Бүгін бізге көп қонақтар отыр қалай ойлайсыздар басқа ауылдан келген қонақтар қандай көлік түрлерімен келді деп ойлайсыңдар

Сабақ туралы қысқаша

Бұл сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі». Пәні: Сауат ашу, сыныбы: 1-сынып.

Негізгі идея

Оқушылар ұлттық ойындар туралы әңгімелей отырып, «В» дыбысы мен әрпін сөздер арқылы меңгереді, тыңдалған материал бойынша пікір білдіреді және дұрыс айту дағдыларын бекітеді.

Оқу мақсаттары

  • 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
  • 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
  • 1.9 Сөздерді және дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту.

Сабақ мақсаттары

Барлығы

Жаңа білімді меңгереді.

Көбі

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі

Алған білімін өмірде қолдана алады.

Тілдік бағыт және бағалау

Тілдік мақсат

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақ қоя білу.

Тілдік құзыреттілік: Ойын — игра.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталайды.
  • Нақты сөйлеу арқылы тапсырманы түсінгенін көрсетеді.
  • Дыбыстарды ажыратады, буындап және тұтас оқиды.
  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қояды.

Құндылықтар

Бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі.

АКТ

Аудиожазба, таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: «Ертеңгілік шеңбері»

Қол алысып, қане, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу!

Мұғалім оқушыларға қол ұстасып, алақан арқылы жүректің жылуын сезінудің маңызын түсіндіреді. Сыныпта қонақтардың отырғанын айтып, балалардан: «Қонақтар басқа ауылдан қандай көлік түрлерімен келуі мүмкін?» деп сұрайды. Оқушылар көлік түрлерін атайды.

Назар аударатын тұс: «Автобус» сөзінде таныс «В» дыбысы бар. Бүгінгі жаңа әріп — В.

Оқушылар «В» дыбысы бар сөздер арқылы топқа бөлінеді: I топ — «Тікұшақтар», II топ — «Пойыздар», III топ — «Автобустар».

Мұғалім көшпелі ата-бабамыз пайдаланған және қазір де қолданыстағы көлік — жылқы туралы еске салады. «Жылқыға қатысты қандай ойын түрлерін білесіңдер?» деген сұрақ арқылы ұлттық ойындар тақырыбына өтеді.

Ұлттық ойындар — ата-бабамыздан мирас болып қалған құндылық.

Сабақтың ортасы

8 минут

№1 тапсырма (қолдану)

Ұлттық ойындардың суретін салу және қорғау.

Негізгі сөз: ойынигра.

Бағалау: «Асық» арқылы бағалау.

Сергіту сәті

1 минут — «Ұшты-ұшты» ойыны.

Сабақтың соңы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут.

№2 тапсырма (жинақтау) — оқылым

«Пойыз вагонына» сөздер жинақтау: әр топ 2–3–4 буынды сөздер жазады.

Мысал сөздер: трамвай, вагон, вагондар, автобус, велосипед, автобустар.

№3 тапсырма (бағалау)

Тікұшақтың суретін салу.

Бағалау түрлері: өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, критерий арқылы бағалау.

Критерийлер (әрқайсысы — 1 балл)

  • Ұшақ аспанда бейнеленсе.
  • Терезесі болса.
  • Терезеден ұшқыш көрінсе.
  • Сурет әдемі, ұқыпты орындалса.
  • Аспанда бұлт болса.