығы келді.