Мазмұнымен таныстыру

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

№10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Даулешова Ақнұр Баяновна

Сабақ тақырыбы: «Бала Абай»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе». — С. Торайғыров

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Мәтін мазмұнымен таныстыру, Абайдың балалық шағы туралы мағлұмат беру. Жүйелі сөйлеуге, өз ойына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

2) Дамытушылық

Дамыта оқыту арқылы оқушылардың логикалық ойлау дағдысын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік

Абай өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Көрнекілік

  • А. Құнанбайұлының портреті
  • М. Әуезовтің портреті
  • Сөзжұмбақ сызбалары

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1 Ғафу Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін сұрау.
  2. 2 Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар:
  • А)Алғаш қоңырау соғып, мектеп ашқан кім?
  • Ә)«Қазақ даласына білім келді» дегенді қалай түсінесің?
  • Б)Ы. Алтынсариннің қандай әңгіме, өлеңдерін білесің?

III. Оқушы білімін тексеру

Тест сұрақтары:

1) Абылайдың шын аты

  • A) Сабалақ
  • B) Әбілмансұр
  • C) Бөгенбай

2) Батырлар туралы өлең жазған жырау

  • A) Бұқар
  • B) Ақтамберді

3) «Көксерек» әңгімесінің авторы

  • A) М. Әуезов
  • B) М. Дулатов
  • C) Ж. Жабаев

4) Қазақ ханы

  • A) Қабанбай
  • B) Бөгенбай
  • C) Абылай

IV. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Жұмыс форматы

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

Мақсатқа бағыт

Жауаптарды талқылау арқылы тіл дамыту және логикалық ойлауды белсендіру.

Сөзжұмбақ сұрақтары (жұмбақтар)

1) Дөңгеленіп өседі, желмен бірге көшеді.

Жауабы: Қаңбақ

2) Аяғы жоқ, алыстан келеді, өзіңе сәлем береді.

Жауабы: Хат

3) Бұлаңдаған құйрығы, бір айлалы қылығы.

Жауабы: Түлкі

4) Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.

Жауабы: Қар

5) Шымшып алады қолсыз, сырғанақ жоқ онсыз.

Жауабы: Аяз

6) Сырты қатты, іші тәтті.

Жауабы: Қарбыз

7) Қарап тұрсаң өзіңе, сурет түсер өзіңе. Сол сурет ұқсайды дәл қазіргі өзіңе.

Жауабы: Айна

8) Орақ болып тұрады, табақ болып тұрады. Көк аспан — оның тұрағы.

Жауабы: Ай

V. Жаңа сабақ

1) Ой қозғау: М. Әуезов туралы бастапқы білім

жазушы Семей өңірі «Көксерек» атасы — Әуез Абай ауылы

2) Кіріспе әңгіме

Мұхтар Әуезов — қазақтың ұлы жазушысы. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауылында туған. Жас кезінде ұлы Абайды көріп, батасын алған. Атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің тәрбиесінде өседі. Алдымен молдадан хат танып, кейін Семей, Ташкент және Санкт-Петербург қалаларында білім алады. Балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Бастауыш сыныптан бері оның шығармаларымен таныссыңдар.

3) Мәтінмен жұмыс

  • Мәтін мазмұнымен танысу.
  • Мәтінді кезекпен жалғастыра оқу.
  • Мәтінді үш бөлікке бөліп, әр бөлікке ат қою.

4) Сөздік жұмыс

«Елтіп тыңдады» тіркесінің мағынасын түсіндіру (қызыға, ынтамен, бар зейінімен тыңдау).

VI. Түсінгенін тексеру (сұрақ-жауап)

1) Абай неге үйден көп шықпайтын болды?
2) Абайға кімдер әңгіме айтатын?
3) Абайдың үйіне кімдер келді?
4) Барлас ақын Абайға неліктен ұнады?
5) Қонақтарды Абай неліктен жібергісі келмеді?
6) Барлас ақын Абайдың зеректігін қалай бағалады?

VII. Қорытындылау

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін кім туралы оқып білдік?
  • «Бала Абай» әңгімесінің авторы кім?

Ой түйін

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», — деген.

«Бала Абай» бейнесіне мінездеме

13 жаста зерек ойлы ұғымтал әңгімешіл атқа мінуге бейім бойы өскен қол-аяғы ұзарған

VIII. Үй тапсырмасы

М. Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесін оқу. Мазмұнын айтуға дайындалып келу.

Сабақтың мақсаты
Сабақ барысы
Жаңа сабақ
Қорытынды
Үй тапсырмасы